Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Затқа қарап сурет салу

06 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Пәні: Бейнелеу өнері
Сыныбы: 4
Сабақтың тақырыбы: Затқа қарап сурет салу
Білімділік мақсаты: Оқушыларды сурет салудың түрлерімен таныстыру. Бейнелеу өнері заңдылықтарын дұрыс меңгеруге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Нұсқауға қарап сурет салуға баулу, өнерді сүюге, бағалай білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларға нәрсеге қарап сурет салу қабілеттерін дамыту, шығармашылық ойлауды арттыру.
Пәнаралық байланыс: Математика, өсімдіктану
Сабақтың әдісі: Жазықтықта бейнелеу
Көрнекілігі: Натюрморт салынған плакат, әртүрлі қойылымдар, пән оқулығы, түрлі - түсті бояулар, сурет альбомы, т. б.

Сабақтың жүрісі: I. Ұйымдастыру бөлімі
а) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.
ә) Күннің жадын белгілеу.
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау.
1) Оқушының сурет альбомын қарап, бағалау.
2) Өтілген тақырыпты тест әдісімен сұрау.
1) Үйлестіруді тағы қалай атайды?
а) Перспектива ә) Композиция б) Конструкция
2) Композиция қай елдің сөзі?
а) Араб ә) Латын б) Ағылшын
3) Үйлестіру дегеніміз не?
а) Дұрыс әрі ыңғайлы орналастыру.
ә) Өте үлкен етіп орналастыру.
б) Өте кішкентай етіп орналастыру.
4. Мына суретте ("Жалғыз ағаш") үйлестіру орталығы қай жерде орналасқан?
а) Ортасында ә) Сол жағында б) Оң жағында
5. Үй тапсырмасын қорытындылау.

III. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бейнелеу өнерінде сурет салудың бірнеше түрі бар.
Затқа қарап сурет салу
Елестету арқылы салу
Еске сақтап сурет салу

Суретші болу үшін осының үш түрінде дұрыс игеру керек.
Бүгін, біздер осылардың ішінен затқа қарап сурет салуға тоқталамыз.
Затқа қарап сурет салу дегеніміз суретшінің алдында тұрған затты, құбылысты өзінен аудармай нақтылы бейнелеуі болып табылады. Мұндай бейнелеуге адамның келбетін бейнелеу, табиғат көріністерін бейнелеу, натюрморт салу жатады.
Адамның келбетін бейнелеу деген, ол адамның бет - бейнесін бейнелеу, яғни адамдарды отырғызып, кеудеге шейін салу. Мұны портрет деп атайды.
Табиғат көріністерін бейнелеу, ол табиғат аясына серуенге шыққанда, су жағасына демалуға барғанда, табиғаттың әдемі, әсем, сұлу жерлерін бейнелеу. Мұны пейзаж деп атайды.

Натюрморт салу деген, ол жазықтық бетіне жансыз нәрселерден қойылым жасап, содан тікелей сурет салу әдісін айтамыз. Мысалы жазықтық бетіне ыдыс - аяқтан, геометриялық денелерден, түрлі көкөністерден натюрморт құрастыруға болады.
Мұны "нақты нұсқа" немесе бейнелеу тілімен "натура" деп атайды. Натюрморт салу үшін дайын нұсқаудан екі метрдей қашықтықта отыруымыз керек. Нұсқаны тіке, яғни тіке алдынан, оң жағынан, сол жағынан да салуға болады.
Натюрмортта бейнеленетін заттардың немесе нәрселердің түстері де, көлемдері де әр түрлі болуы керек.

IV. Натюрмортты, нақты нұсқаны қағаз бетіне қалай орналастыру керек. Ол үшін көмекші сызықтарды қолданамыз. Ең алдымен дәптеріміздің айналасын сызып аламыз. Содан кейін жазықтықты белгілеп аламыз (үстелдің суретін сызып алу). Үлкен нәрседен бастап саламыз. Салатын нәрселеріміздің көлемін, түстерін жақсы біліп, айыруымыз керек.

Натюрмортты кезеңдерге бөліп орындаймыз.
1 - кезең. Жалпы жобасын схема түрінде көрсетеміз.
(зат бейнесінің орналасуын анықтау компоновка деп аталады.)
2 - кезең. Құрылымын саламыз.
3 - кезең. Пішінін сомдаймыз.(жарық, көлеңке, жылт, түспе көлеңке)
4 - кезең. Суретті аяқтаймыз.
V. Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы.
Тақта алдына қойылған нұсқаға қарап натюрморт салу (5 - 10 минут).

VI. Сергіту сәті."Қарындаштар сөйлейді" жаттығуы
VII. Бекіту. Жаңа сабақты бекіту.
Көкөніс түрлеріне жазылған сұрақтарға жауап беру арқылы, көкөністен құралған натюрмортты құрамыз.
V. Сөзжұмбақ."Нұсқа"
VI. Жаңа сабақты қорытындылау.
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма: Көкөніс натюрмортын аяқтап келу.
27 670
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Бояулар сыр шертеді
Бояулар сыр шертеді
Оқушылардың бейнелеу өнері жайындағы білімін толықтыру. Оқушыларды шапшаңдыққа үйрету, шығармашылықтарын дамыту. Оқушының ой – қиялын дамыту, олардың икемділігін, сурет салу шеберлігін арттыру.
Затқа қарап қарындашпен сурет салу кезеңдері. Натюрморт
Затқа қарап қарындашпен сурет салу кезеңдері. Натюрморт
Бөкей ордасы аудандық Мектептен тыс тәрбие орталығының қосымша білім беру педагогы Нурмахамбет Мустафин
Үш заттан құралған натюрморт, жасанды жарық
Үш заттан құралған натюрморт, жасанды жарық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық көркемсурет лицейінің сурет пәні мұғалімі Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы
Пропорция туралы түсінік
Пропорция туралы түсінік
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Аппликация
Аппликация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі
Композиция, өрнектерді құрудың композициялық негізі
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі Борашева Гүлбаршын Ермекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×