Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Адам мінезімен танылады

26 ақпан 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Өзін өзі тану
Өзін - өзі тану пәні 5 сынып
Адам мінезімен танылады

Мақсаты: Адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік беру.
Міндеттері:
- Жақсы-жаман мінез - құлықты ажырата білуге үйрету;
- Оқушылардың бойында жақсы мінез - құлық дамытуға ықпал ету;
- Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.

Шаттық шеңбері
Мұғалім оқушылармен амандасқаннан кейін олардың көңіл күйлерін көтеріп, сабақта көңілді орта құру мақсатында «Балалығым – бал дәуренім» әнін айтуды ұсынады.
Балалығым – бал дәуренім
Сөзі А. Айтбайдікі
Әні Қ. Сақайдікі

Әңгімелесу
Адам өмірі – іс - әрекеттер тізбегінен, басқалардың әрекеттерін қабылдаудан және оларға деген түрлі көз - қарастардан тұрады. Кез келген әрекетті дұрыс түсініп, қабылдай білу әркімнің қолынан келмейді. Алайда адамның өзін осы қабілетке баулып, тәрбиелеуге мүмкіндігі мол. Оқулықтағы «Ойланайық, пікірлесейік» айдарымен берілген сұрақтар мінез - құлықтың адамның қарым - қатынас жасауында алатын орны, адамның өз мінезін өзгерте алатындығы, оның үнемі өзіне - өзі сын көзбен қарай отырып, өзін - өзі тәрбиелеуі жөніндегі тақырып айналасында жүргізіледі.
1. Мінез дегеніміз не?
2. Адамның мінезі қайда және қалай танылады?
3. Мінез - құлық адамдардың қарым - қатынасына әсер ете ме?
4. Адам өз мінезін өзгерте ала ма? Қалай?

Дәйексөз
Оқушылардың мінез - құлық туралы ойларын түйіндеу мақсатында оқулықта мінез туралы нақыл сөз берілген.
Мұғалім оқушылардың мәтінді оқығаннан кейінгі ойын толық тыңдап алған соң, олардың пікірлерін басшылыққа ала отырып, дәйексөзбен қорытынды жасайды.
Мұғалім көрнекті қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедұлының: «Жақсы мінез – бүкіл өміріңнің сарқылмас байлығы» деген нақыл сөзінен түрлі қабілеттер және мүмкіндіктермен қоса, жақсы мінез де адамның өмір жолын, тағдырын белгілеуге үлкен әсер ететінін оқушыларға түсіндіреді.

Мәтінмен жұмыс
Жаңа сабақтың мазмұнын аша түсу үшін және адамдар арасындағы қарым - қатынаста мінез құлықтың орнын түсіндіру мақсатында оқушыларға Б. Тұрсынбаевтың «Әлім мен Жанар» әңгімесін оқу тапсырылады.
Әлім мен Жанар
Б. Тұрсынбаев

Жаңа ақпарат
Оқушылардың мәтін арқылы түйген ойлары оқулықтағы жаңа ақпаратпен толыға түседі. Оқулықта адамның мінез-құлқына қатысты негізгі тұжырымдамалар берілген:
«Адамның мінезі оның басқа адамдарға, қоршаған ортаға деген қарым - қатынасынан, іс - әрекеттерінен байқалады.
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болу керек.
Әр адам өз бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, өз мінезін жетілдіре алады».
Адамның қасиеттері өзінің жеке бойына тән болса, мінез міндетті түрде қарым - қатынас барысында айқындалады. Оқушылардың жауаптарын пайымдай келе мұғалім: Адам өз мінезін дұрыс қалыптастыру үшін не істеуге болады? Мінезді қалай шынықтыру керек? – деген сияқты сұрақтар қойып, оқушылардың ойларын тыңдай. Осы жерде мұғалім сыныптағы мінез өте жақсы оқушыларға тоқтала кетіп, олардың басқаға үлгі болып, барлық оқушымен жақсы қарым - қатынас жасауы – олардың мінездерінің жайлы да жағымды болғанынан деген қорытынды жасап кетуіне болады.

Дәптермен жұмыс
Дәптерде берілген криптограмманы шешіп, «Өзін - өзі тану» туралы Сократтың нақыл сөзіне пайымдау жасау тапсырылады.
Жүректен жүрекке
Мұғалім оқушыларға шеңбер бойымен тұрып, бір - бірінің жақсы қасиеттерін тізбекпен (оң жақтан бастап өзінен кейінгі балаға) айтып шығуды тапсырады. Мұғалім шеңберге тұрады да, өзі бастап үлгі көрсетеді.
17 608
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Адам өзін - өзі тәрбиелеу үшін өзінің мінез - құлқын танып, өзіне сыни көзбен қарай алатындай қабілетке ие болуы керектігін біледі.
Мінез - адам көрсеткіші
Мінез - адам көрсеткіші
Оқушылардың мінез - құлық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Жақсы, жаман мінез - құлықты ажырата білуге үйрету; Оқушылардың бойында жақсы мінез - құлық дамытуға ықпал ету; Өзін құрметтеу, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу
Ғаламшар ғажаптары
Ғаламшар ғажаптары
Өзін өзі тану пәні мұғалімі Мустафина Гульмира Куанышевна
Адам мінезімен танылады
Адам мінезімен танылады
Ақмола облысы, Целиноград ауданы, №10 орта мектебінің Өзін өзі тану пәні мұғалімі Есбосынова Айнаш
Мінез-көңіл айнасы
Мінез-көңіл айнасы
Байқоңыр қаласы, №2 К. Э. Циалковский атындағы жалпы білім беретін мектептің I санатты бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Алмагуль Байдуллаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×