Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ата-баба тегін білу - ұрпаққа аманат

10 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің
информатика пәні мұғалімі Зейнуллаева Лаура

Тақырыбы: Ата – баба тегін білу - ұрпаққа аманат.
Мақсаты: Адамгершілікке баулу, елін, жерін, ұлтын сүйетін азамат болуға тәрбиелеу, өзара құрмет сезімін ояту, басқаның пікірін сыйлауға тәрбиелеу.

Түрі: Сын тұрғысынан ойлау
Әдісі: Фактілерді жинау, рөлдік ойын, галереяға саяхат, сиқырлы таяқша, кейіпкерге хат.
Көрнекілігі: слайдтар, буклеттер, парақшалар, цитаталар,

Цитаты: Жеті атасын білген ер,
Жеті жұрттың қамын жер.

Барысы: І. Қызығушылығын ояту:
Сынып үш топқа бөлінген. Топтардың аты мен ұстамдарын таныстырады.
1) Балалар, ата – баба ұғымы туралы білеміз?
2) Жеті атамызды білеміз бе?
3) Аталар шежіресін қалай зерттеп білеміз.

ІІ Мағынаны тану:
1) «Фактілерді жинақтау» әдісі: Оқушыларға үйіндегі ата – аналарынан, қариялардан сұрап, жақын адамдар мен туыстарының естеліктері, отбасы тарихы, өз ата – тегінің шежіресін зерттеп, жазады. Суреттер газет мақалаларын, атадан балаға ауысып келе жатқан мұраларды жинастырды. Барлық топ бойынша оқушылар түгел жазғандарын оқиды. Зерттеу бойынша жинаған әдебиеттерді, суреттерді, құжаттарды көрсете дәлелдеді. Бұның өзі оқушылардың жеке өз бетінше ізденуіне көмектеседі. Зерттеу жұмыстарын «Оқушы портфеліне» салынды.

2) «Рөлдік ойын» - Оқушылар өз тобынан бір оқушысының зерттегені бойынша көрініс қояды.

3) «Галереяға саяхат»
Әр топ аралап, басқа топтардың дайындаған көрнекіліктерімен, буклеттерімен, әдебиеттерімен танысады. Осылайша, әр топ өз-өздеріне сын көзбен қарап өздерінің жұмыстарын бағалайды.

ІІІ Ой – толғаныс:
4) «Кейіпкерге хат» әдісі:
Әр оқушы өзі таңдап алған кейіпкеріне өз арманын, сағынышын сырын, сұрағын қиялымен жазды. Бұл әдіс оқушының өзіндік ойлау, қиялдау ерекшеліктерін көрсетті. Оқушы ізденіп, өз мүмкіндігін көрсетіп өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етті. Өз ойын айтуға еркіндік алған оқушы ашылады. Тақырыптың кейіпкерге айналады, онымен бірге қуанады, армандайды, қиялдайды, жағымды жағын алады.

Әбдімұрат Айкен: - Ата, сіз мектепте ұстаз болдыңыз физика пәнінің сабақ бердіңіз. Зейнетке шықтыңыз сіз кеткен соң 2002 жылы 1-ші қыркүйекте бірінші сыныпқа бардым. Қазір бесінші сыныпта оқимын. Оқу озатымын. Сіз қайтқан кездегі 4 айлық Арайлы қазір бес жаста. 2006 жылдың 12 ақпанда Нұрқан деген бөпелі болдым. Қазір бір жасқа келді. Ата, сіздің бейнеңізді әрқашан есте сақтап, рухыңызға тие берсін айтып отырамыз. Немереңіз Айкен.

Әли Темірхан: Менің атам Сармолдаев Әли 1923 жылы дүниеге келген. 1941 – 1945 Неміс фашистермен болған соғысқа қатысқан. Менің атам 1941 жылы осы елдегі аталармен бірге аттанды. Мәскеу түбіндегі қалаларды қорғауға қатысқан. 1943 жылы ауыр жарақаттанып госпиталда 6 ай емделіп елге оралған. Елге оралғанда ауылшаруашылықтарда еңбек етіп соғыс аяқталуына үлес қосқан. Сол жарақатының ауыр зардабын көріп, 1975 жылы қайтыс болған. Мен атамның сіңірген еңбегін мақтан етемін.

