Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні. Ынтымағы жарасқан мемлекет!

25 сәуір 2022, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Ынтымағы жарасқан мемлекет!
Мақсаты: 1. Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға ықпал ету.
2. Сыйластық, татулық, бақыт ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан елдің ұланы екендігін мақтанышпен сезіне білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: нақыл сөздер мен суреттер, интерактивті тақта, слайд.

Барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Армысың асыл күн,
Армысың асыл жер,
Армысың асыл аспан,
Бір - біріңе жылу қос,
Болайықшы жақын дос!
«Қазақ биі» Орындайтындар: Атапкел Әнел мен Бегендік Дария

II. Негізгі бөлім.
1. Бейнекөрініс тамашалау «Бірлігі жарасқан Қазақстан»
Сұрақтар:
1. Бейнекөріністен нені тамашаладыңдар?
2. Көгершіндер ненің белгісі?
3. Тағы кімдерді көрдік?(Оқушылардың жауаптары тыңдалады)
4. Барлығы қандай ән орындап жатыр?
- Ия, барлығы кеудесіне қолдарын қойып, ҚР мемлекеттік гимнін орындап жатыр.
2. Көрініс: «Қырғыз бен грузин айтысы»
Грузин: Мәди
Қырғыз: Ақжол
Қазақ қызы: Әнел
Мәди: Қырғызға таңырқай қараған грузин қырғыздан.
- Сенің ұлтың кім?
Ақжол:- Қырғыз.
Мәди:- Сен қырғыз болсаң өз еліңе неге бармайсың?
Ақжол:- Менің өз елім – Қазақстан.
Мәди:- Жоқ сен Қырғызстанда тұруың керек!
Ақжол:- О не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
Мәди:- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек.
Ақжол:- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сенің де өз елің бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ қызы келеді)
Әнел: - Балалар, осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
(Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліне баруың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
Әнел:- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе? Мұнда қырғыз да, грузин де, орыс та тағы басқа да тұра береді. Тұрғанда тату – тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, бізге неге дос болмасқа! Қане салыңдар қолдарыңды!
(Бірге қосылып) Біз доспыз, әрқашан біргеміз.
- Дұрыс айтасыңдар балалар!«Ынтымақ бар жерде бірлік, достық, татулық бар» Ендеше еліміздің ынтымағы, достығы, әрқашанда жараса берсін.
- Сендер білесіңдер ме? Біздің елімізде қандай ұлттар өмір сүреді? (Қазақстанда тұратын ұлттардың суретін көрсету)
- Біз олармен қандай қарым - қатынастамыз?
- Дұрыс айтасыңдар балалар біздің еліміз көпұлтты мемлекет қатарына жатады. Біз қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым - қатынастамыз.
Орыс биі: Орындайтын: Сейфуллина Альфия
3. Еліме арнау.(Оқушылардың тақпақтары)
Бегендік Дария
Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды.
Бисенғалиұлы Нұржан
Жырласа қазақ, түркімен,
Молдаван, тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.
Сейфуллина Альфия
Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Орыс халқым - Ұлы жұртым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқың - менің даңқым.
Әлібекұлы Біржан
Кім сүймейді ет жақынын, туысын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.
Жексенбай Назерке
Қадірменді бір досымыз – өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім
Өз сөзімдей жанға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің
Балтабайұлы Дидар
Дәм - тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен басбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.
Аманбекқызы Інжу
Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос, болдым қонақ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол - ақ.
Рымбай Диас
Қазақ – қырғыз туыссыңдар, доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.
Жетібай Ақерке
Елім менің, жарқыраған, жайнаған,
Бақ біткенде бұлбұл құсы сайраған.
Елім менің биіктігі шарайнам,
Қыран құсы көгінде мың самғаған:

Меделханұлы Руслан
Жақсылыққа, бақытқа
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос - бауыр,
Болмасын еш тосқауыл!

