Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақ тілінен деңгейлік тапсырмалар жинағы 8 сынып

09 ақпан 2012, Бейсенбі
Деңгейлік тапсырмалар жинағы 8 – сынып
Отбасы сыйластығы
Біздің отбасымыз.
Біздің отбасымыз үлкен. Отбасында: әжем, атам, шешем, ағам, інім және сіңлім бар. Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста. Олар зейнеткерлер. Әкесі – суретші. Шешесі дәрігер болып жұмыс істейді. Ағам сегізінші сыныпта оқиды. Сіңлісі алты жаста, оның аты – Қарлығаш. Ол бала - бақшаға барады. Қарлығаш сурет салғанды жақсы көреді. Інісі кітап оқығанды жақсы көреді. Сәуле бесінші сыныпта оқиды. Сабағы жақсы. Үйдің жанында бау - бақша бар. Бақшада жеміс ағаштары көп.
І - деңгей
1. Мәтінді оқы.
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Сіңлі, қарындас, қонақ, дәстүр, құрметті, зейнеткер, жеміс.
ІІ - деңгей
1. Диалогті толықтыр.
- Бұл отбасы қандай?
-......
- Отбасында кімдер бар?
-.....
- Кімдер құрметті демалыста ма?
-.....
- Сәуленің әке - шешесі қанда жұмыс істейді?
-.....

- Ағасы мен інісі нешінші сыныпта оқиды?
-.....

-- Сіңлісі неше жаста, аты кім?
-.....
- Інісі не істегенді жақсы көреді?
-.....
- Сәуле нешінші сыныпта оқиды?
-.....
- Бақшада нелер өседі?
-.....
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жаса.
Сәуленің атасы мен әжесі құрметті демалыста. Шешесі дәрігер болып жұмыс істейді. Інісі кітап оқығанды жақсы көреді. Сәуле бесінші сыныпта оқиды. Сабағы жақсы.

ІІІ - деңгей
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. «Өз отбасың туралы» эссе жаз.
Қазақ отбасы. Жеті ата.
Өткен өмірдің бәрі – сабақ. Қазақ отбасы үшін тарих пен ата - баба шежіресі өте маңызды. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады. Өмір тәжірибесі мол халқымыз кейінгі ұрпаққа жеті атасын білуді міндеттеген және оны үйреткен, жаттатқан. Бұрынғы адамдар бір - бірімен танысқан - да, жүздескенде руын, тегін сұрауы осыдан шыққан. Қазір де солай.
Жеті ата әкеден төмен емес, жоғары таратылады. Оның дәлелі ретінде «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген қазақ даналығын айтуға болады. Әр адам өзінен кейінгі баласының, немересінің, әрі кетсе шөбересінің атын білуі керек. Жеті ата – бір кісіден тараған аталас қауым. Олар: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
І - деңгей
1. Мәтінді оқы
2. Сөздермен сөйлем құрастыр.
Қасиетті, парыз, ұрпақ, жеті ата, нағашы, немере, шөбере, отбасы. ІІ - деңгей
1. Диалогті толықтыр.
- Мәтінде не туралы айтылған?
-....
- Ұрпақ үшін не маңызды?
-....
- Халқымыз кейінгі ұрпаққа нені міндеттеген?
-....
- Қандай даналық сөз бар?
-.....
- Әр адам нені білуі керек?
-....
- Адамдар бір - бірімен танысқанда нені сұраған?
-....
- Жеті ата қалай таралады?
-....
- Жеті ата деген не?
-....
- Олар кімдер?
-....
2. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жас.
Өткен өмірдің бәрі – сабақ. Қазақ отбасы үшін тарих пен ата - баба шежіресі өте маңызды. Әр адам жеті атаға дейін жақын туыс саналады.

ІІІ - деңгей.
1. Мәтіннің мазмұнын айт.
2. Жеті атаңды жазып бер.
Отбасындағы дәстүрлер.
Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу.
Мысалы: Наурыз мейрамында әжем наурыз көже пісіреді. Біз дастархан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз. Мерекені көңілді өткіземіз. Үлкендер бата береді.

Астана қаласы
№ 3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сыздықова Сәуле Серікқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 810
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері
Қазақ тілі пәнінен қосымша тапсырмалар дәптері
Бұл жинақта оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәнін оқушыларға терең меңгертіп, қазақша дұрыс сөйлеп, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында құрастырылған.
Шығарма: Менің отбасым
Шығарма: Менің отбасым
Өзімді таныстыратын болсам, менің атым – Ерасыл. Мен 3 - сыныпта оқимын, оқу үздігімін. «Отан отбасыдан басталады» деген ақылды сөзді кітаптан оқыдым.
Менің отбасым
Менің отбасым
отбасы туралы түсініктерін кеңейту, қонақжайлыққа үйрету, әдептілік ережелеріне баулу. бейнелі ойлауын дамыту. Отбасындағы өзара сыйластық қарым қатынасын дамыту.
Диктанттар жинағы 1-4 сыныптар
Диктанттар жинағы 1-4 сыныптар
Жаңа бағдарлама бойынша диктанттар жинағы барлық ұстаздарға әдістемелік көмек. 1- сынып Менің үйім Бұл – менің үйім. Менің үйім әдемі. Үйдің терезелері үлкен. Терезенің алдында гүлдер бар. (13 сөз)
Менің отбасым
Менің отбасым
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Шаховское орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Жанмұқанова Сәбира Жасұланқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×