Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік ел – мәртебелі тіл

04 қазан 2017, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының салтанатты ашылу сценарииі
Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін қалыптастыру. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Қазақ халқының әдебиетін негізге ала отырып, көркем әдеби шығармалардағы кейіпкерлердің игі істерін насихаттау арқылы елжандылыққа, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Тілін, елін сүйе білуге үйрету.
І жүргізуші: Қайырлы таң, құрметті ұстаздар!

ІІ жүргізуші: Армысыздар, қымбатты оқушылар!

І жүргізуші: Қазақстан – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан - бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егеменді, сан ұлты бар.
Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдениетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз.

ІІ жүргізуші: Қазақ тілі – өміріңде, өлеңде,
Қазақ тілі – тамыр жайған тереңге.
Қазақ тілі болашаққа жетелеп,
Ұрпақтарды танытады әлемге,- дегендей, мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтерер сендерсіңдер, құрметті достарым! Осыған орай «Мәңгілік ел – мәртебелі тіл» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өтеді.

(Оқушылар өлеңдерді оқиды)
1. Туған елім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!
2. Өсірген ой білімді,
Сүйем туған тілімді.
Мақсат етем әр сөздің
Мәнін терең білуді.
3. Ана тілім – ұраным,
Ана тілім – құралым,
Ана тілім болмаса,
Мықты болмас тұрағым.
4. Туған тілім – бабам тілі - өз тілім,
Туған тілім – анам тілі - өз тілім.
Туған тілім – далам тілі - өз тілім,
Туған тілім – адам тілі - өз тілім.
5. Ақыл - ойын дананың
Ана тілден аламын.
Ана тілі ардақты
Ақ сүтіндей ананың.
6. Қазақ тілі – қазақтың ана тілі,
Бірақ оған адам аз бас иетін.
Қазақ тілі – қазақтың дара тілі,
Кейбіреулер түсінбес қасиетін.
7. Сүйем өз тілімді,
Боламын білімді.
Өз тілім үйретер
Өнерді, ғылымды -
Сүйем өз тілімді
І жүргізуші: Осымен қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арналған салтанатты ашылу рәсімі аяқталды. Құрметті достар, сендер қазақ тілі мен әдебиеті апталығына белсенді қатысасыңдар деп сенеміз!

ІІ жүргізуші: Апталықтың жоспарымен ақпарат тақтасынан оқып танысасыңдар. Баршамызға сәттілік тілейміз!
18 065
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты мерекелік іс - шараның өткізілу сценарийі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Егеменді болмай – ел болмас, Тәуелсіз болмай – жер болмас» атты мерекелік іс - шараның өткізілу сценарийі
Тәуелсіздік – бұл менің Парасатым, Күншілмен де тіл тауып жарасатын. Қорғайтын Елдігіңді ерлігімен, Қазақтың шығаратын Алаш атын.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Тілді сүю – тал бесіктен (ҚР Тілдер мерекесі күніне арналған әдеби кеш)
Ана тілі – халық болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- дей отырып ана тіліміздің асқақтауына үлес қосу. Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой - өрісін кеңейтуге, шешендік
«Жас көшбасшы» 3 - 4 сыныптарға арналған танымдық сайысы
«Жас көшбасшы» 3 - 4 сыныптарға арналған танымдық сайысы
Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол – халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан - ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Қазақ тілі 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды. Ол енді толық
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
Тәуелсіздік – адамзаттың бақыты!
Балаларға тәуелсіздік туралы түсіндіру. Қазақстан Республикасының басты жетістіктерімен таныстыру, патриоттық, отаншылдық сезімін ояту, елін, жерін, құрметтеуге тәрбиелеу.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі»ММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Айгул Дуйсенбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×