Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, әз Наурыз!

18 мам 2017, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұлттық қазақи бұйымдар: сандық, асық, көрпе, домбыра, қамшы, ұлттық дастархан.
Залды мерекеге сай безендіру.
Мұғалім: Армысыздар ұстаздар, ата - аналар, балалар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз мерекесі келіп те жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын! Наурыз -«жаңа күн» деген сөз. Наурызда ауыл аралап көрісу үш күнге созылған. Сол күндері әрбір отбасының дастарханынан көжесі, дәмі үзілмеген, есігі ашық, қабағы жайдары болған. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Ән: «Қазақи дастарханым»
Мұғалім:
Шілік болып бүрленіп
Дала әсем түрге еніп.
Масайрады бар әлем,
Құтты жаңа жыл келіп.
Басы барлық ырыстың,
Құтты болсын, Наурыз той -
Ұлы күні ұлыстың!
Ұлы күнде халайық,
Қалай қарап қалайық?
Сәйгүліктей ағайық,
Жасын болып жанайық.
Ортамызға шақырып,
Бабамызды Қызырдай,
Ақ батасын алайық.
Қызыр ата ортаға шығады.

Серік Ислам:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Бәле - жала жерге енсін.
Әумин...
Мұғалім:
Шашу! шашу! шашу!
Көп шашайық шашуды,

Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.
Уа, жамағат, теріп ал несібеңді.
Ризығы болсын көл - көсір.
Шашуды шашу.
Мұғалім:
Уа, халайық, тұрмайық
Әндетіп жырлайық!
Ортамызды ашайық
Ырыс тілеп бұл жылға
Тақпақтан шашу шашайық.
Балалардың тақпағы.
Мұғалім: - Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады екен.
Мұғалім:
Би десе бұралған,
Біздің топтың ұл - қыздары.
Қазақ әуенін тербетіп,
Барлық жанды қуантқан - дей
келе ортамызға «Қамажай» биімен қыздарымызды шақырамыз.
Би «Қамажай» қыздар тобы
Мұғалім:
Күй нөсерін төгейік,
Жырдан моншақ тізейік.
Уа, халайық, ал енді
Әнге кезек берейік.
Ән «Мерекем» орындайтын Айбүбү
Мұғалім:
Наурыз тойы - елдің тойы,
Көктем тойы - төлдің тойы.
Ән айтатын би билеп,
Жақсы көрем Наурыз тойын!
«Қара жорға» биімен ортаға ұлдарымызды шақырайық.
Мұғалім:
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй - дей келе кезекті
«Көктем» әнімен Еркежанды ортаға шақырайық.
Мұғалім:
Өнерің болса қолыңда,
Өнерлінің ырысы.
Жарқырап жатар жолында,
Ән салып, би билеп,
Өнермен өрге басып кідірмейік.
Би « Өзбек биі»ортаға Аруайды шақырайық.
Мұғалім: Қазақ халқы ерте заманнан салт - дәстүрге, әдет - ғұрыпқа, ұлттық ойын түріне бай халық. Салт - дәстүрді мықты ұстаған халық. Салт - дәстүрімізге қыз ұзату, бесікке бөлеу, тұсау кесу кірсе, ұлттық ойындарымызға асық ату, сақина тастау, ақ сүйек, арқан тарту, қыз қуу ойындары жатады екен.
Ойын: « Қыз қуу»
Шарты: Ойынға бір ұл, бір қыздан қатысып отырады. Ұл бала қызды қуып жетсе бетінен сүйеді, жете алмай қалса, қыз жігітті қамшымен ұрады.
Мұғалім:
Естіген жұрт таң қала,
Бізде сондай әнші бар.
Тамылжытып ән салар - келесі кезекті «Қуыршақ» әнімен Дарияны ортаға шақырайық.
Ән «Қуыршақ»
Мұғалім:
Әнім де саған, биім де
Құт қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде Наурыз күлімде.
Би «Испан биі» Елназ
Мұғалім: «Арқан тартыспақ» ойыны көнеден келе жат - қан ойындардың бірі болып табылады. «Арқан тартыспақ» ойыны бала денсаулығына көп пайдалы. Күштілікке, ұстамдылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелейді.
Ойын «Арқан тартыспақ»
Мұғалім:
Наурыз - шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне, жарасады
Әр үйде дастарханға толған асы.
Ата - аналардың тілегі.
Мұғалім:
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылсын ойыңа.
Бой қосылсын бойыңа!
Аман есен жетейік,
Келер Наурыз тойына!
Осымен мерекелік ертеңгілігіміз мәресіне жетті.

ШҚО, Аягөз қаласы,
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Мектепалды даярлық тобы мұғалімі
Жумашева Дарига Аскербековна
2 227
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Қош келдің – әз Наурыз!
Қош келдің – әз Наурыз!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын,
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Жыл басы - Наурыз
Жыл басы - Наурыз
Қостанай облысы, Рудный қаласы №7 орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Қуанышбаева Райка Бермұхамедқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×