Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сәлем сөздің анасы

21 қаңтар 2015, Сәрсенбі
Категориясы: Бала-бақша
Білім беру саласы: Қатынас
Оқу іс әрекет түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: Сәлем сөздің анасы
Сабақтың мақсаты: Балаларды сәлемдесудің түрлерімен таныстырып, оның инабаттылық, әдептілік, адамгершілік қасиеті екенін түсіндіріп білімдерін нығайту.
Балалардың логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Балаларды үлкенді сыйлауға, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.

Әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, әңгімелеу.
Көрнекіліктері: слайд, мақал - мәтел

Ұйымдастыру кезеңі:
Ерте - ерте ертеде кең сарайлы өлкеде үлкен патшалық болыпты. Бұл патшалықта ақылды, сүйкімді «Жұлдыз» тобының бүлдіршіндері өмір сүріпті. Сол бүлдіршіндермен танысқыларыңыз келсе, қанеки бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Олар әлі ұяң үркек балапандай, шөжелер биінің бір - екі қимылын көрсетеді.
Ал балалар қанеки шеңбер жасап тұрайық. Балалар шеңбер жасап тұрады.

Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Ренжуді де білмейміз,
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге

Балалар қазір қай мезгіл?
Қыс мезгілі.
Қыста ауа - райы қандай болады?
Суық.
Балалар сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды?
Қыс мезгілі несімен ұнайды?

Балалар біз жаңа қонақтармен сәлемдестік.
- Сәлемдесу сөзін қалай түсінесіңдер? – Атам қазақ “Сәлем - сөздің анасы” деп сәлемдесуге үлкен мән берген. Сәлем арабтың тыныштық бейбітшілік мағынасындағы “Ассалаумағалейкум”сөзінен шыққан. Ол сізге Алланың нұры жаусын деген сөзі екен.
- Жасы кіші адам жасы үлкен адамға қос қолын беріп алдымен сәлем береді. Ал сәлем алушы уағалайкум ассалам деп оң қолын береді. Ол Алланың нұры сізге де жаусын деген сөзі екен.
- Сәлемдесудің қандай түрлері бар?
Балалардың жауабы: иіліп сәлемдесу, қол беріп сәлемдесу маңдайынан иіскеп сәлемдесу. (балалар көрсетеді)
Балалар осы қазақ халқынан басқа тағы қандай ұлттарды білесіңдер?
Балалардың жауабы: орыс халқы, ұйғыр халқы, түрік, өзбек, кәріс, күрт және тағы басқа.
Осы елдердің сәлемдесуін слайдтан көрейік және қайталайық.

Мақал мәтелдер.
1 Сәлем сөздің - анасы
2 “Жақсы сөз, жарым ырыс”
3 “Кішіден - ізет, үлкенге - парасат”
4 “Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергені”
5 “Сәлем беру абырой, сәлем алумың абырой”
6 “Сіз деген - әдеп, біз деген көмек”
7 “Әдепті бала, алыстан сәлем береді”
8 “Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді”
Сергіту сәті:
Қандай балалар үнемі сәлемдесіп жүреді? –
Балалардың жауабы: әдепті, ақылды, мәдениетті.

Дарын:
Көшелерден біз өткен
Ата көрсем жақын кеп
Сәлем берем ізетпен
Ассалаумағалейкум деп
Алдан әже жолықса
Бөгелем де әдеппен
Сәлемдесіп сол тұста
Есенсіз бе әжей деп
Кім кезіксе көшеде
Таныс емес демеймін
Аға тәте көкеге
Сәлеметсіз бе деймін мен.

Қорытынды бөлім:
“Сәлем сөздің анасы”- атты оқу іс әрекетімізден біз не үйрендік балалар?
Дұрыс сәлемдесуді, сәлемдесудің түрлерін.
Ал балалар орнымыздан тұрып шеңбер жасаймыз бір бірімізге жүрекше беріп сол баланың бойындағы жақсы қасиеттерін айтамыз.
Мейірімді, әдепті, қайратты, төзімді, ақылды, қажырлы, ажарлы
Балалар бір бірімізге мейірімді болайық. Бір - бірімізді сыйлайық. Әрқашанда сәлемдесіп жүрейік.
21 070
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Ыдыстар мен жиһаздар
Ыдыстар мен жиһаздар
Ыдыстар мен жиһаздар не үшін қажет екені туралы түсінік беру. Сөздік қорларын кеңейту, ойлау қабілеттерін, әртістік қабілеттерін дамыту. Ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Өлі табиғат және тірі табиғат
Өлі табиғат және тірі табиғат
Балаларды өлі және тірі табиғат туралы, жан-жақты түсінік беру. Ойлау және сезіну қабілеттерін қалыптастыру. Табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелеу.
Қонақ келсе – қуаныш
Қонақ келсе – қуаныш
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, "Ақбота" балабақшасы Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Дощимова Жемісхан Қаратонқызы
Мысық
Мысық
Орал қаласы, Казталов ауданы, Нұрбалапан бөбекжай балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар Досболатқызы
8 саны және цифры
8 саны және цифры
Орал қаласы, Казталов ауданы. Балабақша тәрбиешісі Аяп Гаухар
8 саны мен цифры
8 саны мен цифры
Қызылорда облысы, Арал қаласы, «Жазира» балабақшасының І санатты тәрбиешісі Бәшенова Зәуреш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×