Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік

05 сәуір 2018, Бейсенбі
Категориясы: Бала-бақша
«Достығымыз жарасқан»
Мерекелік ертеңгілік
Мақсаты: 1 - Мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні екенін балаларға айтып ұғындыру. Балаларды татулыққа, достыққа, елін, жерін сүйе білуге үйрету. Басқа ұлт өкілдерімен таныстырып олармен тату, достық қарым - қатынаста болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген зал, мерекелік шарлар,
ұлттық киімдер мен жалаушалар.

Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар, құрметті ұстаздар!
Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттармен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Достығымыз жарасқан» тақырыбындағы мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Қазақ халқы - халқы жомарт, даласы дархан, орманы қарқан, таулары қалқан, болған ақ бесік ата мекені бар, сол мекенде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз.
Тілі бөлек болғанменен тілегі бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрегі гүл.
Қазақстан барлық ұлтқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достығымыз мәңгілік болғай - дей отыра ортамызға
Қазақ халқының өкілдерін қошеметпен шақырайық.
- Бейбітшілік жасасын, ынтымақтастық жасасын! - Ура - ура - ура!
Келесі кезекте Орыс халқының өкілдерін қошеметпен ортаға шақырайық.
- Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! - Ура - ура - ура!
Ендігі кезекте өзбек ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.
- Ынтымағы жарасқан Қазақ елі жасасын! - Ура - ура - ура!
Келесі кезекте грузин ұлтының өкілдерін қошеметтеп ортаға шақырамыз.
1 - Мамыр ынтымақ, бірлік күні жасасын! Ура - ура - ура!
Ендігі кезекті ұлттар достығы жайлы ертеңгілігімізді ашып беру үшін балабақшамыздың меңгерушісі: Мөлдір Балғабайқызына сөз береміз.

Хор «Дос болайық бәріміз»
Шұғыла. Жан біткендей жас тауға,
Шуақ ойнап арайлы.
Күн күлімдеп аспанда,
Мамыр әні тарайды.
Азамат: Қазақ елі қашаннан да жыр елі,
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан,
Бірнеше ұлт өмір сүріп келеді.

«Достығымыз жарасқан» Мерекелік ертеңгілік. жүктеу
5 538
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 – мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні мерекесі екенін жеткізу. Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу.
Достығымыз жарасқан!
Достығымыз жарасқан!
1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
Достығымыз жарасқан
Достығымыз жарасқан
1 - мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесі туралы, достық туралы түсінігін жетілдіру, басқа ұлттармен қарым - қатынасын нығайту. Ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші
Ынтымақ, бірлік, келісім – ең басты байлық ел үшін атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Бір шаңырақ астында
Бір шаңырақ астында
Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,
Ортақ біздің жеріміз
Ортақ біздің жеріміз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Бірлік ауылы, №5 "Айгөлек" балабақша МКҚК тәрбиешісі Бисенова Жансая Ғлажадинқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×