Шарападин Самұрат: Баймұрат атам бай болған, ауылдың солтүстік – шығысында «Елшібай» көлі бар негізгі қонысын қазір «Баймұрат қыстауы» деп аталады. Малдың төрт түлігі түгел болған шөбін орып, малын бағатын құлдарында есеп жоқ деседі. Бірақ атам өзге байлардай оларға қысым жасамаған. Өзі өте мырза кісі дейді. Бірде-бір қызына құда түсіп келгенде, құдаға тай сойыңдар деген. Сонда қасындағы кеңесшілері «өу, Байеке қазақта қанша байлығың болса да салт-дәстүрден аттама деген», - деп зорға басып қой сойдырған. Арқада үлкен ас болатын болып, соған кетіп бара жатқан байлар, Баймұрат бай – бай дейді. Бізге шәй ішетін кесе тауып, бере алар ма екен деп алпыс адам аттан түседі. Атамыз іші сезсе керек, алпыс түрлі кесемен шай беріпті.

5) «Сиқырлы таяқша» әдісі
Бүгінгі тәрбие сағатында не игергенің, қандай әсер алғанын ауызша баяндап шығады.
Сынып жетекшісі қорытындылап, белсенді топ марапатталады. -----»

Бірде Нұрада ат жарыс болады. Соған бәрі кеткенде, үйде жүрген есі кемістеу кемпір самаурынның шаласын алып, жерге сөндімей тастаған, содан от ажырыққа тиіп, атамыздың алтынмен апталып, күміспен қапталған үлкен қонақ үйі өртенеді. Жанып болғанда алтын, күмістері балқып ағады. Содан атамыз келіп, көріп тұрып «Құдай от бәлеңнен, су бәлеңнен сақта» депті бар айтқаны.

Атамыздың екі әйелінен 14 баласы болған. Кейін Кеңес үкіметі орнап, байлардың малын, бар байлығын алып, өздерін жалалағанда, көптеген байлар шет жаққа қашты. Ал, атамыз балаларым аман болсын деп, бар байлығын үкіметке беріп, өзі Арал қаласындағы бір баласының қолына барып отырады. Арада 5-6 жыл өткенде елдегі ұлы Сиқымның қолына келіп, осы күнгі «Жолбарысты » деген жерде қайтыс болады.

1939 жылы атамызды түнде «Елшібайдан » қайықпен өткізіп, Нұраға жерлеген. Жерлегеннен кейін атамызды үкімет адамдары іздеп таба алмаған. Атамыз өлгенде қандай бай ескерусіз қалып барады деп, тиын шашқан Өте деген адам айдауға айдалып кеткен. Өтенің баласы Сраж – қазір аудандағы беделді балалардың әкесі. Атамыздың басына қорым салуға балалар қорқып, 1956 жылы ғана салған. Құлпытасты менің әкем Талғат 1996 жылы қойды. Атамыздың бір тайпа ел болып отырмыз.

Атамыздың екінші баласы Сиқым 1976 жылы келіні (әжем) 1988 жылы қайтыс болды. Сол кісілерден естіген менің әкем қазір 40-жастан асты. Баймұрат байдың кенже баласы Бердақтың әйелі, яғни атамыздың кенже келіні талай атаға қызмет еткен. Мәриям әжеміз әлі тірі, 90-ға келді. Қазір Қазалы қаласында тұрады.

Атамыздың Самұрат деген деген ағасы болған, онда бала болмаған. Үлкен әжелеріміз әкелерімізге айтады екен, сол аталарың ескерусіз қалмасын деп . Әжем дүниеден өткеннен соң өз атам Шарападин, үлкен атамның құрметіне Самұрат деп атымды қойыпты.
8 560
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер
Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің тарихын, ата - бабаларының тарихын білуі және оның жақсысынан үйреніп, жаманынан жиреніп қорытынды жасауы, сабақ алуы тиіс.
"Ынтымақты отбасы" сайысы
"Ынтымақты отбасы" сайысы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС - 12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Лексикадан өткенді қайталау
Лексикадан өткенді қайталау
Өткенді есте сақтап, тапсырмаларды сауатты орындауға баулу. Халқымыздың салт-дәстүрін. Жеті атасын білуге және өткен сабақтарды толық игеріп түсінуге тәрбиелеу.
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Абылайдың хандығы
Абылайдың хандығы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 Ү. Түктібаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Елбосынова Майра
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар жинағы 8 сынып
Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар жинағы 8 сынып
Деңгейлік тапсырмалар жинағы 8 – сынып. Біздің отбасымыз үлкен. Отбасында: әжем, атам, шешем, ағам, інім және сіңлім бар. Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста. Олар зейнеткерлер. Әкесі – суретші. Шешесі дәрігер болып жұмыс істейді. Ағам
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×