Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бейнелеу өнері

07 қараша 2012, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы
Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің
бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Сабақ тақырыбы: Бейнелеу өнері
Сабақ мақсаты: Бейнелеу өнері туралы ой - өрісін қызығушылығын арттыру. Балаларды суретші мамандығымен таныстыру
сұлулыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілік Сурет құралдары, суретшілер. Шығармалары
Сабақ түрі: аралас

Сабақ барысы
1. ұйымдастыру
2. тақта, көрнекілік ұйымдастыру
3. оқушылар түгелдеу
4. үй тапсырмасымен жұмыс
5. жаңа сабақ
6. үйге тапсырма
Үй тапсырмасымен жұмыс
Үй тапсырмасын мына сөзжұмбақ арқылы еске алайық яғни цифрлардың орындарына тиісті сөздерді қоямыз.
Болат үйге берілген тапсырманы орындау үшін сумкасынан 1 алып, сурет нобайын 2 бетіне түсірді. Сосын бояуға 3 алып ішінен 4 алып дайын 5 қарап 6 ішіндегі суға батырып қатты жағылмас үшін 7 жағып суретін аяқтайды. Содан кейін артық сызықтарды 8 алып кетіреді.

Жаңа сабақ
Бейнелеу өнері

Графика
Живопись
Сәулет
Мүсін

▪ Живопись
Бейнелеу өнерінің бай әрі кемел түрі. Онда сан алуан құралдар қолданылады
Живопись мынадай жанырларға бөлінеді
1. Натюрморт - қозғалмайтын жансыз денелердің бейнесі
2. Портрет – адамдарды бейнелеу
3. Пейзаж - табиғатты, тау - теңізді, орманды. Елді даланы, өзенді бейнелеу.
4. Тақырыптық картина

▪ Графика
Қарындашпен, тущпен салынған сурет гравюралар, графикалық жұмыстар
Ақ - қара түрлі - түсті болуы мүмкін. Графикада сызықтар. Штрихтар. Әр түрлі
Дақтар қолданылады.

Графика түрлері
Гравюра – ақ - қара түрлі түсті болады
Литография – қарындаш тушь қолданады
Линогравюра - линолеум пайдалану арқылы орындалған гравюра түрі.

▪ Сәулет
Сәулет өнері адамдардың өмірі мен қызметіне қажетті материалдық тұрғыдан ұйымдасқан орта құрайтын үйлер мен құрылыстар, кешендер.

Сәулет өнері
Тұрмыстық үйлер
Кәсіби завод, фабрика, вокзал
Шаруашылық гараж, сарай.
Қоғамдық мектеп, музей, аурухана

▪ Мүсін
Мүсіндегі басты құрал - аумақты форма жан - жағынан толық қарауға мүмкіндік береді
Статуя - адам денесінің тұтастай тұлғалық сомдалуы
Композиция - бірнеше адам тобын сомдаған мүсіндік шығарма
Рельеф - тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін жазықтың бетіндегі мүсіндік бейне Барельеф - жартылай сомдалған жазық бетінен аз шығып тұрады.

Аппликация
Қағаз не мата бетіне желіммен жапсыру арқылы бір заттың бейнесін жасау.

Монотипия
Әйнек пен қатырма қағаз бетіндегі суреттің бастырып алынатын көшірмесі.

Қорытындылау

Үйге тапсырма
Бейнелеу өнері туралы
Сурет құралдарын дайындап келу

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 755
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жіппен бейнелеу өнері
Жіппен бейнелеу өнері
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі, еңбек пәнінің мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың тақырыбы: Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрларын еске түсіреміз
Ақтөбе облысы, Алға ауданы Үшқұдық мектеп – бақшасының бастауыш класс мұғалімі Нажимова Асель Ниязгалиевна
Затқа қарап сурет салу
Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Металдар технологиясы
Металдар технологиясы
Сабақ мақсаты металдар туралы метал өңдеу құралдары туралы түсінік беру, металмен жұмыс жасауды үйрету, оқушыларды еңбекке баулу, еңбекке тәрбиелеу.
Бейнелеу өнері әлеміне саяхат
Бейнелеу өнері әлеміне саяхат
Баланың ой - өрісін дамыту сурет туралы түсінік беру. Шығармашылық қабілетін дамыту. Сурет әліппесін таныстыру. Көрнекі құралдар.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×