Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Компьютер және балалар 10-сынып

25 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Компьютер және балалар
Мақсаты: Компьютердің зиянды жақтары мен, пайдасын айту. Компьютер пайдалану қауіпсіздігімен таныстыру. Өмірде қолдануды қалыптастыру. Еркін сөйлеп, өз ойын басқаға жеткізуге дағдыландыру. Шығармашылыққа баулу. Компьютерлік сауаттылықтан ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Түрі: өнеге сағат
Көрнекілігі: проектор, ДК, суреттер, кітаптар
Пәндермен байланысы: информатика, валиология
Жүру барысы.
Кіріспе сөз
Қазіргі өмірде адам баласын информатика ғылымына елестеу қиын. Өйткені, информатиканың ұдайы дамуы кез алдымызда тізіліп өткен поезд вагондары секілді. Мұндай өзгеріске тез үйреніп кеттік. Бірақ күнделікті қолданып жүрген қарапайым дербес компьютерді, бәріміз жақсы үйреніп алдық. Енді осының зияны мен пайдасын білеміз бе? Қауіпсіздік ережесін жетік меңгердік пе? Балаларды баурап алаған компьютерлік ойындар несімен пайдалы? деген сұрақтан санамызға маза бермейтіні рас. Міне, осы сұрақтарға бүгінгі ұйымдастырып отырған «Компьютер және балалар» атты пікір сайысымыздан жауап таба аламыз деген үміттеміз.

Қош келдіңіздер. Бұл топ сағатында қозғалатын мәселе. Қазіргі ХХ1 - ғасыр техниканың даму ғасыры болып саналады. Өмірімізге тез енген компьютердің пайдасын, осыған қоса зиянын білеміз бе? Деген сауалға жауап іздейміз. Компьютердің жетістіктерін бізге Төлегенова Бибігүл айтып береді.

Бәріне белгілі болғандай қазіргі замандық ғылыми - техникалық революция микрокомпьютерлер мен дербес компьютердің пайда болуынан басталды. Олар барлық жерде қолданылады. Ғалымдар лабораториясында, мекемелерде, оқу орындарында, дүкендерде, және т. б. Дербес компьютер адамзатқа телевизор және теледидар сияқты өте қажет.
Компьютердің көмегімен бірнеше минуттың ішінде керекті мәліметті алуға, қиын чертежді немесе есеп - қисапты жасауға болады.

Дербес компьютерлерді бірнеше миллион адамдардың еңбектерін жеңілдетті, шығармашылық емес жұмыстардан босатты. Олар адамға жұмыста да, үйде де компьютерлердің жарыққа шығуы, кітаптардың жарыққа шығуы сияқты үлкен мәнге ие болды.
Компьютермен күнде жұмыс істейтін адамдар, басқа адамдармен аз уақыт қарым - қатынаста болады. Сондықтан зердемізге келетін алғашқы сұрақтардың бірі ол адамдар машинаға ұқсап кетпей ме?

Социологтар бір топ программисттерге зерттеу жүргізе отырып, олардың көбі көңілді, мейрімді, өнер және әдебиеттермен әуестенетіндерін анықтаған. Осындай адамдардың техникамен жұмыс жасағаны жақсы екенінде анықтап айтқан.

Программисттердің айтуынша, әрбір компьютер өзінің мінезімен ерекшеленеді. Олар машиналық ақылды және ақымақ, еңбексүйгіш және жалқау болады деп есептейді.
Адам ешуақытта машинаға ұқсамайды. Керісінше, адам өзіне ұқсайтын машинаны жаратты. Бұл робот ұшқыштың тіпті шахтердің де жұмысын атқара алады. Сондай - ақ роботтар авто мобилдер, тракторлар, станоктар, сағаттар жасап шығарады, пайдалы қазбаларды өндіреді. Ай, Венера, Марс және т. б планеталарды зерттеді. Бірақ ең маңыздысы олар адамға жұмыс жасау қиын жерлерде ғарышты игеруде, шахтада, мұхит түбін зерттеуде маңызды роль атқарады.
Робот ешқашан қателік жасамайды, шаршамайды. Ол 24 сағат, тәулік, бойы жұмыс жасай береді. Адам роботпен барлық жағынан санаса алмайды. Бірақ есте сақтайтын нәрсе, роботтың миы - компьютерде адам санасымен жасалған.

