Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!

12 маусым 2019, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!
Бүгін еліміздің қорғаныс қабілетінің кемелденгенін білдіретін мереке. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР - ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшуіне байланысты қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 1992 жылдың 7 мамырында тәуелсіз елдің заңдық құқықтарының негіздеріне және тәуелсіз мемлекеттер достығына қатысушы мемлекеттер арасындағы қол жеткен келісімдерге байланысты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Бұл Жарлық бойынша, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер өздерінің мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Жоғарғы Бас Қолбасшы ретінде Қарулы Күштерді басқаруды Президент өз мойнына алды. Елбасынан басқа қорғаныс ісімен тікелей шұғылданатын алғашқы Қорғаныс министрі болып генерал - полковник С. Нұрмағанбетов тағайындалды. Бұл күн Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылған күні болып құрылғандықтан «7 мамыр Отан қорғаушылар күні» деп жарияланды.

Аталған жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен үш жүйелі штаб - жаяу әскерлер, әуе қорғанысы күштері мен әскери - теңіз күштерінің бас штабтары бекітілді. Аэроұтқыр күштерге Жоғарғы Бас қолбасшының резерві құзыры берілді. 2001 жылдан Қазақстан 4 әскери - Орталық, Оңтүстік, Батыс және Шығыс округке бөлінді.

Бүгінгі күні Қазақстан өз азаматтарының әскери қызмет атқаруының жағдайы мен тәртібін дербес анықтайды, өз аумағында әскерлердің, қару – жарақтың және техниканың орналасу мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне жалпы мақсаттағы күштер, әуе - қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер кіреді. Өз кезегіне қарай, қарулы күштер түрлі бөлімдерден және әр түрлі құрамалар мен арнайы әскерлерден тұрады.

Топ тәрбиешісі: Адамова Нургуль Бейсембаевна
7 мамыр - Отан қорғаушылар күні!. жүктеу
985
0
  • 0
0 дауыс
Жаңалықтар
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Төтенше жағдайлардың алдын алу, 1 наурыз – Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Ұлы бабалар тағылымы
Ұлы бабалар тағылымы
“Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін” деп Қасым Аманжолов жырлағандай, Қазақстанның алыптығы сондай, оның аумағына Франция, Италия, Грекия, Швеция, Норвегия мен Финляндия бәрі бірдей сыйып кете алады. Осындай байтақ, бай
Мерекелер
Мерекелер
Менің Отаным – Қазақстан. Қазақстан Еуразия құрлығында орналасқан. Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда әр түрлі ұлт өкілдері тату тұрады. Мен Қазақстанды жақсы көремін.
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану іс - шаралары
Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану іс - шаралары
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Тана мырза орта мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы - ұйымдастырушысы: Байназаров Айдын Айтқалиұлы
Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер
Егеменді ел қорғаны - Қарулы Күштер
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы, М. Әбдіхалықов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жақайқызы Сауле
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×