Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі

17 қыркүйек 2016, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Бурабай ауданының Тілдерді оқыту
орталығының әдіскері Махметова Жанар Қайртайқызы

«Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» атты дөңгелек үстелдің жоспары
Өткізілетін топ: жоғары деңгей, қазақ тобы ІІІ - 3
Өткізілетін орын: Тілдерді оқыту орталығы
Тақырыбы: Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі (дөңгелек үстел)
Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: тіл туралы ұлылар ойлары: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»
Түрі: дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Құрметті бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған қонақтар, тіл үйренушілер! Сіздерді өткір тілді, дархан пейілді, қазақ елінің «Тілдер мерекесі» күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!- дей отырып, дөңгелек үстелімізді Мұхтар Шахновтың «Тіл мен рух» әнімен ашуды жөн көрдім.
Оқытушының сөзі:
Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 24 жыл уақыт болды. Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып отырғаны сөзсіз.
Қуан далам, қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл бағы,- дегендей, Тіл апталығы аясында өткізіліп отырған « Мемлекеттік тілдің бүгіні мен ертеңі» атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске қош келдіңіздер!

Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып өту.
Біздің бақытқа жетер даңғыл жолымыз - туған Отанымызды, туған тілімізді сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша болуға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.
«Мемлекеттік тіл мәселесі» тақырыбына қысқаша мәлімет оқылынады. (Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою, талдау)
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде талқыланатын сұрақтар:
1. Біз не үшін қазақ тілін үйреніп жатырмыз?
2. Жұмыста қазақ тілін қолданасыздар ма?
3. Біздің ауданымызда қазақ тілінің мәртебесі қандай деп ойлайсыздар?

Ситуациялық тапсырма
4. Сіздің жұмысыңызға «ертеңнен бастап іс жүргізу толығымен қазақша жүргізілсін» деген облыстық басқармадан хат келсе, сіздер не істейсіздер және оған дайынсыздар ма?
Қызықты мәліметтер (тіл туралы)
Полиглоттар тарихынан қызықты деректер берейін:
Шығыс ғұламасы Әл - Фараби 70 - ке жуық тілді меңгерген.
* * *
А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
* * *
Ұлы Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
* * *
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
* * *
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген.
* * *
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.
Пікірталасымызды ары қарай жалғастырайық. Қажетті де, қызықты мәліметтерді алдық, келесі ой қозғайтын сұрақ:

5. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
6. «Үш тұғырлы тіл» саясаты деген не?
7. Жұмыс барысында сіздің кабинетіңізге қазақ тілін ғана түсінетін азамат келді, қалай сөйлесесіз және оның сұрақтарына жауап бере аласыз ба?

«Кім жылдам» сұрақ - жауап өткізу.
Сұрақ - жауап
1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)
2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма? (Мұхтар Әуезов «Абай жолы»)
3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір кен орны бар? (Соколов - Сарыбай)
5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз)
6. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс Есенберлин)
8. Қазақстанды Тәуелсіз деп таныған ең алғашқы ел? (Түркия)
9. Бес арыс кімдер? (Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев)
10. Қазақ халқының үш ағартушы - демократтары? (Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
Әдебиетші Сейілбек Қышқашұлының сөзін сіздерге оқып берейін, оған қандай ой қосар едіңіздер?
... Біз, қазақ, тірі тілімізді өзге түгіл, өз қазағымызға үйрете алмай келеміз. Ал еврейлер ше? Бұдан 1000 жыл бұрын өліп қалған тілін олар Израильде тұратын (еврейі бар, еврей емесі бар) барлық халыққа үйретіп отыр. Қалай? Израильде министрлік болсын, басқа болсын, барлық мекеме қызметкерлері 6 сағат жұмыстан кейін (және біздегідей басқа тілде емес, өз мемлекеттік тілінде жұмыс істегеннен кейін) сол отырған орындарында, орындарынан тұрмай, мемлекеттік тілді тағы да 6 сағат оқиды екен.

8. Тақтада бірнеше нақыл сөздер ілулі тұр соларды оқып, талдайық. Кім - қалай түсінеді? «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім»,
«Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»

9. Тіл туралы заңды бұзғаны бойынша және жарнамаларды қате жазғандары үшін бір жазаға тартылады ма, әлде тартылмайды ма? тартқан дұрыс па?(Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.)
Жауаптарыңызға рахмет! Дағыстандық ақын Расул Гамзатов «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім - сенсің. Мен сені мақтан етемін»,- деген екен. Олай болса, тіл үйренушілер, бүгінгі ана тіліміздің тағдырына ризасыздар ма?

Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді тескен көп ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!

Толық нұсқасын жүктеу

Тіл туралы өлеңдер қарау
49 386
0
  • 100
4 дауыс


Жаңалықтар
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
Ана тілім — дана тілім, бақ тілім!
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет.
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Мәңгілік ел – мәртебелі тіл
Қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру.
«Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» пікірсайыс сабағының әзірлемесі
«Тілімнің ертеңі – елімнің ертеңі» пікірсайыс сабағының әзірлемесі
Ей, тәкаппар дүние, Маған да бір қарашы. Танимысың сен мені Мен қазақтың баласы!- деп ақын Қ. Аманжолов ағамыз айтқандай осы сабаққа қатысушылармен танысып өтейік. Әрбір тыңдаушы өз атын және өзінің бір жақсы қасиетін айтады. Ол қасиет өз атыңыздың
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Тілім менің – тірлігімнің айғағы
Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, № 2 Ақсуат орта мектебінің Ағылшын тілі мұғалімі Ахметалина Әсем Биғазықызы
Тілдер мерекесі
Тілдер мерекесі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, №14 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Чайканова Гүлбану
Ана тілім - арым бұл ...
Ана тілім - арым бұл ...
Атырау облысы, Атырау қаласы Ф. Оңғарсынова атындағы орта мектеп Қазақ тілі мен әдебиеті пәні Какимова Гүлмира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×