Мұғалім. Бибігүлдің айтқан мәселелеріне қоса кететіндеріңіз бар ма? Олай болса, келесі кезекті сауалнамаға берелік. Бұл сауалнама сіздердің компьютердің пайдалану ережесін, қауіпсіздігін, әкелетін зияны туралы білімдеріңізді тексереді. Аты - жөндеріңізді көрсетпей өз ойларыңызды еркін жазуға тырысыңыздар. Бүгінгі тәрбие сағатымыз осы тақырыпта болғандықтан сабағымызды жалғастыруға көмектеседі.
Тест таратылады: Тест сұрақтарына иә немесе жоқ деп жауап берулеріңіз керек. Егер екі ойда болған жағдайда дымда деп жазбаңыздар.
Компьютер туралы не білеміз? сауалнамасы
(иә немесе жоқ деп жауап бересіз)
р/с. Сұрақтар. Жауабы.
1. Сізде дербес компьютер (ДК) бар ма?
2. Дербес компьютердің пайдалану ережесін білесіз бе?
3. Адам өмірінде алатын орыны бөлек деген тұжырымға келісесіз бе?
4. Техникалық қауіпсіздік ережесін үнемі пайдаланып отырасыз ба?
5. Кітаптан көрі компьютерді пайдаланған тиімді ме?
Барлығы:................
Иә жауабы:..............
Жоқ жауабы:.............
Мұғалім: Сауалнаманы толтырып болсаңыздар менің көмекшілерім сіздердің сауалнамаларыңызға сараптама жасайды. Оған дейін біз, компьютердің келтірер зияны мен оны алдын алу жолдарымен таныстыралық.
Әкелетін зияны: «Дені саудың, жаны сау» дегендей денсаулығымызды дұрыс күтуге тырысайық.
Компьютерді көп пайдаланған адам әлсіз, салмағы өз салмағынан төмен, әр түрлі аурулармен аурады. Әр қайсысына тоқталып кететін болсақ, компьютер мониторының дисплейінен бөлінетін ультра күлгін сәуле адамның жүйке жүйесіне әсерін тигізіп, адамның шаршауына әкеліп соқтырады. Көздің көруі нашарлай береді, ақыр аяғында соқырлыққа әкеліп соқтырады. Әр түрлі аурулардың қоздырғышына күш береді мысалы сіз грипп бола тұрып компьютерді пайдалансаңыз сіздің ауруыңыз асқынып кетеді. Яғни вирустардың қоздырғышы.
Гемарой ауруына шалдығуы мүмкін. Компьютерлік ойындар адам санасының улануына әкеліп соқтырады. Себебі, қазіргі кезде көп тараған соғыс ойындарына кішкене балалар емес ересектер де құмарта ойнайды. Пайдалы іс жасаудың орнына, ұзақ уақыт бойы сол ойынды ойнаумен болды. Интернет – адам өзіне керекті жаңалықтар, әр түрлі материалдар алуға, алмасуға пайдаланады, қазіргі кезде кең тараған Агент бағдарламасы балардың көп уақыт компьютер алдына отыруының бір себебі. Ойлау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады, оған дәлел ретінде адам баласы қарапайым есептерді, амалдарды өзі ойлап есептеуге ерініп, машинадан көмек сұрайтындығын алуға болады. Бұл адамның ойлауының төмендеуіне әкеліп соқтырады. Дүкеншілер сауда жасағанда калькуляторды пайдаланады, кейбір заттардың құнын балалардың алдына ауызша есептесе балар соған еліктеуі мүмкін. Еріншектікке әкеледі. Компьютермен кезкелген мәтінді жазып үйренген адам, қаламмен жазуға ерінеді, қолы үйренбейді. Осындай кемшіліктерді жою үшін төмендегі келтірілген кеңестерге, ережелерге көңіл бөлейік.
Бірінші кезекте Техникалық қауіпсіздікті білеміз бе? деген сұраққа жауап беру керекпіз. (Слайд көрсетіледі)
Техникалық қауіпсіздік ережесі:
1. Компьютерді пайдаланушының көз мен монитор дисплейінің арақашықтығы 60 - 70 см болуы қажет.
2. компьютерді пайдалану кезінде оқыс қозғалмаңыз, айналаңыздағы құралдарды бүлдіруіңіз мүмкін. Оның нәтижесі өртке әкеліп соқтыруы мүмкін.
3. тоқ кезінде ДК пайдаланудан аулақ болуыңыз.
4. Компьютер құрылғыларың аптасына екі рет тазартып тұрыңыз. Компьютер орналасқан бөлмені желдетуді ұмытпаңыз.
5. Компьютер кабинетінде ДК - нің алдында отырып Тыстан келген адамға тұрып амандаспаңыз.
6. Компьютер тұрған кабинетке (оқу ғимараттарында) мұғалімнің рұқсатынсыз кірмеңіз.
7. Жүйелік блок қосылып тұрғанда ішін ашып көруге болмайды. Ток соғуы мүмкін!
8. Жас ерекшеліктеріне қарай дербес компьютердің алдына отыру ұзақтығына көңіл бөлу керек.
7 - 10 жас арасы – 10 минутқа дейін
11 - 25 жас арасы – 15 - 20 минут
