Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Пропорция туралы түсінік

06 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Бейнелеу өнері
Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Пропорция туралы түсінік.
Таңғажайып жануарлар.
Әшекейлі ойыншық пропорциясы.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға пропорция туралы түсінік беру.
Жануарлардың, ойыншықтардың, мультфильм кейіпкерлерінің пропорциялық ерекшеліктерімен таныстыру.
Дамытушылығы: Ойыншық долбарын жасау кезінде, оқушылардың бейнелі ойлау, қол икемділігі, пропорциямен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастырып дамыту.
Тәрбиелігі: Ойыншық бөліктерін сәйкестендіру арқылы пішіндерінің айырмашылығын байқауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, еңбек.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сурет салу, кітаппен жұмыс, топтық жұмыс, құрастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар: оқулықтағы суреттер,"сергіту сәті",
"Құрастыру".
Қажетті құралдар: Ақ қағаз, қарындаш, түрлі түсті бояулар, желім, т. б.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу. Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.
ә) Күннің жадын белгілеу.
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
а) Оқушының сурет альбомын қарап, бағалау.
ә) Өтілген тақырыптан негізгі ұғымдарды еске түсіру
Композицияның басты бөлігін қалай айқындауға болады?
Сұрақ - жауап әдісі.

3. Жаңа сабақ.
Интерактивті тақтамен жұмыс.
Балаларға қате жерлерді түзету ұсынылды. Түзетуден кейін суреттерге қара.
- Міне, енді піл пілге, қоян қоянға, сусиыр сусиырға ұқсайды, бұл неліктен?
- Себебі сендер бұл жануарлардың өздеріне тән пропорцияларын орнына келтірдіңдер. Яғни, пропорция деген, ол тұтас дене мен оның бөліктерінің қатынасын және бөліктердің өзара қатынасын білдіреді.
Суретке қарасақ, пілдің құлағы басынан үлкен, ал сусиырдың құлағы керсінше басынан кіші – бұл олардың пропорциялық ерекшеліктері. Әрбір заттың, әрбір жанды дененің өзіне тән лайық пропорциясы болады. Оған көзімізді жеткіздіңіздер, тіпті менің қателерімді түзеттіңіздер. 64 - 67 беттердегі материалмен жұмыс жасаймыз. Жануарлардың, құстардың, мультфильм кейіпкерлерінің фотосуреттерін тамашалап, олардың пропорциясының ерекшеліктері туралы айту. Суретшілер ойша немесе натурадан сурет салған кезде бейнеленетін дененің пропорцияларын дәл беруге тырысады. Ал, ойыншық долбарын немесе иллюстрация жасаған кезде пропорцияны сақтамайды. Керісінше, оның жасаған кейіпкерлері мен ойыншықтары қызықты, ерекше ойда қалатындай болуы үшін, пропорцияларын өзгертіп, әсерлі варианттар іздейді. 68 - 71 беттегі жауап беру.

4. Топтық жұмыс.
Үш топқа карточка таратылады. Ондағы берілген тапсырма бойынша үш қатар сурет салады. Жұмысты аяқтаған соң, балалар суреттерді салыстырып қай жұмыс әсерлірек шыққанын анықтайды.

5. Өзіндік жұмыс.

Геометриялық фигуралармен жұмыс. Фигураларды пайдаланып, түрлі бейнелердің суретін салу.

6. Сергіту сәті.
Мынау - сары қарындаш,
Мұнымен күнді бояймын.
Мынау – қызыл қарындаш,
Мұнымен гүлді бояймын.
Мынау – жасыл қарындаш,
Мұнымен жерді бояймын.
Мен суретші боламын
Қарындашты аламын,
Неше түрлі бейнені
Әдемілеп саламын.

7. Қорытынды бөлім.
"Құрастыру"
Қиықтарды біріктіріп, қағазға желімдеу. Шыққан бейненің пропорциялық ерекшеліктеріне сипаттама беру. Пропорциясын табу.
8. Үйге тапсырма.
Ертегі кейіпкерін өзгерген пропорциямен бейнелеу.
9. Бағалау.
15 429
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
Көбелек. (мозаика техникасында заттық жапсыру).
Көбелек. (мозаика техникасында заттық жапсыру).
Елестету арқылы геометриялық пішіндер негізінде бірнеше бөліктен тұратын заттардың жапсырмасын құрастыру, қисық жыртып алынған қағаздан жұмсақ ойыншық бейнелерін құрастыру.
Бақылау жұмысы математика 6 сынып
Бақылау жұмысы математика 6 сынып
Мемлекеттік стандарт талаптарына сай оқушылардың білім, білік дағдыларының сәйкестік деңгейін тексеру.
Бақылау жұмысы «Пропорция, масштаб, шеңбер»
Бақылау жұмысы «Пропорция, масштаб, шеңбер»
Бақылау жұмысы «Пропорция, масштаб, шеңбер» І нұсқа 1. Теңдеуді шешіңдер: 2. 10 құралды жасау үшін 15 кг металл керек. Осындай 8 құралды жасауға қанша килограмм металл керек?
Математикадан сабақтар топтамасы
Математикадан сабақтар топтамасы
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебі математика пәні мұғалімі Есмаганбетова Карлыгаш
Затқа қарап сурет салу
Затқа қарап сурет салу
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Аппликация
Аппликация
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі Жумагалиева Бактыгул Зейновна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×