Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Портрет

23 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: Сурет және сызу
Ашық сабақтың тақырыбы: Портрет
(адамды бейнелеу)
Оқу тәрбиелік мақсаттар мен міндеттер:
Білімділік: портрет және оның түрлерімен таныстыруды жалғастыру, портрет салудағы графикалық дағдылар мен біліктерді қалыптастыру;
Дамытушылық: назар аудару және бақылағыштықты дамыту; қоршаған ортаға эстетикалық қарым - қатынасын қалыптастыру;
Тәрбиелік: қоршаған шындық пен өнерге эстетикалық қарым - қатынастың және шығармашылық мәдениетінің қалыптасуына ықпал ету;
Сабақ түрі: дәстүрлі, жаңа сабақ
Сабақ әдісі: қарап салу, мағлұмат беру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын, аралас тәсіл
Пәнаралық байланыс: математика, өзін өзі тану, сызу

Сабақтың көрнекілігі:
Мұғалім үшін: көрнекіліктер - адамдардың фотосуреттері, слайд, портрет көшірмелері; «портрет салу» кестесі, дидактикалық материалдар
Оқушылар үшін: альбомдық парақтар, жай қарындаштар, өшіргіш, гуашь немесе акварель, қылқаламдар және су құюға арналған кішкене банка.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру. Өткен сабақты еске түсіру үшін қайталау сұрақтарын қою.
1) Зергер өнері – бейнелеу өнерінің қай түріне жатады.?
2) Зергерлік бұйымдар қай жерде қолданылады?
3) Зергерлік бұйымдарды жасайтын адамды не деп атайды?

ІІ. Жаңа сабақ. Оқушылар білімін еске түсіру, «портрет» ұғымын жүйелеу.
Портрет – бұл адамды бейнелеу. Портретте адамның ұзына бойы, отырған қалпы немесе бет - пішіні ғана бейнеленуі мүмкін. Осы көріністің бәрі - портрет деп аталады. Яғни, жоғарыда айтылған портрет, орындалу тәсіліне қарай 2 түрге бөлінеді. Бір тұлғалы портрет және көп тұлғалы портрет.
Портрет кескін көлеміне қарай - бас(иықтан жоғары), кеуде, белге дейін, тізеге дейін, бойды тұтас қамтитын портрет деген түрлерге бөлінеді.
Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет, Рим мүсіндік, мозайкалық портреттерінен бастау алады.

Портреттік кескіндер жанр бойынша да бөлінеді: мифологиялық – ертегілік және мифологиялық кейіпкерлердің кескіні, отбасылық портрет – отбасы мүшелерінің бейнесі, жанрлық портрет – портретте бейнелеушіні белгілі бір образда (мысалы, актрисаның портреті немесе шахтердің портретін және т. б.) беру, автпортрет – суретшінің өзін - өзі бейнелеуі.

Адамды жай ғана бейнелеп қоймай, оны айнытпай беру оңай шаруа емес. Портретте бейнеленгелі отырған адамның мінез - құлқын көрсетіп, тұлғалық ерекшелігін беру маңызды.

Адамның мінез - құлқын ашып беру үшін оның ішкі көңіл күйін дұрыс көрсету керек. Дененің қимыл - қозғалысы немесе тұрқы, бет ерекшеліктер арқылы адамдардың ішкі жан дүниесі мен арманын берумен қатар, өз ойын және бейнеленген адамға деген көзқарасын беруге тырысады.
Қазақ халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап, бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түседі.

Атап айтсақ, ана сүті мен ұлттық дәстүрін бойына сіңірген ұлы суретші Ә. Қастеев ана образын ерекше сомдаған. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көз жанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Бояу үндестігімен бедерленген бет әлпеттеріндегі әжімдері өмір жолын баяндап тұрғандай. Көмкерілген жаулықтың аясында тұлғасына жарасымды ақ кимешек адал жүрек, дөңгелек жүзді, қой көзді ананың келбетін ажарландыра түседі. Иығына жамылған көкшіл - күлгін түсті орамалы мен жасыл түсті шапаны дене бітіміне жарасып тұр.
Бұл - бір тұлғалық композициялық құрылымынан тұратын қондырғы портрет, Қазақстан бейнелеу өнері қорынан айырықша орын алған көркем туынды.

Портретті салу жолдары:
1. Бет кескінін доғалдау етіп саламыз, сосын оны көмекші сызықтар арқылы тігінен (симметрия осьімен) теңдей екі бөлікке бөлеміз. Барлық көмекші сызықтар оңай өшірілу үшін жай қарындашпен жай басып, жіңішке етіп сызу арқылы салынатынын түсіндіру.
2. Сосын бас пішінін көмекші сызықтармен көлденеңінен өзара шамалас үш бөлікке бөлеміз. Доғалдау етіп сызылған бас пішінінің жоғарғы бөлігі - маңдай, ортаңғы бөлігінде мұрын мен көз, құлақ, төменгі жағына ауыз бен иек түсіріледі.
3. Шашты салу кезінде шаш қою үлгісінің де өзіндік көлемі мен пішіні болатыны ескерілу керек.
4. Мойын мен иықты бейнелеуді аяқтап, киімін саламыз.
5. Портрет бояуын түсіреміз.

Сергіту. Дидактикалық ойын.
1. Тақтада берілген шар тәрізді денеден күн және күн сәулесінің түрін әр - түрлі бейнеде көрсету.
2. Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндері берілген суреттерді көрсету. Әрбір суретке ат қою.

Сабақты бекіту. 1. Портрет нені бейнелейді?
2.. Портреттің қандай түрлерін өттік?
3. Осы тақырып бойынша сабақ қызықты болды ма?
Қорытынды: Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма Адамның көңіл - күйін білдіретін бет пішіндер суреттерін салу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
29 177
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Пейзаж және портрет жанрлары
Пейзаж және портрет жанрлары
Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, И Искандеров атындағы орта мектептің бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі Кейинова Чолпаням
Графика тәсілімен сурет салу
Графика тәсілімен сурет салу
Сайқын мектептен тыс тәрбие орталығы. Талипов Бахтияр Таужанулы
Портреттер түрлері. Салтанатты портрет
Портреттер түрлері. Салтанатты портрет
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бекова Жамила Асанқызының
Автопортрет
Автопортрет
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Портрет жанры
Портрет жанры
Қызылорда қаласы, №101 мектептің бейнелеу өнері пәні мұғалімі Құрбанова Қарлығаш
Табиғат көрінісін бейнелеу
Табиғат көрінісін бейнелеу
Алға ауданы, Нұрбұлақ ауылы Бирманов Нуржан Аманкелдиулы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×