Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Астана - бас қала

11 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Астана - бас қала
Мақсаты: 1. Білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
2. Дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту,
3. Тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында, қаламызды сүюге тәрбиелеу.
Сабақ жоспары
Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, оқыту, іздендіру, жаттығу, мәнерлеп оқу, түсіндіру
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, мәтін, слайдтар, ән айту, сөзжұмбақ
Пәнаралық байланыс: әдебиет, музыка
Эпиграф: Астана – жаңа қала, арман қала.....

Барысы:
1. Ұйымдастыру
2.»Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу
3. Астана туралы фотоальбом көру
4. Мәтінмен жұмыс
5. Сөздік жұмысы.
6. Дәптермен жұмыс: деңгейлік тапсырма
7. «Шын немесе жалған»
8. Сергіту сәті
9 Қорытындылау: Бес жолды өлең
10Үйге тапсырма
11. Бағалау

І. Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Әнұран айту.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңыздар.
- Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?

ІІ. «Ой шақыру» Сөзжұмбақ шешу. Бүгінгі сабақ, балалар, ерекше сабақ. Ал сабақтың тақырыбын ашу үшін, сөзжұмбақты шешеміз. Мына сөздерді қазақ тіліне аударыңдар.
Сонымен, балалар қаңдай сөз шықты? – А с т а н а

ІІІ. Aстана — фотоальбом көру.
Астана десе ойыңызға не түседі?
-
Қаланы аралап көргілерің келе ме?
-
Ендеше, бәріміз бірге Астана қаласына саяхат жасайық.
Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтыру

IV. Мәтінмен жұмыс: а) мәнерлеп оқу, аудару.
Астана – жас қала
Астана – Қазақстанның жаңа астанасы. ол Солтүстік Қазақстанның Ақмола облысында орналасқан. Оның жазы салқын, қысы суық. Онда өндіріс орындары көп. Қала үлкен, әдемі. Жаңа, әдемі ғимараттары, ықшам аудандары салынып жатыр.
Астанаға қонақтар көп келеді.

V Сөздік жұмысы:
орналасқан - расположен
өндіріс - промышленность
ғимарат - здание
ықшамаудан – микрорайон
қонақ - гость
Сөз тіркесі немесе сөйлем құрастыру. Тақтада жазу.

«Ой қорыту» - 7 сұрақ
1. Қазақстанның астанасы қай қала?
2. Ол Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
3. Оның жазы, қысы қандай?
4. Онда нелер көп?
5. Қала қандай?
6. Қалада нелер салынып жатыр?
7. Астанаға кімдер көп келеді?

VI Дәптермен жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар
III деңгей:
1 - тапсырма: сөздерді қазақ тіліне аударып, сөз тіркесін тап.
новая столица ғимараттар
расположен қонақтар
промышленность орналасқан
здания жаңа астана
гости кәсіпорын

II деңгей:
2 - тапсырма: Дұрыс сөйлем құра:
1. Астана, қала, жас.
2. Астана, облысында, орналасқан, Ақмола.
3. Астанада, орындары, көп, өндіріс.
4. Астанаға, қонақтар, келеді, көп.
I – деңгей:
«Астана» туралы әңгіме құрастыр

Грамматикалық материал: Қайталау
1. Қазақ тілінде неше септік бар? Атап шығыңдар. Бір сөзді септеңдер.
2. Тәуелдік жалғауларын айтып беріңдер. Мысал келтір:….

Тапсырма: Мына сөздерді септе:(Топтық жұмыс).
1 топ: үй, автобус.
2 топ: кітап, сөмке.
2. тапсырма: Мына сөздерді тәуелде:
1 топ: 2 топ:
Отан, ел Астана, жер

VII. «Дұрыс па, бұрыс па?» ойыны.
1. Тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы – Көкшетау (... ).
2. Астана – болашағы үлкен қала (... ).
3. Менің қалам онша үлкен емес, бірақ өте әдемі (... ).
4. Қалаға көп қонақтар келмейді (... ).
5. Мен Көкшетау қаласында тұрамын (... ).

VIII. Сергіту сәті:
Оң жаққа, оң жаққа Алға бір адым басамыз,
Сол жаққа, сол жаққа. Артқа бір адым басамыз,
Биікке қараймыз, Орнымызды табамыз.
Төменге қараймыз.

IX. Сабақтың соңы:
1. Қорыту: Бес жолды өлең құрастыру:
1. 1 зат есім: Астана.
2. 2 сын есім: әдемі, жаңа
3. 3 етістік: гүлденеді, дамиды, өзгереді
4. 4 сөзді сөйлем: Астана - жаңа жас қала
5. синонимін табу: Елорда.

X. Дәптерімізді ашамыз, үй жұмысын жазамыз:
1. Үйге: «Астана» мәтінін мазмұндау,
2. альбом жасау;
XI. Баға қою

Астана - бас қала. жүктеу
2 791
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана – бас қала
Астана – бас қала
Қарапайым тілдік құрылымдар мен мәтіндер, суреттер негізінде қала туралы өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Септік жалғауын қайталау.
Менің Қазақстаным
Менің Қазақстаным
Жаңа сөздермен таныстыру, оларды оқушылардың белсенді сөздік қосуға жаттықтыру. Оқушылардың сөйлеу әрекетін (оқу, тыңдау) қазақша ойлауын, есте сақтауын дамыту.
Қазақ тілі бойынша 5 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Қазақ тілі бойынша 5 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Үстеулерді қайталау
Үстеулерді қайталау
"Астана"- парсы сөзі. Көне парсылар қалаға кірер бас қақпаны (табалдырықты) айтқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді.
Астана - бас қала
Астана - бас қала
[right]Солтүстік Қазақстан, Павлодар қаласы Спортта дарынды балалар үшін мамандандырылған мектеп – интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлімқұлова Динара Ерсаинқызы
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×