Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Отан Соғысы

20 сәуір 2018, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
1. Жүрг (Арай): Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі біздің мерекелік іс - шарамыз жеңіс күніне және Қазақстан Республикасының ұландар күніне арналған.
2. Жүргізуші (Гүлден): Қош келіпсіздер қадірменді әріптестер және балалар мерекелік шармызды бастауға рұқсат етіңіздер.
3. Жүргізуші (Назгүл): Сәлеметсіздер ме, ханымдар мен мырзалар және де жас ұландар. 9 мамыр жеңіс күні баршамызға құтты болсын. Сонымен қатар 7 мамыр Қазақстан республикасының ұландар күні де құтты болсын.
1. Жүрг (Арай): Иә, соғыс өзінің сұмдықтарын бүгінгі күнге дейін ұмыттырар емес. Ұлы Отан Соғысының жеңіспен аяқталғанына міне 71 жыл болды. Бірақ, сол жылдар жаңғырығы адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Иә, уақыттың тарихы атты өз төрешісі бар.
2. Жүрг (Гүлден): 1945 жылдың 30 сәуірінің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен — Рақымжан Қошқарбаев. 4 жылға жуық созылған қан төгіс аяқталды. 9 мамыр — Жеңіс күні. Бірақ бұл жеңіс оңайлықпен келмеді. КСРО - ның 1710 қаласы күл талқан болды. 70 мыңнан астам село мен деревняны өрттеп жіберді. Қаншама ана баласыз, қаншама бала әкесіз қалды. Соғыс даласынан 20 миллионнан астам адам қайтқан жоқ, ал соның ішінде 350 мыңы қазақ болатын.
3. Жүрг (Назгүл): Иә аспанымызда Жеңіс туы желбірегеніне — 71 жыл. Соғыс өрті өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнап, бақыт гүлін тергенде — 71 жыл.
71 жыл — бейбіт көктем таңы атқалы,
71 жыл — шуақты күн таратты әнін.
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлеміне қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді.
71 жыл — жауыздықтың ажал оғы,
Біздің елдің үстінен ұшпағалы.
1. Жүрг:
Сен неткен Отан — анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,
Жайнай берғ Ұлы Отаным — қазақ елім.
2. Жүрг:
Желбіре, көгілдір Ту, көк аспанда,
Не жетсін жөні келіп жарасқанға.
Сен менің құдіретім, кием - дағы,
Айбардың айтсын сөзді адасқанға.
Құрметті қонақтар, әріптестер және балалар, бұл соғыста талай адам мерт болды, енді сол мерт болған бауырларымызды, аталарымызды, апаларымызды еске алып 1 минут үнсіз тұрайық.
1 минут үнсіздік
( әр топтан екі бала шығып өшпес оттың жанына гүл шоқтарын қойады)
3. Жүргізуші: Қамықпаған қиындықтың үрейінен,
Өздеріңе силап қырдың гүлінен
Бүгінгі ұрпақ – бақытты ұрпақ атанып
Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары
Жігерменен құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы - дегендей енді ересек топ балаларының мерекелік шеруін бастаймыз.

1. Жүрг: Ортада І ересек «Құлыншақ» тобы
2. Жүрг: ІІ ерсек «Қошақан» тобы болашақ теңізшілер
3. Жүрг: ІІІ ересек «Балдырған» тобы болашақ десантшылар

Балалар саппен бірінің артынан бірі жүреді. Тәрбиеші «Жеңі күні жасасын» деп айтқанда балалар үш рет ура - ура - ура - деп айтады.

1. Жүрг: Енді әскери техникалар жеруін тамашалаңыздар.
(Ортада 1 - ші үш балал веолосипедпен жүреді, артынан үлкен машиналар, сосын ұшақтарды қолдарын ұстап үш бала жүреді)

Балалар айналып келіп ортада тұраға тұрады

2. Құрметті қонақтар, әріптестер біздің балалар болашақ Отан қорғайтын сарбаздар. Оларда өскенде елін, жерін қорғайтын болады. Олардың ішінде қазырден бастап дайындалып жүргендері бар. Енді сосның дәлелі ретінде ортаға 1 - ші, 2 - ші және 3 - і ересек топ балаларын шақырамыз.

Балалар каратэ көрсетеді. 1 - ші ересек бокс көрсетеді.

3. Жүрг: Бүгін мереке, жеңіс күнін және ұландар күнін тойлаймыз. Сол мерекеге орай әнде, биде де, тақпақтар да жаттады. Енді І ересек
«Құлыншақ тобының орындауында әнді қабыл алыңыздар.
Ән: «Қызғалдақты көктемде» хор

Тақпақтар кетеді (бәрі айтады)
Би: Синиий платочек» «Қошақан» тобының қыздары

1. Жүрг: Құрметті қонақтар, жаңа айтқандай бізідің балалар, болашақ сарбаздар. Енді оларды да бір сынап көрейік.

Жарыс: Кім бірінші»
Шарты: ортаға әр топтан 1 қыз, 2 - і бала шығады. Қыздар қуыршақты бинтпен байлайды, ұлдар носилкаға салып жүгіреді, сосын бір баланы ң басын байлап, оны екі бала иығыннан ұстап, тез жетулері керек.

2. Жүрг: Енді кезекті әдемі биге береміз. Ортада ІІ ересек балдырған тобы

«Теңізшілер» биімен қарсы алыңыздар «Қошақан» тобы

«Балдырған» тобының орындауында ән
Ән: «хор»

3. Жүрг: Тамаша билейді екенсіздер, енді келесі сайысымыз

«Картоп тасу» - деп аталады ( үш топ балалары шығады)

Шарты: балалар бір жақтан келесі жаққа қасықпен картоп тасыйды.

Ұлы Отан Соғысы. жүктеу
1 800
0
  • 0
0 дауыс

Жаңалықтар
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Мерекелік ертеңгілік 9 - мамыр - Жеңіс күні!
Бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Ұлы Отан соғысына қатысқан батырларымыз кімдер еді? - Ә. Молдағұлова. М. Мәметова. Б. Момышұлы, Н. Әбдіров т. б.
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 мамыр – Жеңіс күні құтты болсын!
9 - мамыр Жеңіс күні - бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мейрам. Әсіресе, бұл мерекені екінші дүниежүзілік соғыстың бар ауыртпалығын өз мойнымен көтеріп, Отан үшін от кешіп, соғыстың қанға бөккен даласында қайсарлықпен шайқасқан, Жеңістің туын
Желбіре, Жеңіс туы!
Желбіре, Жеңіс туы!
Отанды қорғауға, сүйіспеншілікпен қарауға, сүюге, үлкенді құрметтеуге, отан үшін шайқасқа түскен аға - апаларымыздың рухына бас июге, үлкенге – ізет, кішіге - қызмет етуге, адамгершілікке, елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Отты жылдар жаңғырығы
Отты жылдар жаңғырығы
Тақырыбы: Отты жылдар жаңғырығы
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады
Жеңіс күні де ару қаламызға келіп жетті. Өздеріңізді осы келіп жеткен Жеңіс күні мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге дендеріңізге саулық, шығармашылық табыс тілейміз.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×