Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


25 Қазан - Республика күні тақпақ

15 қазан 2025, Сәрсенбі
Категориясы: Сценарий
Жақсылар жанын қиды қасіретпен, 
Алаштың ерлері бар асыл өткен. 
Арманым болмас еді-ау туған елім, 
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім, 
Бабалар өнегесін алып келдім. 
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам, 
Мына жалған өмірге неғып келдім? 

Рухынан жақсылардың нұр саулаған, 
Жанымды мейірімі құрсаулаған. 
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан, 
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған! 

Нұрына шомылдырып алтын күннің, 
Республикам ертеңге талпындырдың. 
Өзінен шабыт алып ақын қиял, 
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін. 

Егемен елім десем, сенім кіріп, 
Бойымды билеп кетер сенімділік. 
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан, 
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп. 

Жарқырап жанған күндей азаттығы, 
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы. 
Республика күнімен құттықтаймын, 
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!

Сүйесің ғой даланы,
Гүл жайнаған алабын
Білесің бе сен бірақ,
Қазақстан жалауын.

Алматы - бас қала
 Астана – жас қалам
 Бірі ай, бірі күн
 Өзім мен мақтанам.

Тура мойын бұрамыз
Ел таңба деп тұрамыз
Ән ұран деп асқақтар
Біздің елдің рәмізі.

Туған жерді сүю парыз.
Сүю үшін білу – парыз,
Қасиетті білу - парыз.
Күзетінде тұру – парыз.

25 қазан Республика күніне арналған құттықтау өлеңдер:
Болмасыншы қайғы-мұң
Бар жақсыны тілеймін
Жиырма бесінші қазан бұл
Құттықтаймын қазағым мерекеңмен
Республика күнімен
Жаса, жайна қазағым елім менің
Республика күнімен құттықтаймын!
Республика күнінде
Республика күні бұл
Бүгін үлкен мереке құтты болсын!
25 Қазан - Республика күні
137 621
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Оқушыларды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халықтың тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бой аңсаған тәуелсіздік тұғырын берік ұстауға, нағыз патриотты, рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге тәрбиелеу.
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Тәуелсіз елім - Қазақстан
Өсер ұлдың қай сәтте де, Бірлік болмақ қалауы, Лаула - лаула желтоқсанның Мұзға жанған алауы.
«Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауының сценарийі
«Менің елім» атты әскери - патриоттық әндер байқауының сценарийі
Мұғалім: Құрметті, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі 25 қазан Республика күніне орай өткелі отырған «Менің елім» атты әскери патриоттық әндер байқауына қош келдіңіздер!
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
Сүйесің ғой даланы, Гүл жайнаған алабын Білесің бе сен бірақ, Қазақстан жалауын.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×