Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Елі сүйген, елін сүйген Елбасы

15 сәуір 2014, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Мақсаты:
Оқушыларды 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтау, Елбасы өмірбаянымен, еңбек жолымен, шығармаларымен таныстыру. Оқушылардың бойында ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, өз Отанын, елін сүюге, мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге, мемлекеттік тілін құрметтеуге, өз ұлтын жанындай сүйетін саналы, білімді, іскер азамат қалыптастыру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының Рәміздері, ҚР картасы, кітап көрмесі, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, патриоттық үлгідегі бейнематериалдар мен әндер, мультимедиада дайындалған слайдтар.

Жүру барысы:
Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар!
1 – желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күні, бүкіл халықтық мереке. Өздеріңізді осы айтулы мерекемен құттықтаймын. Құттықтай отырып Тұңғыш Президент күніне арналған «Елі сүйген, елін сүйген елбасы» тақырыбында өткізгелі отырған 8 «а», «б» сынып оқушыларының дайындаған портреттік кешін бастауға рұқсат етіңіздер! Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі қарсаңында, нақтырақ айтсақ, 2011жылы 10желтоқсанда Қазақстан Парламентінің Сенаты «1 – желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекеесін бекіткен Заңын қабылдағаны баршамызға мәлім. Бұл еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жетістіктері Қазақстан халқының орасан зор шынайы құрметі мен сеніміне ие болды. Осыған орай аталған Заңның қабылдануы арқылы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Республикаға сіңірген зор ғаламат еңбегі танылды. Заңды қабылдау мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түсті.

Елбасымыз туралы жақынырақ танысу үшін назарымызды экранға аударайық:
Келесі кезекте 8 сынып оқушылары Елбасымыз жүріп өткен жолдарға шолу жасап өтпек:
Ортада слайд бойынша мәлімет айтады.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қаскелең ауданының Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген.
2. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бітірді. Экономика ғылымының докторы.
3. 1960 — 69 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді. 1969 — 73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия - комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.
4. 1973 - 1977 жылдары Қарметкомбинаттың партком хатшысы. 1977 - 79 ж. ж. Қарағанды облыстық партия комитетінің хатшысы, 2 - хатшысы.
5. 1979 - 1984 жылдары Қазақстан КП Орталық комитетінің хатшысы. 1984 - 89 ж. ж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.
6. 1989 - 1991 ж. ж. Қазақстан КП ОК 1 - хатшысы, 1990 жылғы ақпан - сәуір аралығында Қазақс КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1990 жылы сәуірінен Қазақстан Республикасының президенті.
7. 1991 жылы 1 - желтоқсанда тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Н. Ә. и Назарбаев басым дауыспен (98, 7) жеңіске жетті.
8. 1995 жыл 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ҚР Президенті Н. Назарбаевтың өкілеттігі 2000м жылға дейін ұзартылды.
9. 1999 жылыдың 10 - қаңтарында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесінде Н. Назарбаев 79, 78 дауыс алып ҚР Президенті болып қайта сайланды.
10. 2005 жылдың 4 - желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 дауыс алып, ҚР Президенті болып қайта сайланды.

Жүргізуші:
Болашағым Қазақстанның алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев,
Халқымыздың сеніп алған таңдауы.
Асқақ болып еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке,
Қазақстан Республикасының қалауы.
Назарбаев тек мықты Президент қана емес, ол сонымен қатар дана тұлға және ұлағатты ұстаз. Мұндай саясаткерлер әлемде аз кездеседі. Тіпті, Түркия президенті Абдолла Гүл мырза Н. Назарбаевқа «Түркі әлемінің көшбасшысы» деген атақ берді және Елбасымызға арнап Түркия астанасы Анкараға ескерткіш тұрғызды. Бұдан оның жүзеге асқан идеялары мен жобалары әлемде жоғары бағалануда екенін көре аламыз. Ақын Маралтай Ыбыраев Н. Назарбаев туралы «Кие» атты поэма жазған болатын. Поэмадан үзінді оқу үшін ортаға 8 - сынып оқушыларын шақырайық. Қабыл алыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 260
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмір жолы, ерекше қадір қасиеті, ерен еңбегі туралы түсінік беру. Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұтуға, отан сүйгіштікке баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін ұлттық сана сезімі жоғары қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген – Елбасы
Елбасының өмірімен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәлімет беру Шәкірт жүрегінде Елбасының елі үшін жасаған істерін үлгі өнеге ретінде айтып, Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу. Тәрбиелік: Елбасының өмір жолынан үлгі
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген Елбасы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, «№132 орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Төлеутаева Аягөз Серікбайқызы
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Ел сүйген, елін сүйген Президент
Алматы облысы, Қаратал ауданы, №97 балабақша Наренбаева Махаббат Жұмабекқызы
Елін сүйген, жерін сүйген – ер  аға
Елін сүйген, жерін сүйген – ер аға
Ақтөбе қаласы, № 30 қазақ орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Самбаева Турсынай Байдаулетовна
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы. Жақаев атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі Хайтенова Қалдыгүл
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×