Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде

23 қазан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде»
Мақсаты: Жас ұрпаққа елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы терең мағлұмат беру; Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; Елбасының халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, жүргізген саясатын үлгі ету. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру; Ел болашағын ойлайтын, халқы үшін еңбек ететін, ұлттық санасы, құқықтық мәдениеті қалыптасқан жастарды тәрбиелеу. Мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты, халықтар арасындағы бірлікті көрсету.
Көрнекілігі: Портреттер, фотосуреттер,, Н. Ә. Назарбаевтың кітаптары.
Қазақстан Мемлекеті Гимні орындалады.

Құрметті, мұғалімдер мен оқушылар бүгінгі «Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер.
Ертеде әлемді аузына қаратқан, төрткүл дүниені тамсандырған, дәулеті мен сәулеті тасқан, халқы бір - бірімен тату тұратын, қаласы көркем, даласы дархан, аққуы ұшып, қазы қонған, ел бастаған көсемі, сөз бастаған шешені бар бір ел болыпты. Жаны таза, жүрегі адал паң даланың иесі, сұлу сөзбен садақ иген, ешкімге ұқсамайтын, дара болмысты мұндай халық жер бетінде болмаса керек. Тағдырдың тар жол тайғақ кешуіне дес бермеген қажыр - қайраты, қаһармандығы, адалдығы, бірлік - берекесі біте қайнасқан ерекше қасиетімен әлем жұртын назарына аударыпты. Бақыт деген құстан қайда барып тұрақтайсың десе ынтымағы жарасқан елге деген екен. Ал, бақыт құсы бұл елден ешқайда кете алмапты. Сол бақыт құсы қонған ел - біздің туған, өскен жеріміз Қазақ елі екен.
Қазақстанға оның байлығын игеруге көптеген елдер өз инвестицияларын салуда, соның бірі көршіміз Ресей, мұхиттың ар жағындағы Америка Құрама Штаты. Осы елдер өкілдерімен және өз еліміздің өкілдері бірігіп бүгінгі тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз.
Олай болса ортаға үш мемлекеттің өкілдерін шақырамыз.
Қазақстан елі Ресей елі АҚШ елі
Біздің елімізге қош келдіңіздер. Құрметті, қонақтар, сіздер біздің ел туралы қаншалықты білетіндеріңізді, осы кездесу арқылы саралайық.
Бүгінгі кездесуіміз бейбітшілік тұрғыда болғандықтан, ұпайлық жүйе қойылмайды.
Ендеше, кездесуіміздің жұмыс кестесі төмендегідей жоспар бойынша өтеді.
1. Тәуелсіз - Қазақ елі. Сұрақтарға жауап.
2. Нұрлы мекен - нұрлы ғұмыр. Әр топ өз елімен таныстырады.
3. Өз елім - өзегім. Ұяшықты таңдау арқылы сұрақтарға жауап беру.
4. «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында видео - роликтер көрсету.
«Тәуелсіздік тұғыры»атты өлең оқитын Бағытова Н.

Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы
№1 жалпы білім беретін орта мектептің
география пәні мұғалімі Уналбаева Назира

Кемеңгер көшбасшымен - татулық кемесінде жүктеу
1 943
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Елін сүйген Елбасы
Елін сүйген Елбасы
Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру.
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасы – Ұлт мақтанышы
Елбасының өмірі мен еңбегін үлгі тұта отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу; ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана - сезімі жоғары, саяси - құқықтық мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу.
Елбасы - ел намысы, ел тірегі
Елбасы - ел намысы, ел тірегі
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туып өскен жері, өмір жолы туралы мәлімет беру; Елбасының еңбек жолын үлгі - өнеге ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, халқына сіңірген еңбегін,
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт лидері
Нұрсұлтан Назарбаев – ұлт лидері
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Д. Құрманбек атындағы №20 колледжінің тарих пәнінің магистрі Әбдішбек Айгүл Балтабекқызы
Елімен біре - Елбасы
Елімен біре - Елбасы
«Балқаш қаласы жалпы типтік мектеп - интренат» КММ Орындаған: Камзабаева Л. О.
Нар тұлға – Нұр аға
Нар тұлға – Нұр аға
Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Өрнек негізгі мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ержанова Бахыткүл Төлемісқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×