Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дара тұлға, дана тұлға - Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов

03 ақпан 2018, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
ҚР ҚМ Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы
Шымкент республикалық ‘’Жас ұлан’’ мектебі
Г. Алтыбаева

Қатысушылар: барлық оқырмандарға
Өтілген күні: мектеп кітапханасы
Тақырыбы: "Дара тұлға, дана тұлға - Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов"
тақырыбында - дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелдің жоспары.
Мақсаты: Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов туралы жан – жақты түсінік бере отырып, генерал Сабыр Рахымовтың Отан үшін сіңірген ерлігі туралы пікір алмасу.

Жүргізуші: Құрметті «дөңгелек үстелге»қатысушы қонақтар, ұстаздар, ұландар. 11 ақпан генерал Сабыр Рахымовтың 115 жыл туылған күнін атап өткеніміз бар. Біз де өз тарапымыздан үлес қосудамыз.
С. Рахымов туралы мәлімет оқу.
Биыл Орта Азиядан шыққан тұңғыш генерал С. Рахымовтың дүниеге келгеніне - 115 жыл толды.
Қазақ халқының даңқты ұлдарының бірі Генрал - майор Сабыр Омарұлы Рахымов 1902 жылы 11 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысындағы Қазығұрт тауының етегінде Көкбелді ауылында туылған. Сабыр 5 - 6 жасар кезінде Омарқұл қайтыс болған соң, шешесі Бахрайым және қарындасы үшеуі Ташкент қаласының Пақтапұл деген ауылына көшіп барады. Онда Бахрайымның туған ағасы дирменші Рахымның қолында болады. Сабыр мектепке барған кезде нағашысының балалары қатарында «Рахымов» болып жазылып кеткен. Сабыр 1922 жылы Бакудегі әскери мектепке қабылданып оны үздік бітіреді. С. Рахымов мектептен соң, атты әскер взводына эскадрон командирі болып, Қарақұмдағы басмашыларға қарсы күресте үлкен ерлік көрсетеді.
Осыған байланысты ол 1927 жылы Қызыл ту орденімен, 1930 ж. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталады.
1932 - 33ж. партия жұмысын ұйымдастырушы, 1933 жылдан бастап әскери өмірде үнемі жоғарылап отырған.
Репрессия жылдарында 1937 жылы С. Рахымов 19 ай тұтқынға алынған.
1941 жылы С. Рахымов 43 - армияның құрамында соғысқа кіреді.
1941жылы қазан айында 56 - армияның 353 дивизясына қарасты 1149 - атқыштар полкінің командирі болып тағайындалды. Бұл кезде әскери шені майор болған.
1942 жылы дивизия жаңадан толықтырылып, С. Рахымов 353 атқыштар дивизиясының командирі міндетін атқарды. Сол жылы полковник шеніне ие болады.
1943 жылы С. Рахымовқа генерал - майор шені берілді.
1943 жылы мамыр айында Москвадағы бас штаб Академиясына оқуға шақырылады.
1945 жылдың 25 - науырызында Гданьск қаласының маңында жаумен шайқас кезінде генерал - майор С. Рахымов ерлікпен қаза тапты.
1965 жылы 6 мамырда КСРО жоғарғы Кеңес Президиумының қаулысымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегін С. Рахымов туралы ғылыми зерттеу жұмысын айналысып жүрген ұланымыз Тұрсынбек Даниярға береміз.
*****************************************************************
Жүргізуші: Тұңғыш генералдың өмір баянына саяхат жасайық
1. Сабыр Өзбекстанға неше жасында кетті? (5 - 7 жас аралығы) Не себеппен? (әкесі қайтыс болу себебімен, анасы төркініне алып кетті)
2. Сабырдың тегі не себепті өзгертілді? ( нағашысы өзінің тегін берді)
3. Сабыр қай жерде білім алды? (Өзбекстанда )
4. Кішкентай Сабырды нағашысы балалар үйіне кандай себеппен өткізді?
(жағдай төмен болғаннан кейін мәжбүр болды)
5. Жоғары білімді кай қалада оқыды? (Баку әскери училищесі )
6. Сабырдың әскери өмірі кай жылы басталды? (шамамен 1927 ж)
7. Тұңғыш генералдың ерлік жолы қалай басталды? ( 1935 - 1945 )
Жүргізуші: Бүгінгі дөңгелек үстелімізге Сабыр аталарыңа арнаған өлеңдерің болса, қане, тыңдап көрейік.
1. 2 рота 2 взвод Уәкіл Самұрат
2. 4 рота 2 взвод ұланы Аспандияр Дулат
3. Абдулла Ерсұңқар
4. 3 рота 2 взвод Мәжит Дидар
5. Теңізбаев Дегерез
6. 3рота 3 взвод Сұлтанов Нұрсұлтан
Жүргізуші: Сұрақ - жауап кәрзеңкесі
1. «Темір генерал» атағын кім берді және генерал - майор шенін қай жылы берілді?
2. С. Рахымов 1943 жылы қай оқуға шақырылды және сол кезде оған кімдер мінездеме берген?
3. Сабыр атамызға қоладан жасалған аттың мүсінін кім сыйлады?
4. Репрессия жылдарында С. Рахымовты не себептен қамауға алады?
5. С. Рахымов қай жылы қандай ордендермен марапатталды?
6. С. Рахымовтың қазақ екенін кім зерттеп, дәлелдеді.?
Жүргізуші: "Дара тұлға, дана тұлға - Қазақтан шыққан тұңғыш генерал Сабыр Рахымов" тақырыбында өткен бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті. Қорытындылай келе, осы дөңгелек үстелге қатысып, үлестерін қосқан ұландарымызға алғыс білдіре отырып, сендерге тілейтініміз Сабыр аталарың сияқты патриоттық рухтарың биік болып, әрқашан биік щыңдардан көрініп, Қазақ елінің намысын қорғай беріңдер!!!
4 452
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рахымов
Қазақтың тұңғыш генералы – Сабыр Рахымов
Кеңес Одағының Батыры, аты аңызға айналған қазақ халқының тұңғыш генералы, халық батыры Сабыр Рахымовтың өмірімен терең таныстыру, ерлікке өмірін үлгі ету. Отанын, халқын, тарихын Сабырдай сүйіп, Отанға адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы білім беру.
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропаның жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру.
Үйсiндердiң басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы, мәдениеті
Үйсiндердiң басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы, мәдениеті
Үйсiндердiң басқа мемлекеттермен қарым - қатынасы, мәдениеті.
Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы
ОҚО, Түркістан қаласы, С. Сейфуллин атындағы №4 мектеп - лицейінің Орыс тілі мен әдебиеті пән мұғалімі Даханова - Сабыркулова Кулзия Абдирасиловна
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
Астана қаласы әкімдігінің «Көпбейінді колледжі» МКҚК тарих пәнінің оқытушысы Усманова Гулжан Камбаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×