Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлттық натюрморт

07 қаңтар 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы
Бирманов Н.А

Тақырыбы: Ұлттық натюрморт
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: оқушыларға ыдыстардан құралған натюрмортты бейнелеуге үйрету. Заттың жалпы формасы мен түстік қарама-қарсылық заңына үйрету.
Дамытушылығы: оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, бояумен жұмыс жасау машығын дамыту
Тәрбиелігі: оқушыларға эстетикалық талғам қалыптастыру. Ұлттық бұйымдарды таныстырып, қастерлеуге үйрету.

Түрі: дәстүрлі сабақ.
Типі: жаңа сабақ
Әдісі: баяндау, көрсету, практикалық жұмыс
Құралдары: альбом, бояу, қалам, өшіргіш, палитра
Көрнекілігі: сурет кезеңдері салынған плакат, интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Құралдарын тексеру
3. Алдағы сабаққа әзірлеу

ІІ.Ой ашар
Натюрморт тақырыбына сөзжұмбақ шешу
ІІІ.Жаңа сабақ.
Натюрморт жанры француз сөзінен аударғанда «өлі табиғат» деген мағынаны береді.
Батыс еуропада 17 ғасырда натюрморт жанры жақсы дамыды.
Қазақстанда 19 ғасырда ғана натюрморт салу дами бастады.
Натюрморт салу кезінде жарық пен көлеңке, ең бастысы композициялық заңдарға сәйкес орналасу тәртібін сақтау керек.
Бізде бүгін ұлттық торсық, кесе, алмадан құралған қарапайым натюрмортты бейнелейік.

IV. Практикалық жұмыс.
1 кезеңде салынатын натюрмортты қағаз бетіне белгілеп орналасу орнын белгілейміз.
2 кезеңде жарық пен көлеңке жақтарын белгілеу.
3 кезеңде бояу жағу арқылы заттың түстік контрастын дайындаймыз.
4 кезеңде салынған суреттің түспе көлеңкесін және заттардың бір-біріне түскен бояуларын көрсету. Суретті аяқтау.

V. сабақты қорытындылау.
Натюрморт жанры қай жақта пайда болды?
Натюрморт деген не?
Ұлттық қандай ыдыстарды білесің?
VI. Бағалау. Салынған суреттерден көрме жасап жақсы салынған суреттерді таныстыру. Қатесі бар суреттерді талдау.
Үйге натюрморт салып келуді тапсыру.
14 712
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Натюрморт жанрын біледі, сала алады, заттардың орналасуын салыстырады. Натюрморт жанрын анықтайды, композициялық шешімін талдау арқылы жинақтайды.
Натюрморт жанры
Натюрморт жанры
Солтүстік Қазақстан облысы, Тайынша қаласы, №5 орта мектептің бейнелеу өнері және сызу мұғалімі Оразалина Райхан Габдрахмановна
Натюрморт
Натюрморт
Қызылорда қаласы №11 орта мектептің сурет және сызу пәні мұғалімі Қонкаев Манарбек
Натюрморт композициясын құрастыру
Натюрморт композициясын құрастыру
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы № 9 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Басенова Ақмарал Камаловна
Үш заттан құралған натюрморт, жасанды жарық
Үш заттан құралған натюрморт, жасанды жарық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық көркемсурет лицейінің сурет пәні мұғалімі Құндақбаева Тамара Төлепбергенқызы
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×