Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейбіт күн жасасын әлемде… 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара.

03 тамыз 2019, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Бейбіт күн жасасын әлемде… 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара.

Мақсаты: Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты елжанды – ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.

Жүргізуші: 9 - мамыр Жеңіс күні – бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын желбіреткен, Ұлы Отан соғысының ардагерлері үшін ерекше мейрам.

Құрметті ата - аналар, балабақша ұжымы және балалар! Бүгін 9 - мамыр Жеңіс күні мерекесі құтты болсын. Биыл міне осы соғыстың аяқталғанына да 69 жыл болса да, соғыс оты шарпыған жараның аузы енді жазылған секілді. Біздің бейбіт өмір сүруіміз үшін жанын қиған, ерлікпен қаза тапқан ата - әжелеріміздің есімін ешуақытта ұмытпауымыз керек. Жеңіс күні құтты болсын. Күндіз күлкі, түнде ұйқымыз тыныш болсын деген тілекпен бүгінгі «Балдәурен» балабақшасының бүлдіршіндерінің дайындаған шағын мерекелік бағдарламасын қабыл алыңыздар!

Сөз «Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі Үсенова Шынар Бейсенбайқызына беріледі.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізуші:
Аз емес зар жылаған, егілген жан,
Аз емес өшкен өмір, төгілген қан.
Кеудеге зілді қасірет салды соғыс,
Қирады талай арман көңілге алған.

Нұрсая:
Ойлап - ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
— Қуанышты мереке —
Жеңіс күні қай күн? — деп.

Жанболат:
Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.
Тосты бәрі құлағын:
— Дұрыс, — десті, — сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де —
Жеңіс күні, шырағым!

Маржан:
Тоғызыншы мамырда,
Гүл қоям алау - қабырға!
Еске алып атамды.
Үн қосамын дабырға.

Айнияз:
Жеңіс деген - жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны,
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

Ән: «Жау - жау жаңбыр»

Жүргізуші: Ұлы Отан соғысына қатысқан Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Маметова, Әлия Молдағұлова, Мәлік Ғабдуллин, Талғат Бигелдинов және т. б жерлестеріміз аз емес. «Ешкім де ұмытылған жоқ, еш нәрсе де ұмыт қалған жоқ». Бұл сөздер мереке кезінде жиі естіледі. Ерлікпен қаза тапқан ерлердің ескерткіштерінде бұл сөздер таспен қашалып, ойылып жазылған. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан аталарымыз бен апаларымыздың рухына құрметпен бас иеміз.

Ақсұлтан:
Үйлер де құламайды,
Ешкім де жыламайды.
Бейбітшілік болса,
Балалар болады аман,
Аналар болады аман,
Бейбітшілік болса.

Нұрасыл:
Тастар көкке атылды,
Орман шулап, тау құлап…
Жиырма сегіз батырды
Жеңе алмады жау бірақ…

Әнел:
Жамылды жер тұманды,
Өрт ішінде қалды бақ.
Жиырма сегіз қыранды
Жеңе алмады жау бірақ.

Алау:
Оқ астында зулаған
Туған жермен бір болып.
Жау алдында тұрды олар,
Жиырма сегіз мың болып.

Бексұлтан:
Жау жеңілді ақыры,
Атты бейбіт таң күліп.
Жиырма сегіз батырды
Ұмытпайды ел мәңгілік.
«Балапан» тобының бүлдіршіндерінің мерекеге арналған өлең - тақпақтарын қабал алыңыздар.

Мирас:
Барлық елдің бөбегі,
Бір - біріне туысқан.
Бәрімізге төгеді,
Өз шуағын күміс таң.

Мейірім:
Отан - сенің ата - анаң,
Отан - досың бауырың.
Отан - өлкең Астанаң,
Отан - аудан, ауылың.

Рабия:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік - байлық, ырыс - құт.
Жарқырасын күніміз,
Жаса - жаса тыныштық.

Сезім:
Занман жаңа, ел жаңа
Күлімдейді кең дала.
Өз Астанам, Өз ордам
Сүйенерім сен ғана.

Мадина:
Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу - ақ
Ол - біздің Қазақстан!

Серікбол:
Егінді тың жеріміз,
Еркін қазақ еліміз.
Құрметтейміз достықты,
Досқа дайын төріміз.

Би: «Орыс биі КАТЮША»

Жүргізуші: Бақыт сыйлап жатады әр күн,
Санамызға жарық берген.
Әкелері аталардың
Бұл Жеңісті алып келген.
Қуантамыз ән сап жұртты,
Келе берсін бақыт таңы.
Жеңіс күнің болсын құтты,

Батырлардың ұрпақтары - деп келесі кезекте «Айгөлек» ортаңғы тобының ұлдарының орындауында «Солдат болам мен ертең» атты әнін қабыл алыңыздар!

Әзиз:
Әлия, Мәншүк апамыз,
Бауыржандай атамыз.
Фашистерден Отанды
Қорғап батыр атанды

Самал:
Әлияны бұл күнде
Барлық бала біледі.
Әлия аты - көңілде,
Әпкеміз деп жүреді.

Би: « Ақ көгершін» биі
Бейбіт күн жасасын әлемде… 9 мамыр Жеңіс күніне арналған мерекелік іс - шара. жүктеу
2 184
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Жеңіс туы желбіре!
Жеңіс туы желбіре!
Ұлы Отан соғысымен, Қазақстандықтардың ерлік істерімен, таныстырып, ой өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Ұлы Жеңіске 70 жыл
Ұлы Жеңіске 70 жыл
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
9 мамыр Ұлы Жеңіс мерекесі
1 жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Құрметті аудан тұрғындары! Отан алдындағы борышын ақтап, қанды қырған соғысты тұншықтырып, ұрпағына бақыт әкелген ардагерлерімізге мың алғыс деп, Ұлы Жеңістің 78 жылдық мерекесіне арналған салтанатты
Жеңіске жеткен ұлы күн
Жеңіске жеткен ұлы күн
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Накеева Ақмарал
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Біз жеңістің ұрпақтарымыз
Бастауыш сынып мұғалімі: Гулшат Акимова
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×