Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ою өрнек және сәндік декор

05 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Авторы: Бирманов Нуржан
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы

Тақырыбы: Өрнектер және сәндік декор
Ұстаз болу-жүректің батырлығы,
Ұстаз болу-сезімнің ақындығы.
Ұстаз болу-мінездің күн шуағы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
(Ғ.Қайырбеков)

Методикалық нұсқаулар
Жаңа сабақтың тақырыбын түсіндірмелі иллюстративтік әдіс арқылы беріп ұлттық ою-өрнектерді таныстыру қажет.
Проблемалық зерттеу әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін бекіте отырып шығармашылық тапсырмалар орындатқан тиімді. Қазақ халқының эстетикалық көзқарастарымен таныстыру үшін түстік колоритке назар аударту.
Ойлау қабілеттерін шығармашылық машығын дамыту жұмыстарына өздік жұмыс әдістерін қолданудың маңызы зор. Оқушылар өздігімен бояу түстерін қолдана отырып композиция құрайды. Сабақты әдебиет және тарих пәндерімен байланыстыра отырып оқушының білімін жүйелеп тілін дамытуға көмектеседі.

Сабақтың мақсаты: Оқушы қызығушылығын арттыру арқылы, шығармашылық қабілетін дамыту.
Білімділік: Оқушыларды ою-өрнек түрлерімен таныстыру.Ою-өрнек салу арқылы қолды жаттықтырып оқушылардың шеберлігін ұштау.
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтауын, жылдамдық, шапшаңдық қасиеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Жұмыс үстінде ұқыптылыққа, өзінің және өзгенің уақытын бағалауға үйрету.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, көрсету, көрнекі бейнелеу, топтастыру.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, информатика, сызу .
Технология: Ж.Караевтің деңгейлік технологиясы.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Ою-өрнектің негізгі 4 тобы бейнеленген көрнекілік плакаттар.
Слайд (презентация)
Альбом, қайшы, түсті қағаз, желім, картон

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгелдеу, жаңа сабаққа зейінін аудару.
Құрал-жабдықтарын тексеру

Жаңа сабақ
Қазақстанда ертеден келе жатқан ою-өрнек түрлері 350 ден асады. Олар жасалуына байланысты төрт топқа бөлінеді.
Зооморфтық
Өсімдік өрнектері
Космогониялық
Геометриялық

2. Қызығушылығын арттыру.
Ою-өрнектің қолдану аясы
Біздің елде ұлттық өрнектер барлық жерде кездеседі. Мысалға: Елтаңбада, Туда, киімдерде, қару-жарақта, ыдыс-аяқта, киіз үйде т.б

Өзіндік жұмыс
Оқушылар түсті қағазға ең қарапайым өрнекті Түсіріп, оюды үйренеді. Бүктеу әдісін меңгерту.

Топпен жұмыс.Қағаз бетіне өрнек салып үйрену
Қорытынды.жасалған жұмысты бағалау.
7 820
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаздар - ұлы тұлғалар. Ұстаздар мерекесіне арналған мерекелік шара
Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлаған.
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Ұстаз еңбегі - ұлы еңбек атты оқушылардың аудандық ғылыми - тәжірибелік конференция
Білім саласына еңбегі сіңген Гүлжамила апайдың есімін, өзгелерге таныстыру
Ұстаз - ұлы тұлға
Ұстаз - ұлы тұлға
Армысыздар, құрметті қонақтар, Аяулы біздің ұстаздар, ата – аналар және оқушылар! Бүгінгі ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық,
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Ұстаздардың кәсіптік шеберлігін жетілдіруде жаңа әдістердің рөлі
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияның ауқымды даму кезеңінде заман талабына сай мұғалімдерге қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу, жұмысындағы нәтижесінің сапасын арттырудың негізгі бағыты - барлық тәрбиелік істе
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
1. Армысыздар, құрметті ардагер ұстаздар, мектеп мұғалімдері, қонақтар және оқушылар! Бүгінгі «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» тақырыбында өткізгелі отырған кездесу кешіне қош келдіңіздер!
Ұлттық натюрморт
Ұлттық натюрморт
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Н.А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×