Қажымұханұлы Әбіш
Ағайын - туған – бар адам,
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық!
- Сендердің тақпақтарыңның соңы биге ұласады.
«Өзбек биі» Орындайтын: Қуаныш Жансая
- Жарайсыңдар балалар! Халқымызда «Отан - отбасынан басталады» деген мақал бекер айтылмаса керекті. «Ынтымақ бар жерде бақыт бар» деген мақал бар. Ынтымақ деген қандай мағынаны білдіреді? (татулық, достық, бірлік )
Мінеки балалар бүгінгі сендердің үстеріңе киіп тұрған киімдеріңнің өзі әр ұлттың киімі екен. Мұның өзі әр ұлттың киіміне салтына деген құрметті білдіреді екен.
Біздің елімізде 1 - мамыр қандай мереке?
( ынтымақ, достық, бірлік мерекесі)
Мұның өзі біздің еліміздегі ұлттардың бірлікте өмір сүретіндігін білдіреді. Елімізде Елбасының бастамасымен Ассамблея құрылған екен.
Ассамблея - белгілі бір мәселелерді шешу немесе талқылау үшін біршама адамдардың жиналысы. Ассамблеяның ең басты міндеті – ұлттардың достығы, татулығы және еліміздегі тұрақтылық.

Жергілікті ұлт - қазақтармен бірге біздің елімізде басқа да көптеген ұлт өкілдері өмір сүреді. Қазақстанның шаруашылығы мен мәдениетін дамытуға барлық ұлт өкілдері белсене қатысып, бірлесе еңбек етіп келеді.

Біз Қазақ елі олармен әрқашанда достық қарым - қатынастамыз. Олар біздің елімізде тұрса да өз тілдерінде сөйлеуге, салт - дәстүрін сақтауға ерікті. Сонымен бірге олар біздің елімізде туып өскендіктен менің елім Қазақстан деп айта алады. Байлықтың ең үлкені халықтар достығы. Біз осы достықты нығайта білуіміз керек, бір - бірімізді құрметтеп, еліміздің ертеңі үшін қызмет етуіміз керек. Жасасын, жүрегі бауырмал Қазақ елі!

Сол себептен біздің елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Елбасымыздың жарлығымен құрылған болатын. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда көптеген ұлттар достықта, бейбітшілік келісімде өмір сүреді.

Біздің еліміз – жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өрісі толы мал, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң – құсы, таусылмас кен байлығы бар мемлекет.

- Дұрыс айтасыңдар балалар! Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Елбасымыздың жарлығымен құрылған екен. Елімізде көптеген ұлттар бүгінге дейін тату тәтті өмір сүріп келеді. Біздің еліміз күннен - күнге қарыштап дамып келеді. Өздерің айтқандай еліміздің жері кең, табиғи байлығы мол, табиғаты тамаша. Біз қазақ халқы өте қонақжай, бауырмал халықпыз.
Бейнекөрініс «Отан»
- Қараңдаршы балалар! Бұл бейнекөріністе көргендеріңіздей кімнің болса да ұстаздарымыздың болсын, мектептегі оқушыларымыздың, жұмысшылардың, спортшыларымыздың, саяхатшыларымыздың, аналарымыздың жүректері қайда жүрсе де «Отан» деп соғады екен.
Елбасымыз айтқандай біз бір ұлтпыз, қанымыз бір, жанымыз бір.
- Мен мына қолымдағы кішкене допқа қарап, біздің елімізді, өмір сүретін мекенімізді көз алдыма елестетіп тұрмын. Байқайсыңдар ма, доп та жер шарына ұқсас дөңгелек. Егер біздің еліміз сендердің алақандарыңда тұратын болса, елімізге қандай тілек тілер едіңіздер?
- Көрдіңіздерме! Жұмыр жерді мекендейтін, әрбір тірі жанның, тіршілік иесінің арманы тыныштық, бейбітшілік, егемендік, тәуелсіздік екен!
Хор: Атамекен.

Өткізген:
Таушық ауылы, Шахта орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі Абдырова А.
26 545
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік
1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Бірлігі жарасқан Қазақстан
Бірлігі жарасқан Қазақстан
Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Адам жүрексіз өмір сүре алмайтындай, Отансыз да өмір сүре алмайды. Отан – біздің туған жеріміз, өзіміздің туған – туысқанымыз, дос - жарандарымызбен бірге тұратын еліміз.
Бірлігі жарасқан ел
Бірлігі жарасқан ел
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы. Біздің елімізде Қазақстанда 130 - дан астам ұлт өкілі бар: ұйғыр, кәріс, дұнған, өзбек, қырғыз, түркмен, тәжік, армян, азербайжан, украин, беларус, түрік, шешен және т. б.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×