Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Қош келдің Жаңа жыл!"

03 желтоқсан 2021, Жұма
Балалар әуенмен ішке кіреді
Тәрбиеші: Қандай жақсы шыршамыз,
Ән шырқайық, баршамыз.
Тақпақ айтып, би билеп,
Жаңа жылды бастайық

Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар, ұстаздар. Көптен күткен қуанышты мереке жаңа жыл келе жатыр. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын. Барлығымызға бақыт, береке, көп қуаныштар, жақсылықтар әкелсін! Жәнеде осы жаңа жылға арналған бүгінгі ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Біздің бүлдіршіндеріміздің жаңа жылға шашуы ретінде «Кукарелла» биін билеп береді.

Тәрбиеші: Балалар, ортамыздағы әсем не?
Балалар: Шырша!
Тәрбиеші: Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді екен?

Саят:
Жап жасыл шыршамыз,
Қандай тамаша.
Басында жұлдызы,
Қонады жараса.

Айсара:
Ойнаймыз тойлаймыз,
Біздің бақшада.
Ойыншықтар көп екен
Әсем шыршада.

Бексұлтан:
Жасыл шырша орманнан,
Бізге арнайы келіпті.
Ойыншығын балалар,
Шыршаға әсем іліпті.

Нұрсая:
Әсем шырша сәнденген,
Өз аңдарын күтеді.
Жаңа жылмен бірге біз,
Орманға кеп жетеді.

Ұлбөбек:
Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы,
Көз тоймайды қараса.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Өте жақсы айттыңдар. Музыка әуенімен залға секеңдеп қоян кіреді.

Қоян: Ой, балалар, балалар, сүйінші, сүйінші!
Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп - ойнап,
Көп қызыққа батамыз!
Секіріп билеп жүрген қоянның алдынан аю шығады. Қоян сасқалақтап қалады.

Қоян: Амансыз ба, аю паң!
Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Қоян: Мына бүлдіршіндердің де жаңа жылға дайындаған биін тамашалап, бірге билейік.
Екеуі қол ұстасып, билейді.

Би: «Қар ұлпалары»
Сол кезде қуана қутыңдап түлкі келеді.

Түлкі:
Қоянжанға бір сәлем!
Аю паңға мың сәлем!

Аю, қоян: Аман ба, түлкі, кел мұнда!

Түлкі:
Достарым, жыл келеді
Сыйлығын ол береді
Жұмбақ шешкіш түлкінің
Өнерін жұрт көреді
Тауып өз сыңарымды
Тайсалмай, биге түciп,
Тарқатам құмарымды.

Толық нұсқасын жүктеу
27 844
0
  • 0
0 дауыс
Жаңалықтар
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Балаларға мерекелік көңіл күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, балалардың Аязатаның, Ақшақардың, Қоянның карнавалдық киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату, достық қарым - қатынас ояту, бірлескен ойындар ойнату.
Жаңа жылға арналған тақпақтар жинағы
Жаңа жылға арналған тақпақтар жинағы
Жаңа жыл, жаңа жыл. Жаңа жылға жаңа жыр! Жасыл шырша жанында, Билеп барлық бала жүр!
Жарқыра шырша
Жарқыра шырша
Құрметті ата - аналар, қонақтар! Жаңа жылыңыз құтты болсын! Жаңа жылға арналған «Жарқыра шырша» атты ертеңгілігімізді қабыл алыңыздар.
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Төрле, төрле, Жаңа жыл!
Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөзін балабақша меңгерушісі Сәуле Сатыбалдықызына беріледі. Балалар бүгін біз Жаңа жылды қарсы алуға жиналдық. Келіңдер, сән құрап тұрып, қол ұстасып жүріп ән салайық.
Келе жатыр Жаңа жыл!
Келе жатыр Жаңа жыл!
Қане, құрбыларым келіңдер, Шырша сәнін көріңдер. Әсем әнмен би билеп, Ән жырларды төгіңдер.
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Құтты болсын, Жаңа жыл!
Актобе облысы, Мугалжар ауданы, Ембі қаласы, «Достық» балабақшасының тәрбиешісі Мухамбетова Жулдуз Эльбекбаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×