Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел иесі, жер киесі - Бекет

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ел иесі, жер киесі - Бекет
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға тарихта қайталанбас, тарихи тұлға, бүкіл әлем халқына шапағатын тигізген дара тұлға Бекет ата туралы түсінік беру
Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту. Оқушыларды Ата рухына тағзым етуге, кішіпейілдікке баулу
Сабақ көрнекілігі: Суреттер, нақыл сөздер, бейне таспа

Сабақ жүрісі: 1. Ұйымдастыру
А) Кіріспе. Мұғалім сөзі
Аспан мен жер арасындағы тіректің бір сыр - сипатына түсініп болдық деуге әлі ерте. Тіршіліктің түп бастауы қайда. Бастауы бар құбылыстың ақыры бола ма? Барлығына тыңғылықты жауап беру қиын.
Біз тылсым әлемнің жердегі бөлшегі, адам баласынан туылып, кез - келген адам баласы үшін мүмкін емес зеңгір көк пен жеті қат жер астындағы ғарыштық, саналық қарым - қатынасты өз бойына сіңірген ұлы болмыс - Бекет ата екенін білеміз.
Бекет ата «әлсізге Медет, Күштігі - Айбар, Зарыққанға - Жебеу, Тарыққанға - Демеу, Асқанға - Тосқан, Сасқанға - Сая, Ұрпаққа - Ұстаз, Ел иесі, Жер киесі»

2. Әдеби монтаж
1. Ғұмырнама
1. 0. Жем бойы жеті жұрт жайлаған ежелгі аталардың құт қонысы. Осындағы Ақкиізтоғай аулының «Ақмешіт» аталатын қасиетті мекенінде 1750 жылы көріпкел әулие, айтқаны айнымай келетін сәуешей, жаужүрек батыр, ұстаз, ізгі жүректі Бекет ата Мырзағұлұлы дүниеге келген.
2. 0. Бекет Ата 1750 жылы дүниеге келіп, 1813 жылы 63 пайғамбар жасында дүниеден өткен.
3. 0. Бекет Ата Хиуада Бақыржан ғұламадан 7 жыл дәріс алған.
4. 0. Бекет Ата Адай тайпасының қосқұлақ руынан тараған.
5. 0. Бекет Ата Шопан атаның сілтеуімен Бақыржан атаға барады.
6. 0. Бекет Атаға Бақыржан ата өзінің қалың асыл тасты кітабын, тымақ, балта және асасын мұраға берген. Бұл қымбат дүниелер ұрпақтарында әлі күнге дейін сақтаулы.
7. 0. Бекет Ата еліне келген соң Ақмешітте мешіт салып, шәкірттерге білім берген..
8. 0. Шамамен 1758 жылы 28 жасында Бейнеуде мешіт салдырып, бала оқытқан, Бұл мешітті тұрғызуға қол ұшын тигізбеген пенде қалмайды.

2. Әулиені әз тұтқан жырларымен

4. Атадан қалған.
1. Гүлзия
2. Нұрсая
3. Арайгүл
4. Нұржайна
5. Нұршат

4. Бейне көрініс
5. Сұрақтар

1. Бекет ата қай жылы дүниеге келді?
2. Атаның 250 жылдық мерейтойы қай жылы қай жерде тойланды?
3. Атаның 260 жылдық тойы қашан, қай жерде тойланды?
4. Ата кім болған?
5. Ата мешіттері қай жерлерде?

3. Қорытынды
Балалар біз бүгін Бекет ата туралы біраз мағлұмат алдық деп ойлаймын.
Адамзат тірлігінде сирек кездесер Бекет атадай айрықша қасиет иесінің жұмбақта, жарқын тағдыры әуелі Тәңір сыйы, екіншіден, жүрегі адал, пейілі таза, өзгеге қиянат жасамайтын және өзгенің зорлығына көнбейтін табиғаты бөлек қазақ халқының
Сондықтан бізге жүктелері - құдіретті күшке иланып, әулиеге сену, олардың ұлағатын сіңіріп, иманына жүгіну, сол арқалы ен ұлы Күшті қалтқысыз танып, бас ұру. Сондай - ақ елдігімізді нық сеніммен бекітіп, ертеңге қарышты қадам жасау. Бекеті бар елдің бекемсіз болуы мүмкін емес. Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!
Халқымыздың бүтін - бірлігіне, берекелі тірлігіне Бекет Ата жар болсын!
5 746
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Менің туған өлкем!
Менің туған өлкем!
Туған өлкенің мұнай мен газдан да басқа тек пайдалы қазбаларға ғана емес, сонымен қатар осы аумақта өмір сүрген қазақтардың тарихына бай екендігіне оқушылардың көзін жеткізу. Отансүйгіштікке тәрбиелеу, өлке тарихына оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Әруағыңнан Айналайын ер Бекет!
Әруағыңнан Айналайын ер Бекет!
Маңғыстау облысы, "Бейнеу ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ - нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жұмағалиева Алтын
«Біліміңді сынап көр!» атты марафон
«Біліміңді сынап көр!» атты марафон
Жезқазған қаласы, №10 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батаева Зағира Карабековна
Ойын әлеміне саяхат
Ойын әлеміне саяхат
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, «Дарын» мектеп - лицейі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қалижанова Аягөз Шаяхметқызы
Туған өлке – тұнған шежіре
Туған өлке – тұнған шежіре
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Үстірт орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Қарашбаева Тамара
Ауылдарға саяхат
Ауылдарға саяхат
ШҚО, Шүлбі орта мектеп –кешені дене шынықтыру пәні мұғалімі Тлеубаев Ғ.М.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×