Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бастауышым - балбұлағым

10 маусым 2018, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Бастауышым - балбұлағым
Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын, білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру. Білімге деген құштарлығын арттыру, білімді болуға шақыру.
Бастауыш сыныбымен, білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздарымен қоштастыра отырып, оларды құрметтеп, еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.
Жауапкершілікке тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, қорғауға, ана тілін қадірлеуге үйрету.
Көрнекілігі: суреттер, қанатты сөздер жазылған плакаттар.
Барысы:
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар! Сіздер кеше ғана осы мектеп табалдырығын тарыдай болып аттап, бүгінде ақыл - ойлары толысып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген балаларыңыздың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігімізге хош келіпсіздер.
Күні кеше ғана мектеп табалдырығын жасқана аттаған балаларыңыз бүгінде ер жетіп, оқып біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Балаларыңыздың осындай қуанышты да қайталанбас күндерімен шын жүректен құттықтаймын.
Армысыздар, әлеумет, кеш қонағы,
Бүгін бізде мереке аса мәнді.
Қуанып, зер салайық, ей халайық!
Балғындарды қошеметпен қарсы алайық!
Оқушылар вальс биімен ортаға шығады.

І. Абзал жан бар биік тұлға, байсалды,
Құшақ жая шәкірттерін қарсы алды.
Бүгінгідей салтанатты шақта бір,
Құттықтайды мектеп басшысы баршаңызды.

1. Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
1. Қадірменді қонақтар! Қымбатты ұстаздар, Аяулы ата - аналар! Біз бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппені үйреткен сүйікті ұстазымызға рахмет айту салтанатына жиналып отырмыз. Сонымен «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп
жариялаймыз.
2. Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән - мағына жатыр десеңізші! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да - бәрі - бәрі ұстаздан білім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар сіздерге құрметпен бас иеміз.
2. Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан,
Өмір деген үлкен жолда тарландар.

Бүгінгі күн қоштасады бастауышпен балбұлақ
Ән менен жырына, тарландарым, сал құлақ
Кеше сәби, бүгін міне жас ұлан
Лаулап жансын болашағың шамшырақ.

3. Өзіңде өсіп көктедім,
Бақытқа міне жеткенім.
Балалығымның куәсі -
Сүйікті бастауыш мектебім.

3. Тәрбие, білімді жалғаймын,
Бүгін мен есейген жандаймын.
Қош бол, бастауыш мектебім,
Мен енді биікке бастаймын.
Болам мен елімнің қыраны,
Көгімде көк туым тұр әні.
Қадамым басталды жаңарып,
Бастауыш - білімнің бұлағы.

4. Есімде ұстаздың алғаш қарсы алғаны,
Айқара есікті ашып тастағаны.
Бір мереке думан боп осы маңда,
Жетелеп сыныпқа алып барғаны.

4. Ақылшы, асыл ұстазым,
Өзіңе мен де ұқсармын.
Жеткенше қайрат, күш - әлім
Биікке самғап ұшармын.

5. Ақылшы, асыл ұстазым,
Жолымды айқын нұсқадың.
Қасыма келіп қанша сен
Қамқор боп қалам ұштадың.

5. Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына өмірден.

Ән: «Ұстазым» Сөзін жазған: А. Шамкенов
Әнін жазған: Ә. Еспаев
6. Білім негізі – бастауыш мектеп.
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне - өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Мектеп - қазіргі қоғамның дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

6. Тәрбиенің сан - салалы, күрделі мәселелерді терең ойлауға бастайтын, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш мектеп.
Бастауыш саты - білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Келешекте жалпы білім алумен кез - келген арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы осы бастауыштан қаланбақ.

Бастауышым - балбұлағым. жүктеу
8 131
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош бол, бастауыш
Қош бол, бастауыш
Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныстыра отырып, сәт – сапар тілеу.
Қош бол, Бастауыш!
Қош бол, Бастауыш!
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №7 орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Биранова Тынышгуль Избергеновна
Бастауышым - бастамам
Бастауышым - бастамам
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №4 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Токбаева Назира Туреевна
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Бастауышым бастамам, бізді алға бастаған
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сазды елді мекені, №60 Ж. Түменбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Изкенова Маншук Боранбайқызы
Қош бол, бастауыш!
Қош бол, бастауыш!
Жезқазған қаласы, №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Кенжебекова Жұлдыз Советқызы
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Бастауышпен қоштасу мерекесі
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш класс мұғалімі Бураханова Айгүл Абдулхаққызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×