Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сенің ерлігіңе - табынамын!

17 наурыз 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Кештің тақырыбы: «Сенің ерлігіңе - табынамын!»
Кештің мақсаты: Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толған айтулы күнді атап өту. Қажетсіз соғыстың қасіреті жайлы мағлұматтар беру. Ауған ардагерлерімен кездесу арқылы ауған соғысы жайында кеңінен мәлімет алу. Оқушыларды ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, патриоттық тәрбие беру. Өтетін орны: мектептің акт залы
Көрнекілігі:слайдтар, бейнесюжеттер, кітап көрмесі, сахнаның безендірілуі
Түрі:кездесу кеші
Пәнаралық байланыс: тарих, Қазақстан тарихы. музыка
Кештің жүру барысы:
1 - Жүргізуші
- Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!,
Сол бір кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз!
Хош келдіңіздер, аяулы ағалар!
Сіздердің назарларыңызға сонау Ауғанстан жерінде әскери парызын өтей жүріп, сұрапыл қантөгістің құрбаны болған қазақстандық интернационалист боздақтарға арналған «Сенің ерлігіңе - табынамын!» атты тәрбие сағатымызды ұсынамыз.
2 - Жүргізуші
- 10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңырауға шым батырған Ауғанстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
- Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды!
1 - жүргізуші 1978жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуыменде ұзаққа созылды.
2 - жүргізуші.1979 жылы Кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп 10жылға жуық соғыс жүргізді. Оған 22мың Қазақстандық қатысты. Соғыс аяқталғанына биылғы жылы 15ақпанда 25жыл толды.
1 - жүргізуші.
Сол Ауғанда талай досты жерледік,
Қарлы шыңға күн - түн демей өрледік.
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік.
- Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бізде қонақта.
Жаулардан қарсы келген жасқанбаған,
Жасаған ерлігіне мастанбаған.
Ұрпаққа өмір жолың өнеге боп,
Тарихта ардагерлер асқан бағаң – деп бүгінгі кешке қатысушы қонақтарымызбен таныстырайық!-------------------------------------------------------------------------------------

2 - жүргізуші.
Баяндама: «Қажетсіз соғыстың қасіреті».
1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. Ауғандағы және оның айналасындағылардың шиеленісті жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады. Мұндай өтініштер Кабулдағы кеңестік өкілдер: КСРО - ның Ауғандағы және төтенше және өкілетті елшісі А. М. Пузанов, лейтенант Л. Н. Горелов арқылы берілді. Ауғандық өкімет басшылары өз елінің ішіндегі жағдайы Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырысты. 1979 жылы маусымда Орта Азия республикасының түпкілікті ұлтынан жасақталған арнайы батальон құру жөнінде шешім қабылданды. Айрықша мақсаттағы батальон үшін әскер құрамы Түркістан және Орта Азия округтерінің, мұсылман ұлты өкілінен, әсіресе барлаушылар, атқыштар, танкішілер бөлімшелерінен таңдалып алынып, шығыс тілін білу және қайратты болу басты талап болды. Батальон тек қана жаңа техникамен және қару жарақпен жасақталынды. Ол арнайы екі топқа бөлінген бес ротадан тұрды. Батальон командирі болып өзбек ұлтының өкілі майор Хабид Тәжібайұлы Халбаев тағайындалды. Ол Ташкент маңындағы Шыршықта танкішілер училищесіне жақын жердегі әскер қалашыққа жайғасты. Жаз бойы әскер құрамы мамандықтар бойынша атыс тактикаларын игеруге және жалықпай дене шынықтыру ісіне, қару жарақтың бәр түрінен ату, бетпе бет айқасу, жүгіру, мина істерін игеруге дайындалды. Ауған жетекшілері Кабулдағы кеңестік өкілдер арқылы өз өтініштерін жеткізу туралы сұраныстарын тоқтатпады, ал кеңестік өкілдер болса ауған жетекшілерінің өтініштерін тізбектей жаза отырып, Мәскеуге хабарлама беруден жалықпады. Ал бұлай хабарлама жіберіп отыру, кеңес әскерлерінің 1979 жылдың 25 желтоқсанда Ауғанстанға енгеніне дейінгі күнделікті дағдысына айналды. Сол жылдағы кеңестік сарапшылардың бағалауы бойынша КСРО басшылары қорыта келе қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше алмаған қиын қадамға тап болды. Мұсылмандық батальон 10 - 12қарашада Ташкент, Шыршық әуежайынан ұшырылып Ауғанстандағы Баграм авиабазасына түсірілді. Барлық офицерлермен, солдаттарға ауғандық әскери киімдер кигізді. 1979 жылы 10 желтоқсанда КСРО Қорғаныс министрі Устинов Бас штаб бастығы Огарковты өзіне шақыртып алып, оған саяси бюро Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу үшін алдын ала шешім қабылдағанын айтып 75 - 80 мың адамды дайындау тапсырмасын берді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 420
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ауғанның асуында от кешкендер
Ауғанның асуында от кешкендер
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №11 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Чаканова Гүлзира
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауғанстан - жүректегі жара
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Джетимекова Сауле Аскеровна
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Физика пәні мұғалімі Тоқбергенов Қуат
Ерлікке әрқашан орын бар
Ерлікке әрқашан орын бар
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімі Джексембаев Аскар Айазбекович
Ауған ақиқаты
Ауған ақиқаты
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы
Ауғанның от - жалыны
Ауғанның от - жалыны
Қарағанды облысы, Саран қаласы "№4 ОЖББМ" КММ АӘД пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Жумасатұлы М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×