Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді

12 сәуір 2015, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда обылысы, Шиелі ауданы,
№156 Н.Бекежанов атындағы қазақ орта мектебінің
әуез пәні мұғалімі Сардарбекова Құралай Қыдырбайқызы


Тақырыбы: «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»
Мақсаты:
1) Сәлемдесудің түрлері, қалай сәлем керектігін үйрету. Сәлемдесудің бала тәрбиесіндегі алатын орнын анықтау.
2) Сәлемдесуде дауыс ырғағы, жүріс - тұрысты реттеуге
дағдыландыру;
3) Сәлемдесу мәдениетіне, ізеттілікке, үлкенді
сыйлауға тәрбиелеу.
Психологиялық дайындық.
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Сәлемдесудің түрлерін атаңдар?

«Ескірмейтін есті сөз» мақал - мәтел
1. Сәлем – сөздің анасы.
2. Әдептілік белгісі -
Иіліп сәлем бергені.
3. Адам сөйлескенше,
Жылқы кісінескенше.
4. Сәлемдесудің басты шарты - жылы шырай.
5. Сәлем беру - өмірлік міндет.
6.«Әдепті бала арлы бала,
әдепсіз бала сорлы бала»
Мағынаны тану. (Мақалдың мәнін ашу).
І – Сәлем беру де парыз,
Сәлем алу да парыз.
1. Адамшылық амандасудан басталады. Кездескен адаммен тіке
қарап, күлімдеп амандасу парызымыз.
2. Үлкен адамға сәлем беру - кішінің міндеті.
Сәлем беру - инабаттылық, имандылық, көргенділік,
мәдениеттілік белгісі. Үлкен адамдармен амандасқанда, ол кісі
сәлемімді алмаса ойланып қаламын. Бірақ мен өз міндетімді
орындаймын.

ІІ - Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді.
1. Халқымызда ақ сақалды атаны, ақ жаулықты ананы, жалпы үлкенді сыйлап, алдынан қия өтпей сәлем беру - ата дәстүріміз.
Бұл - әдептілік белгісі.
2. Әдепті бала үлкендермен, жолдастарымен амандасып жүреді.
Қалаға барса немесе ауылға келсе туыс - туғанға, үлкен ата - әжелерге барып тұрып амандасу керек.
«Әдеппен сөйлеп әдеттен» атты көріністер
Сәлем берудегі әдептілік және әдепсіздік.
Сәлем берудегі әдептілік.
1.«Ассалаумағалейкум» немесе «Сәлеметсіз бе?» деп, бір міндеттен құтылғандай сәлем беру көңілге қаяу түсіреді. Сәлемдесудің әдеп ретінде басты шарты - жылы шырай.
2. Сәлем беруші мен сәлем алушының қас – қабақ, бет - жүз құбылысы, даусы маңызды қызымет атқароады.
3. Жылы жүзбен, әуезді үнмен сәлемдесу керек.
Сәлем берудегі әдепсіздік.
1. Барқ етіп, естілер естімес етіп міңгірлеп, ернін жыбырлата сала сәлемдесудің сәлемдесуге үш қайнаса сорпасы қосылмайды.
2. Біреумен амандасқанда көзің, көңілің басқа жақта тұруы - әдепсіздік.
3. Қол берісіп амандасқанда қолды қатты қысу, шапалақты шарт еткізу, немқұрайлы сау сағының ұшын беріп амандасу - әдепсіздік.
4. Топ адамның ішінен атақты – абройлы деген 1 - 2 - еуін немесе танитын адамдарға ғана амандасу сәлем берілген адамдардың өзін де, сәлем бермегендер үшін ашықтан – ашық қорлау.
Мақал - мәтелдің жалғасын табу
1. Үлкенді сен сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды
2. Әдепті елдің баласы
Алыстан сәлем береді
3. Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыс жасар қария сәлем берер
4. Бір күн тұзын татсаң
Қырық күн сәлем бер.
5. Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Сиқырлы сөздер.
1. Жарас автобуста отыр еді. Бір аялдамада сәби көтерген әйел адам кірді. Жарас орнынан тұрып, әйелге бірдеңе айтып еді, әйел де оған қуанып жауап қатты.
Сұрақ: Жарас не айтты? Әйел неге қуанды?
Келіңіз отырыңыз.
2. Гүлжан дәлізде біреумен байқамай соқтығысып қалды. Әлгі адам ашуланды. Гүлжан бір сөз айтып еді, әлгі адам жадырап қоя берді.
Сұрақ: Гүлжан не айтты? Әлгі адамның ашуы қалай басылды?
Кешіріңіз байқамай қалдым.
3. Көше бойымен таяққа сүйенген бір қарт келе жатыр. Ол әбден қартайғандықтан бүкірейіп кеткен. Бір бала оған қарсы кездесті. Әлгі
бала қартқа жақындағанда бірдеме айтты. Қарт оған алғыс білдірді.
Сұрақ: Бала не деді? Қарт оған не деді?
Ассалаумағалейкум мен сізге көмектесейін.
Сабақты қортындылау.
38 718
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Абай атындағы орта мектебі" ММ География пәнінің мұғалімі Спанова Маржан
Сәлем сөздің анасы
Сәлем сөздің анасы
Райымбек ауданы, Кеген селосы, «Балауса» балалар бақшасының тәрбиешісі: Бекбосынова Жанат
Әдептен озбайық
Әдептен озбайық
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, "Аудандық көркемсурет лицейі" МКҚК - нің сурет және дизайн пәндерінің мұғалімі Абдикова Мирамкул Жуматова
Сөз анасы - сәлем
Сөз анасы - сәлем
Атырау обылысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы бастауыш сыныптың мұғалімі
Сәлем - сөздің анасы
Сәлем - сөздің анасы
Сабақтың тақырыбы: «Сәлем – сөздің анасы»
Сәлем түзелмей әлем түзелмейді
Сәлем түзелмей әлем түзелмейді
БҚО, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылы, Л.Қылышев атындағы Шилі ОЖББМ бастауыш сынып мұғалімі Бахтыгереева А.К.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×