26 дан жоғары – күніне 5 сағат отыру керек, бірақ арасына үзіліс жасау міндетті.
9. Компьютер алдына отырғанда Денеңізді тік ұстап, еркін отырыңыз. Және мониторға жоғарыдан төмен қараңыз.
Пайдалы кеңестер:
1. Егер өзіңізде компьютер болса, онда оның алдына ұзақ уақыт отырмауға тырысыңыз. Ұзақ уақыт отырсаңыз, монитор дисплейінен бөлінетін ультра күлгін сәулесі сіздің денсаулығыңызға зақым келтіруі мүмкін. Мысалы: көз ауруларына, жүйке жүйесіне т. б. органдарға
2. Компьютердің алдында ұзақ отырып қалсаңыз, 5 - 10 минут таза ауада демалыңыз.(серуендеп, дене жаттығуларымен шұғылданыңыз)
3. Компьютерде ұзақ уақыт отырып, желкеңіз, көзіңіз талса, арнайы жасалатын жаттығуларды жасаңыз.
4. монитор дисплейіне үңілуден сақтаныңыз, дисплейдегі объекті кіші болып көрінбесе, бағдарламадағы арнайы үлкейтетін батырмаларды пайдаланыңыз.
5. Дербес компьютермен жұмысыңызды аяқтасаңыз, 5 минуттан кейін дәрумендерді бар тағамдарды пайдаланыңыз. Сіздің жіберген энергияңызды толықтыруға көмектеседі.
Көз және желке шаршағанда жасалатын жаттығулар:
1. көзіңізді 5 рет қатты жұмып ашыңыз.
2. Көзіңіздің қарашығын сағат тілінің бағытымен 10 рет, сағат тілінің бағытына қарсы 10 рет айналдырыңыз.
3. Оң қолыңыздың сұқ саусағын екі көздің ортасына қойып барынша қолыңызды созыңыз, сұқ саусағыңыздың басына қарай отырып, саусағыңызды екі көздің ортасына апарыңыз. Бұл жаттығуды 10 рет қайталаңыз.
4. басыңызды сағат тілінің бағытымен 10 рет, сағат тілінің бағытына қарсы 10 рет айналдырыңыз.
5. басыңызды оңға бір, солға бір бұрыңыз. Бұл жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.
6. Басыңызды оңға бір, солға бір қисайтыңыз, 10 рет қайталаңыз.
7. екі аяғыңызды иығыңызбен бірдей қойыңыз. Екі қолыңызды иығыңызға қойып, артқа 5 рет, алға 5 рет айналдырыңыз.
Осындай жаттығулардан кейін сіздің шаршағаныңыз басылып компьютер алдында отыруды жалғастырасыз. Іске сәт!
Мұғалім: Қазіргі кезде дәрігерлік сараптауларға сүйенсек компьютерден көзі көрмеу, жүйкесінің жұқару деген аурулар көбейіп келеді. Бұның басты себебі, ол компьютерді дұрыс пайдаланбау, техникалық қауіпсіздікті көбіміз аңғармай қаламыз. Біреуіміздің ініміз, қарындастарымыз, сіңліміз бар, соларды көбіне компьютерді тез меңгерсін деп ата - аналарыңыз компьютер алдына көп отырғызады бұл дегеніңіз қате. Оған тосқауыл қоюдың қажеті жоқ. Тек жоғарыда айтылған ережелерді, пайдалы кеңестерді, жаттығуларды орындап тұрса айтылған ауруларға төтеп бере аламыз. Сондықтан әр уақытта техникалық қауіпсіздікті дұрыс пайдалансақ, деніміз сау болады.
Сіздердің тапсырған сауалнамаларыңыздың қорытындысын тыңдап көрелік. Келесі сөз көмекшілерімде.
Жақсы ендігі кезекті Студенттердің өздері дайындаған көрініске берелік.
Көрініс
Орындайтындар: Кітап – Әсет
Компьютер – Асқарбек
Білім – Қуанышбек
Баяндамашы – Әсел
Кітап пен компьютер дос болыпты. Компьютер оған бір күні былай дейді:
Компьютер:
- Кітап мені қарашы, менімен барлық адам жұмыс істейді! Тұрмыста, білім алуда, медицинада, музыкада, айта берсем көп қой. Сені қазір кім оқиды. Сен босқа жүрсің ғой.(менсінбей).
Кітап:
- Әй достым, сен олай деме. Сенімен көп шаруа бітіруге болады, бірақ сенен көп зиян келеді ғой, соны ескердің бе?
- Зиян!.. ол сенде, себебі сені ешкім оқымайды. Сол себепті сен шаң - шаң болып тұрсың да, адам деген құдіретке микроб таратасың. Сондай - ақ сенен мол информация алып ешкімді де қарық болмайды да. Ол жағынан мен тиімдімін. Менің интернет деген бауырымды білесін бе? Ол кез - келген ақпаратты тез тауып береді.
Көрдің бе, Интернет бауырымнан басқа менде, Электронды оқулық, Компьютерлік ойындар деген бауырларым бар. Олар балалармен тез тіл табысады.
Кітап:
- Достым, компьютер, сен ештеңе түсінбейді екенсің. Саған айт не, айтпа не бәрібір. Біз бұлай дауласып тура бергенше білім деген бабамызға барып қайтайық. Біздің қайысымыз адамға көбірек пайда әкелетінімізді сол бабамыз айтсын. Қане, кеттік.

