Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің – әз Наурыз!

11 наурыз 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Өткізілген күн: 16 наурыз 2022 жыл
Сынып: 4
Мектеп оқушыларына арналған Наурыз мерекесі қарсаңындағы мерекелік бағдарламаның сценарииі.
«Қош келдің – әз Наурыз!»

Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!
Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе.
1 - жүргізуші: - Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бәріміздің - асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!
2 - жүргізуші: Наурыз – көктем мерекесі, қуаныш, бақыт пен шаттық, еңбек мерекесі.
1 - жүргізуші:
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда - жылда қарсы алайық.
2 - жүргізуші:
Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Оқушылар шығып «Наурыз көктем» әнін айтады.
/ Осы кезде Шашу шашылады/

1 - жүргізуші: Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.
2 - жүргізуші: Жауқазындай жайқалған гүлдерміз біз,
Ұтармыз біз, қолдасаңыз сіз.
Бақыт, шаттық, көңілге арман тілеп,
Өмірде болмасыншы ызғар мен сыз.

1 - жүргізуші:
- Құрметті қонақтар мен ұстаздар! Біздің сыныбымыздың оқушылары өзара бақ сынасып, сайысқа түспекші. Ендеше, көп күттірмей сол оқушыларымызды ортаға шақырайық.
1 – жұп: 4 А сынып/екі оқушыдан/
2 – жұп: 4 Б сынып/екі оқушыдан/
3 – жұп: 4 В сынып/екі оқушыдан/
4 - жұп: 4 Г сынып/екі оқушыдан/
5 - жұп: 4 Д сынып/екі оқушыдан/

1 - жүргізуші: Сайыс бағдарламасы 4 байқаудан тұрады.
1 – бөлім: «Тәуелсіз Қазақстан»,
2 - бөлім: «Наурыз - жыл басы»,
3 - бөлім: «Үлкен қалада»,
4 - бөлім: «Ою ойғанның ойы ұшқыр»/грамматикалық тапсырмалар/.
2 - жүргізуші:
Бізге айтып береді,
Кім өнерлі, кім мықты? - деп әділ – қазылар алқасымен таныстырып өтеді./әділ қазылардың аты - жөні жарияланады/.

1 - жүргізуші: «Тәуелсіз Қазақстан» бөлімімізден бастайық.
Викторинаның басталуы.
2 бөлімнен кейін
Қристинаның әні «Девочка из Казахстана»
1 - жүргізуші:
Көрсетті өнерлерін жаңа ғана,
Сыналып үлкендерден үлгі алуға.
Салты бар өнерлі осы ортада,

2 - жүргізуші:
Қашанда құт – береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу - салты елімнің.

Соңы
Би Джантлеева Е.

Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы, «БЭСТ» Гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Садырова М. Қ.

Қош келдің – әз Наурыз!. жүктеу
5 038
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің - Әз наурыз!
Қош келдің - Әз наурыз!
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің, Әз - Наурыз!
Қош келдің, Әз - Наурыз!
БҚО, Орал қаласы, №20 ОЖББМ мектепалды даярлық топ мұғалімі Ажгалиева Айнур Шапагатовна
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×