Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үстеулерді қайталау

Павлодар облысы, Май ауданы,
Майтүбек жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі
Кайракбаева Алмагуль Базарбаевна

Лексикалық тақырыбы: Қазақстанның астаналары.
Грамматикалық тақырыбы: Үстеулерді қайталау.

Мақсаты: 1) білімділік: оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен байланыстыра білу.
2) дамытушылық: алған білімдерін толықтырып, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту.
3) тәрбиелік: Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу, елордамызды сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру.
Әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, топпен жұмыс, іздендіру, деңгейлік тапсырмалар, ой қозғау, түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, тест, мәтін, слайдтар, сөзжұмбақ.
Пәнаралық байланыс: тарих, география, әдебиет, орыс тілі.

Барысы: I. Ұйымдастыру бөлімі.
1) "Астана" әнін тыңдау.
Балалар біз тыңдаған ән не туралы?
2) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту, күннің жадын жаздыру.

II. Негізгі бөлім.
1) Ой қозғау: Астана (Астана туралы не білеміз?)
Есте сақтаңдар:
"Астана"- парсы сөзі. Көне парсылар қалаға кірер бас қақпаны (табалдырықты) айтқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді.
2) Сұрақтар:
- Біздің Отанымыз қалай аталады?
- Ол қандай ел?
- Тәуелсіздікке қашан қол жеткізді?
- Қазақстан қандай мемлекет? ( көп ұлтты?)
- Қазақстан қай жерде орналасқан?
- Қазақстанның елбасы кім?
- Ата заңы қашан қабылданды? (1993ж 28. 01 екінші рет 1995 ж 30 тамызда)
- Ұлттық ақшасы қандай?
- Рәміздері қандай?
- Еліміздің астанасы қай қала?
- Қазақстанның неше астанасы болды?
Ендеше, балалар Астаналар туралы өздерің дайындаған жобаларыңды қорғайық.
3) Үй тапсырмасын сұрау: Жоба қорғау (Орынбор, Қызылорда,
Алматы, Астана) бұрынғы астаналар туралы әңгімелеу.
4) Астана туралы ойымызды жинақтап ортаға саламыз. (толықтыру)
5) Мәтінмен жұмыс.

Астана.
Бұл сөзге бүгін қазақ түгіл, төрт - күл әлемнің еті үйренгендей.
Астана сөзі тілге оралғанда шаһар ретінде жаңа - жаңа бойын тіктеп, еңсе көтеріп келе жатқан Елордасы көз алдымызға келе қалады.
Ол – тым жай қала ғана емес. Елорда. Кеше ғана Тәуелсіздігін алып, буыны енді қатайып келе жатқан Қазақ мемлекетінің астанасы.
Астана қазіргі күні көздің жауын алады. Қарап тұрып сүйсінесің, сүйсініп тұрып, әжептәуір шүкіршілік етесің.
Астана – бұл қазақтың мерейі, мәртебесі. «Мерейіміз таси бергей, Астанамыз ажарына ажар қосып, сұлулығынан танбағай» деген шынайы көңіл тұла бойды кернейді.
Астана дүниежүзіне мәлім. Мұнда әлемнің талай мемлекеттерінің өкілдері бас қосып, пікір алмасып, өте маңызды шешімдер қабылдап жүр.
Астана – ел мақтанышы. Мұнда қызмет ету де, білім алу да – бақыт.
Астана – жаңа қала, жаңа шаһар. Ол келешекте бүгінгіден де құлпырып, ілгері көркейе беретіндігіне сеніміміз мол.

Сөздік жұмысы:
төрткүл әлем -
еңсе көтеру -
буыны қатаю -
мерей -
сенім -
Мәтін бойынша сұрақтар қою;
Мәтіннен үстеулерді табу.

5) Грамматика. Үстеуді қайталау.( құрамына, тұлғасына, мағынасына қарай)
Мекен үстеу
Ережесі: Қимылдың болу орнын білдіреді.
Сұрақтары: Қайда? қалай қарай? қайдан?
Мысалы: Төмен, кейін, алға, осында, жоғары.

6) Тапсырмалармен жұмыс
1 - тапсырма. Көп нүктенің орнына үстеулердің бірін қойыңыз.
Орынбор өлкесі........ қазақ жерінің құрамдас бір бөлігі болатын. 1925 жылы наурыз айында Қазақстанның астанасы........ көшті. Ол Алматыдан........ пойызға отырды. Астана қаласына машинамен........ жеттік. Аз уақыттың ішінде Астана............ өзгерді. Қазіргі Қызылорда......... ақ күріштің Отаны. Астанаға қонақтар........ қала күніне байланысты жиналды.
Керекті сөздер: әдейілеп, нағыз, соншалық, әрең, амалсыз, осында, ол кезде.

2 - тапсырма. Сөйлемдер құраңыз.
а) Қазақстанның самая первая столица - Оренбург, столицей в 1925 - 1929 годы была Кызылорда, столицей с 1929 по 1997 год стал Алматы.
ә) Астана стала новой столицей 20 октября 1997 года, за короткое время превратилась в красивый город, собирается стать одним из красивых городов Евразии.
б) Астанада 10 июня прошла праздничная церемония открытия новой столицы, выросли многоэтажные дома и здания.

«Астана - бұл менің төл перзентім. Әр адам, тегінде, өз қаласын сүйетін шығар. Ал біз астаналықтар өзіміздің жас қаламызды үш есе артық сүйеміз, өйткені біз оның құрылысын тақыр жерден бастадық. Мұндағы әрбір жаңа мүйіс, әрбір жаңа ғимарат біздің жүрегімізден шыққан, өйткені олар туған сәтінен бастап біздің көз алдымызда»

"... Астана халқымыз ғасырлар бойы армандаған Тәуелсіздіктің басты символы және қуатты факторы болды. Астана – жаңа Қазақстанның қуаты және оның көп ұлтты халқының біріктірудің қайнар бұлағы".
Н. Назарбаев

III. Қорытындылау.
1) «Бес жолды өлең» стратегиясы.
1. 1 зат есім
2. 2 сын есім
3. 3 етістік
4. 4 сөзді сөйлем
5. синоним

Толық нұсқасын жүктеу
2 363
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Сен қайдан келдің? Септіктерді қайталау.
Астана қаласына қатысты мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына сәйкес түсініп оқу, оқығанын мазмұндап айту дағдысын қалыптастыру
Қазақ тілі бойынша 5 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Қазақ тілі бойынша 5 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Қазақ театрлары
Қазақ театрлары
Сабақтың тақырыбы: Қазақ театрлары. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Қазақстан – біздің Отанымыз  Жіктік жалғау
Қазақстан – біздің Отанымыз Жіктік жалғау
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Топар кенті, Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Кошанова Нұргүл
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қалаға саяхат (5 сынып)
Қарағанды қаласы, № 74 ЖББОМ орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сембаева Асель Сериковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×