Екеуі күн жүріп, айда өткізіп ұлы ғұлама ақылшы Білімге де жетеді. Білім бұларды төрге отырғызып жағдайларын сұрай бастайды.
Білім:
- Қош келдіңіздер, қадірлі қонақтар! Адам баласына қажет уақытта бұлай жүргендерің жайдан - жай болмас. Иә, сіздерді маған қандай шаруа әкелді, айта беріңдер.
Компьютер:
- Құрметті білім баба біздің сізге келген себебіміз мынадай түсінбеушіліктен болды. Біз сіздің арқаңызда өмірге келіп бүкіл адамзаттың пайдасына жарап жүрміз. Енді кітап достым екеумізден қайсымыздың адамға пайдамыз көп тиеді соны біле алмай дал болуымыз да. Менің ойымша адамзатқа мен болсам болды кітаптың қажеті жоқ сияқты.
Кітап:
Жоқ, жоқ мен оның мұнысына келіспеймін. Мен адамдарды бауырмалдыққа, үлкендерді сыйлауға және де басқа жақсылықтарға үйретем емес пе. Бұл сонда қалай болғаны.
Білім:
- Екеулеріңіздің де сөздеріңіздің жаны бар. Дегенменде қазіргі заманда компьютер адамдар арасында өте маңызды роль атқарады. Ол адамға көп пайда әкеледі, бірақ зияны да жеткілікті. Егерде адамдар компьютерден бөлінетін ультракүлгін сәулелерден қорғайтын қауіпсіздік ережесін сақтаса ештеңе де болмайды. Осындай жағдайда компьютер адамға ең жақын көмекші болды. Бірақ, кітапты да, компьютердің адам өмірінде алатын орыны ерекше. Оларды бір - бірімен салыстыруға болмайды.
Ақырында компьютермен кітап татуласып, ұзақ өмір сүріпті.
Мұғалім
Бұл көріністен біздер нені байқадық? Білімнің айтқан сөздері дұрыс па? Өз пікірлеріңізді айтуларыңызға болады. Міне, оқушылар кітап оқыған әр уақытта пайдалы, Білім бабамыз айтқандай кітапты оқымай компьютерді меңгеру қиын. Бәрімізде кітапты ұмытуымызға болмайды. әр уақытта кітап оқып өз санамызды дұрыстауға тырысайық. Әдеби кітаптармен қоса ғылыми кітаптарды оқып өз білімдеріңізді көтеріп жүріңіздер
Рахмет бүгінгі топ сағатында қандай материал алғандарыңыз туралы білу үшін сіздерге тағыда сауалнама таратамыз. Бұл сауалнама бірінші сауалнамаға ұқсас, бірақ өздеріңіздің ойларыңызды жазыңыздар.
Қауіпсіздік ережесіне тоқталу.

