Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қосжар - қасиетті мекенім

28 сәуір 2015, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы,
Арал ауданы, Қосжар елді мекені
№67 орта мектептің мұғалімі

6 сынып
Сыныптан тыс жұмыстың тақырыбы: Қосжар – қасиетті мекенім
Мақсаты: Туған өлке тарихымен таныстыру, патриоттыққа баулу

Мұғалім: Қосжар ауылдық округі – Арал ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Қосжар ауылы кіреді. Тұрғыны 0, 4 мың адам. Орталығы – Қосжар ауылы. 1890 жылы ең алғаш адамдар көл жағасына орналаса бастаған, үй сала бастаған. Ал, 1904 жылы Мәскеуден адамдар келіп, балық аулаған. Кейіннен адамдар көбейіп, ауылға айналды. 2005 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қосжарға арнайы келіп, ақ киіз үй көл бетіне тігілген. Қосжарда балық питомнигі, 11 жылдық мектеп, кітапхана, емхана, клуб бар. Олай болса, туған өлкенің тарихымен тереңірек танысу үшін бүгінгі тәрбие сағатымызды Қосжарға арнап отырмыз!
Маргарита: Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Әлішер: Бүгін сіздер «Қосжар қасиетті мекенім» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
Маргарита: Иә, достар! Бүгін біз кіндік қанымыз тамған жеріміз, қасиеттітуған өлке Қосжар тарихымен таныспақпыз!
Әлішер: Қосжар арқа сүйер тірегімдей,
Көңілі, құшағы ыстық күн еліндей
Қос жарымыз қол созады бір - біріне
Табысқан ғашықтардың жүрегіндей!
Маргарита: Олай болса, ортаға «Туған жер» әнімен Дауылбаева Асылзатты шақырайық!
Әлішер: «Кемелденген Қосжарым» атты туған өлкенің кешегісі мен бүгінінен сыр шертетін арнайы (презантацияны) жобаны көруге шақырамыз!
Маргарита: Сонымен, сіздерге қояр сауалдарымыз бар, оған сай сыйлықтарымыз бар! Дайын болсаңыздар бастайық!

1. Ауылдың «Қосжар» деп аталу себебі неде?
2. Елбасы Н. Ә. Назарбаев ауылымызға қашан келді?
3. Балықшылар күні ұай мезгілде тойланады?
4. Қосжарға адамдар ең алғашында қай жылдары қоныстана бастады?
5. Қамбар батыр жыры мен Қосжар арасында қандай байланыс бар?

Мұғалім: Балалар бізде бүгін қонақта балық питомнигінің басшысы келіп отыр. Сұрақ қойсаңыздар болады.

1 оқушы: Питомникте қандай және қанша балық түрлері бар немесе өсіріледі?

Нұрғабыл Құланов, «Қамыстыбас» мемлекеттік балық өсіру питомнигінің директоры:

Еліміздің экономикасының көтерілгені болуы керек, соңғы 3 жылда 14 миллион 800 мыңға жетіп отыр. Оған дейін 12 миллион болған, одан да төмен уақыттар болды. Алғашында Арал теңізінің тұзды ортасына тек камбала балығы шыдас берді. Қазір мұнда балықтың 22 түрі бар. 2000 жылдың басында теңізден аулайтын балық көлемі жылына 500 тонна ғана болса, бүгін 5 мың тоннаға жетіп отыр. Ғалымдар питомниктің мамандарымен бірлесе отырып, енді Қызыл кітапқа енген су маржандарының құнды түрлерін жандандыруға кірісті.

2 оқушы: Арал теңізі жайлы не айтасыз?

Нұрғабыл Құланов, «Қамыстыбас» мемлекеттік балық өсіру питомнигінің директоры: Арал теңізі біртіндеп қалпына келіп жатыр. Қазір теңіз Арал қаласынан 18 шақырым жерде ғана. Ғалымдар мен мамандар кезінде құрдымға кеткен балықтың құнды түрлерін қайта жаңғыртып, жергілікті су қоймаларына жіберу жөнінде жоба дайындауда. Әзірге балық қоры ақ Амур, дөңмаңдай шабақтарымен толықтырылуда. Қосжар ауылы тұрғындарының 90 пайызы балықшылар әулетінен. Олар берекелі жылдарды да Арал теңізінің тартылып, балық қорының жоғалуын да көзбен көрді. Жергілікті питомник арқасында балық кәсібі қиындықтан аман қалды. Ал, бүгінде балықшылардың әр күні ырысты.

3 - оқушы: Қосжар туралы не айтасыз?

Мәди Әбдікеров, ауыл әкімі: Қосжар ауылдық округі болып 2004 жылы 9 желтоқсанда аудандық мәслихаттың №70 шешімі және аудан әкімиятының №248 қаулысы негізінде жаңадан құрылды. Қосжар ауылында 500 ден аса адам тұрады. 100 ден аса үйлер бар. Бұл ауылымыздың өскенін байқатады. Питомникте 80 - нен астам ауыл тұрғыны жұмыс істейді. Питомник біздің мақтанышымыз!

Маргарита: Рахмет, құрметті қонақтар! Достар, бәріміз бірге «Қосжар жастары» әнін бірге шырқасақ қала қарайсыңдар? Олай болса, Әлішер, баста!

Әлішер: Қасиетті Қосжар туралы көптеген мәлімет алды деп ойлаймыз. Қош сау болыңыздар!
2 923
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл
Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл
Мен, Ақмая ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Ақмая орта мектебінің 4 «Б» - сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім қажет деп ойлаймын
Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде
Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде
Құрметті, мұғалімдер мен оқушылар бүгінгі «Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер. Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір - бірімен тату тұратын,
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосжар ауылы, №67 орта мектебінің география пәні мұғалімі Есепбаев Досбол
Бекіре - Қазақстандағы бағалы балықтардың бірі
Бекіре - Қазақстандағы бағалы балықтардың бірі
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің 7 - сынып оқушысы Базарбаева Гүлдана Мұратқызы Жетекшісі: Зекенова Рима
Шежірелі Шалқарым!
Шежірелі Шалқарым!
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бершүгір орта мектебінің аға тәлімгері Мұқашев Ғ. Н
Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым
Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Тақырыбы: «Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым!»
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×