Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ауғанстан - жүректегі жара

29 мам 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сынып: 10
Тәрбие сағаты: «Ауғанстан - журектегі жара»
Мақсаты:
Білімділігі: Ауған оқиғасының тарихи мағынасын ашып, оқушыларға түсіндіру.
“Ауған соғысы” – жайлы тереңірек біліп тану, соғыс ардагерлері туралы мәлімет алу.
Дамытушылық: Тарихи деректердің маңыздысын аша білуге және материалдарды диалектикалық тұрғыдан талдай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, отанын сүюге тәрбиелеу.
Әдісі: еске алу сабағы
Көрнекілігі: Тақырыпқа сай слайд. Интерактивтік тақта.

Сабақ бағдарламасы:
1. Отан туралы өлеңдер (еліміз туралы видеоролик)
2. Ауғанстан соғысы тарихы туралы баяндама (видеоролик)
3. «Қанжардан құтқарған қазақ тілі» (көрініс)
4. Ауғанстан соғысының ардагері Қалджанов Қошық Жүзбайұлы туралы мәлімет (Слайд)
5. Күй «Кероғлы»
6. «Тәуелсіз Қазақстан» (видеоролик)
7. Қорытынды

Сабақ жүрісі: Ашылуы
Жүргізуші - Қайрат:
Сол Ауғанда талай досты жерледік
Қарлы шыңға күн түн демей өрледік
Сұрапылда ерледік те шерледік
Намыс туын қолдан бірақ бермедік
Армысыздар қымбатты ұстаздар, оқушылар және бүгінгі кездесуіміздің аса құрметті қонақтары!
Нұрсейіт: Батырлыққа уызынан жарыған,
Ер төркіні байрағынан таныған.
Өзі ақын, өзі әнші халықта
Кім айта алар
Болмаған,- деп - Әнұран?!
Әнұран орындалады.

Жүргізуші - Қайрат:
Соғыс жан алып – жан беру
Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт
Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 25 жыл толуына байланысты
«Ауғанстан - жүректегі жара» тақырыбындағы кешімізді ашық деп жариялаймыз.
Жүгізуші - Ақмоншақ:
1989 жылы, Ақпан айының 15 - де талай аналарды перзенттерден айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан қасіретті де, қайғылы да «Ауған соғысы» аяқталды. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы» қажет пе еді? деген сұрақтар көп қойылған кезде, біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын Отан алдындағы борыштарын адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.
(Еліміздің табиғаты туралы слайд көрсетіледі.)

Гүлжайна: Көп аузынан түспейтін,
Отан деген немене?
Оның тұлға, түс, кейпін
Достым, білгің келе ме?

Рахымжан: Отан - сенің ата - анаң
Отан - досың, бауырың,
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.
Отан - тарих, Отан - тіл,
Жасаған елің, өз халқың!
Отан - өлең, Отан - жыр
Көтерген көкке ел даңқын.
Отан - осы, достарым,
Көңілге мұны түйе біл!
Отан деп өсіп жан - жағың,
Оны ардақтап, сүйе біл!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
52 010
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Ұрпаққа үлгі болған ерлік
Ұрпаққа үлгі болған ерлік
Ауған соғысы — КСРО Қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. КОКП және КСРО басшылығы Ауғанстандағы 1978 жылғы сәуір төңкерісі нәтижесінде билікке келген “халықтық - демократиялық үкіметті”
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауғанстан - жүректегі жара
Туған жерін, Отанын сүюге, халқына адал қызмет етуге тәрбиелеу. Олардың достық, адамгершілік қасиеттерін, патриоттық сезімдерін дамыту.
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Физика пәні мұғалімі Тоқбергенов Қуат
Ерлікке әрқашан орын бар
Ерлікке әрқашан орын бар
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылы, Панфилов атындағы орта мектеп дене шынықтыру пәні мұғалімі Джексембаев Аскар Айазбекович
Ауған ақиқаты
Ауған ақиқаты
Қызылорда қаласы, № 197 қазақ орта мектебі Жұмабекова Ұлбосын Ерғабылқызы
Ауғаныстан ақиқаты
Ауғаныстан ақиқаты
ШҚО, Аягөз қаласы, «№ 5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі информатика пәні мұғалімі Муратканова Перизат Муратовна Сабақтың тақырыбы: Ауғанстан ақиқаты. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Ауғанстан соғысы туралы мәлімет беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×