Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Отаным – Қазақстан

06 қыркүйек 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларды адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, ел рәміздерін қастерлеуге, халықтың тегі мен тарихын білуге, ғасырлар бой аңсаған тәуелсіздік тұғырын берік ұстауға, нағыз патриотты, рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасының картасы, рәміздері,
Отан туралы нақыл сөздер, бүктемелер, шарлар.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ – жауап әдісі, әңгімелеу, оқушылар шығармасы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Жоспары:
1. «Ел тарихы»
2. «Жеңіс тарихы»
3. «Тәуелсіздік таңы»
4. «Қазақстан – XXI ғасырда» оқушылар шығармасы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тарих беттерін парақтасақ, қазақ халқы өзінің ұзақ тарихында талай қанды қырғындарды, зорлық - зомбылықтарды көрді, қасірет шекті.
Бүгінгі 5 а сынып оқушыларының «Менің Отаным - Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатын ұсынамыз.

І. «Ел тарихы»
Қазына:
Егемен елім десе сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сеніміділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.
Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді туған елім,
Гүл жайнап қазақ болып тасып өтсем!
Арғы атамыз арыстандай сақтар да,
Ет жүрегі саған сырын ақтарған.
Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,
Сонау шалғай, сол бір шалғай шақтардан.
Иә, қайран қазағым, ұзақ уақыт «мен қазақпын мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұқсақ та ашып айта алмадық. Айту үшін тарихқа бойлау керек. Ол сөздің салмағын, маңызын егемендікке қол жеткізгенде түсіне бастадық.

Сымбат:
Абзал халқым! Басыңнан не өтпеді сенің?! Ұлт болып шаңырақ көтерген дербес мемлекет болған XV ғасырдан бастап, неше өліп, неше тірілдік. XVII1ғасырдың бас кезіндегі Жоңғар шапқыншылығы тұсында тарихта мәңгіге аты қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның»зардабы ше?
Мұғалім: Осы жоңғар шапқыншылығынан кейін «Елім - ай» әні дүниеге келген.

Ұлжалғас:
Мына заман қай заман, қысқа заман,
Бақтың құсы алаштан ұшқан заман.
Аспаннан шаң мен топырақ борайды,
Күн суық қаңтардағы қыстан жаман.
Қазақтың қайда жиын мерекесі?
Ел, ауыл, жердің кетіп берекесі.
Ханзада, ханым болып өскен ұл - қыз,
Қай елдің болып кетеді келекесі.

Алмат:
Қалса да қайда жерің, қайда көлің,
Қасқайып қақ жолынан таймап едің.
Әуелден ірі едің ғой, ұлы едің ғой,
Шырқырап жұртың үшін осы күнді.
Өр едің өліссең де беріспеген,
Ер едің еншісін де бөліспеген.
Ежелден елдігіңе сенген шығар,
Ешкімге залалың жоқ бейбіт ел ең.

Руслан:
Ел иесіз, жер иесіз болған емес. Халық болған соң оның көсемі болады. Елбасына күн туғанда қол бастайтын батыры болмаса, ел бастайтын иесі болмаса ел бастаудан қалады. Міне, осындайда ел басшысы болған, тарихта үлкен орын алатын тұлға – қазақтың батыр ханы Абылай.

Жақсыгелді:
Ұлы Абылай, хан ием,
Қорғаным ең, бағым ең.
Қазағым деп жанып ең,
Қазағым деп налып ең.
Қаптап келген жауларды,
Ұлы Абылай хан ием.
Қайтарып салды бір мәрте.
Мұғалім: Кеше: Хандық дәуірде халықты «хан» басқарған.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданы,
М. Шаханов атындағы жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Полатова Айнұр Мүслімбекқызы

Толық нұсқасын жүктеу
2 193
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Тәуелсіздік – бақыт жолы ертеңгілік сценарииі
Тәуелсіздік – бақыт жолы ертеңгілік сценарииі
Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Оқушыларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Айгул Дуйсенбековна
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×