Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ертеңгілік «Жаңа Жыл»

11 қараша 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ертеңгілік «Жаңа Жыл»
Балалар көңілді әуенмен залға кіреді.
Шыршаның жанында шеңбер құрып турады
Жүргізуші:
Жаңа жыл, жаңа жыр
Жаңа жылда жаңа жыр
Жасыл шырша жанында
Жадырап барлық бала жүр.
Қайырлы күн құрметті қонақтар!
Қайырлы күн балалар!
Көптен күткен жаңа жыл да келіп қалды. Балалар жаңа жылды қалай қарсы алсақ екен? Қараңдаршы, шырша келіп қалды бізге.
Қандай әдемі шырша
Тамаша, тамаша!
Шыршамыз тур жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса! Енді шыршамен амандасып алайық!
Балалар: Сәлем Шырша!
Жүргізуші:
Балалар шырша әлі ұйықтап жатқан сияқты, қараңдаршы қандай әдемі ойыншықтармен безендірілген, кәне шыршаның шамдарын жағайық.
Ол үшін шыршаға үрлейік (балалар үрлейді)
Шыршаның шамдары жанбай тұр ғой? Енді не істейміз?
Шапалақтайық (балалар шапалақтайды) жамбайды.

Шыршаға ән айтып, би билеп берейік
Ән: «Топ - топ - топ басайық»
Ән салайық қол соғайық
Жаңа жылды қарсалайық
Топ - топ - топ басайық
Алақан соғайық. 2 рет
Ал, балалар құр тұрмайық
Би билейік, жыр жырлайық
Балалар: Алақай, алақай!!
(Шыршаның шамдары жанады)
Музыкамен Аққала кіреді
Аққала: Балалар сәлеметсіздер ме! Менің атым Аққала.
Ох! шыршаның шамдары қандай әдемі жарқырап тұр!
Жүргізуші:
Аққала сен бізге қайдан келдің? Бізге Аяз - Ата келе жатыр деп ойласақ?
Аққала: Менің артымнан түлкі қуды, менің тұмсығымды
алып аламын деді, енді не істеймін?
Жүргізуші: Сен тұмсығыңды түнде тығып қой
Аққала: Жоқ мен олай ете алмаймын
Жүргізуші: Балалар Аққаланы тығылмаш ойнауға үйретейік.
Ойын Аққаламен: «Сәбізді тауып ал»
Аққала: Ох, рахмет, жарайсыңдар балалар,
енді мен түлкіден қорықпаймын.

Сендер Аяз - Атаны күтіп отырсыңдар ғой?
Балалар: Ия
Аққала: Ендеше мен Аяз - Атаны сендерге шақырып келемін
Аққала шығып кетеді
Аяз - Атаның келе жатқаны естіледі (музыка)
Жүргізуші мен Балалар: Аяз - Ата аууу - ауууу!
Аққала мен бірге Аяз - Ата кіреді
Аяз - Ата: Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қандай сүйкімді балалар! О қандай керемет мереке!
Жүргізуші: Балалар Аяз - Ата мен амандасайық!
Балалар: Сәлеметсіз бе, Аяз - Ата
Жүргізуші: Аяз - Ата сізді көп күтіп қалдық,
балалар сізге тақпақтарды жаттап алды.
Келіңіз, отырыңыз, демалыңыз
Балалар тақпақтарды оқиды
Аяз - Ата: Жарайсыңдар балалар, ал енді кәне би билейік
Жүргізуші: Бір дыбыс естіледі.
музыкамен Аю келеді
Жүргізуші: Аю сен бізге қайдан келдің?
Аю: Мені қу түлкі оятып жіберді, менің балдарымды алып кетті,
соның артынан қуып сендерге де келіп қалдым.
Жүргізуші: Аю келгенің жақсы болды, ашуыңды басып
біздің қонжықтарымен бірге би биле.

Би: «Кішкентай қонжықтар»
Аяз - Ата: Аю енді балалармен ойын ойнайық
Ойын: «Омбылар»
Аю: Балалар енді мен кетейін, ұйқым келеді
Жүргізуші: Балалар аю мен қоштасайық, сау болыңыз!
Аяз - Ата: Ал балалар тұрындар
Үлкен шеңбер құрыңдар,
Ән айтайық, би билейік,
Жаңа жылды қарсалайық!
Ән: «Аяз - Ата ля - ля - ля»
Аяз - Атаның әні:
Айналайын балалар
Өлең, тақпақ айтыңдар
Маған, билеп берсеңдер
Сыйлығым бар сендерге
Балалардың әні
Аяз - Ата ля - ля - ля
Аяз - Ата ля - ля - ля 2 рет
Жүргізуші: Аяз - Ата біздің балалар сыйлықтарды тосып отыр
Аяз - Ата: Ох, мутып қалдым ғой, кәрімін ғой, қазір менің Ақшақарым келеді сыйлықтарды алып келеді
Ақшақарым қайда жүр екен?
(желдің дауысы естіледі)

Ақшақар кіреді (қолында себеті бар)
Ақшақар: Сәлеметсіз бе, балалар!
Балалар: Сәлеметсіз бе!
Аяз - Ата: Кел Ақшақар сені балалар күтіп қалды,
балалар сыйлықтарын тосып қалды.
Ақшақар: Ия, Аяз - Ата мен балалардың сыйлықтарын алып келдім,
Өзіммен бірге қаршықтарды да алып келдім,
Кәне балалар шеңберді құрып ойын ойнайық

ҚМКҚ «Шуақты Шұғыла» балабақшасы
Ән - күй жетекші: Оразаева А. А.

Ертеңгілік «Жаңа Жыл». жүктеу
10 862
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
балаларды жаңа жыл мерекесімен таныстыру, тақпақ өлеңдерін түсіне мәнерлеп айтуды үйрету. ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қош келдің, Жаңа жыл!
Қош келдің, Жаңа жыл!
Жаңа жылдық ертеңгілік сценарийі. Оқушыларға мерекелік көңіл күй тудыру, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне балалардың, Аяз атаның, ақшақардың, жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту, көңілді ойындар ойнату, достық қарым
Келе жатыр Жаңа жыл!
Келе жатыр Жаңа жыл!
Қане, құрбыларым келіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Ән жырларды төгіңдер.
"Қош келдің Жаңа жыл!"
"Қош келдің Жаңа жыл!"
Қандай жақсы шыршамыз, Ән шырқайық, баршамыз. Тақпақ айтып, би билеп, Жаңа жылды бастайық
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×