Мұғалім: Міне, топ студенттерінің дайындаған шығармашылығын, компьютердің пайдасы мен зияны туралы айтқан өз ойларын тамашаладыңыздар. Компьютердің пайдасынан зияны, денсаулыққа әкелер кесірі көп, бірақ жоғарыда айтқандай компьютерді тиімді пайдалана білген адамға көп зияны болмайтыны белгілі.
20 443
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Компьютер - әмбебап есептеуіш машина
Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе.
Компьютер
Компьютер
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің информатика пәнінің мұғалімі Қуанышбекова Құралай Сайлауовна
Информатикадан 5 сыныптарға арналған «Компьютерлік әліппе» қолданбалы курс жоспары
Информатикадан 5 сыныптарға арналған «Компьютерлік әліппе» қолданбалы курс жоспары
Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы №2 орта мектібінің информатика пәні мұғалімі Тарбақов Бауыржан
Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар
Компьютер жадысының түрлері. Ақпараттық тасымалдауыштар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Мағжан Жұмабаев атындағы №15 мектеп гимназиясы информатика пәні мұғалімі Домаева Гаухар Абдикаримовна
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Электронды оқытудың құралдары мен технологиясы
Астана қаласы, №53 мектеп – лицейінің 9 "А" сынып оқушысы: Кусаинова Айтолқын Ғылыми жетекшісі: Князова А. Қ Химия - биология пәндерінің мұғалімі
Компьютер және балалар
Компьютер және балалар
Компьютердің зиянды жақтары мен, пайдасын айту. Компьютер пайдалану қауіпсіздігімен таныстыру. Өмірде қолдануды қалыптастыру. Еркін сөйлеп, өз ойын басқаға жеткізуге дағдыландыру. Шығармашылыққа баулу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×