Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қыз қандай болу керек?

01 қараша 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қыз қандай болу керек?
Мақсаты: Қазақ халқының әдет - ғұрып, салт - дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында қоғамның, елдің, ұлттың тыныс - тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы, адамгершілігі мол, білімді, жан - жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Өткізу технологиясы: «Айтуға оңай...» тележобасы айдарымен
Барысы:
І. Кіріспе сөз
ІІ. Студия қонақтарын шақырып, сұхбаттасу
ІІІ. Пікірлер алмасу
ІҮ. Қорытындылау

1 жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылары бүгінгі «Қыз баланың тәрбиесі - ұлттың тәрбиесі» атты ток - шоуына қош келдіңіздер!
Жарық пен жылу, от пен суық жоқ жерде тіршілік те жоқ. Ал осылардың көктегі көзі – күн болса, жердегі көзі - адамзат. Адамдардың бір - біріне мейірімі мен ұлағатты тәрбиесі тіршілікті сақтайды. Тәрбиесі түзелмей, елдің көсегесі көгермейді, отбасы түзелмей, болашақ түзелмейді.

2 жүргізуші: Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз - ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін тәлім - тәрбие арқылы өлшенеді.
Біздің халқымызда «Қыз» деген сөзді әдеміліктің, әдептіліктің, жан - жақты сұлулықтың символы ретінде қолданады.
Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі - өнеге көрген қыз бала болашақта да сол әдебін сақатамақ. Ұлы ғұлама Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова «Қыз баланың мына өмірдегі міндет - парызының жүгі ауыр, әрі ардақты. Ол - адамзат ұрпағын өмірге әкелетін болашақ ана, үй ұстап, жар күтетін адал жар, ата - ене сыйлап, иілетін қамқор келін. Ол осыны қаласын қаламастан, бұл - өмір заңы»- деген.
Сол әдепті, инабатты, адамгершілігі мол, сыпайы қыздарды тәрбиелеу - бүгінгі мектептің, қоғамның және ата - ананың негізгі міндеті екенін естен шығармағанымыз жөн. Ендеше, қыз бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісіңіз, сырласыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.

1 жүргізуші: Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары, жаны жаздай жайрандаған.
Қыз өссе елдің көркі деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам,- дегендей, қазақтың қызы - қазақтай ұлттың айнасы. Қыз баланың тәрбиесі өте салмақты, бұл нәрсеге жеңіл көзбен қарауға мүлде болмайды. Қыз баланың дұрыс жүріп - тұруы ата - ананың мәртебесі. Шешесіне қарап бой түзейтін қыздар үшін ана берген тәлімнің ықпалы ерекше. Құрсақтан басталатын тәрбие, былдырлаған сәби кезеңмен, жасөспірімдік шақ, бойжеткендік жаспен сабақтасып отырады екен.

ІІ жүргізуші: Қыз өсіру, гүл өсірумен бірдей! Гүлге де әлсін - әлсін су құйып, ауа жеткізіп, айналасын арамшөптерден тазалап отырады ғой. Қыз да сондай. Сондықтан да мектеп жасындағы қыз балалар тәрбиесін негізінен 3 кезеңге бөлуге болады екен.
I - кезең – Бастауыш сыныптар кезеңі – қыздарды тазалыққа, ұқыптылыққа, жинақтылыққа үйрете отырып, білімге құштарлығын арттыру.
II - кезең – 5 - 8сыныптар арасындағы кезең - алғашқы кезеңдердегі тәрбиені дамыта отырып, қыз баланың келешегіне ең керекті, нәзіктік, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу, шыншылдық, тұрақтылық сияқты мінездерді қалыптастыру.

IIІ кезең – 9 - 11 сыныптар арасындағы қыз баланың қоғамның белсенді мүшесі екенін ұғынуға, адал достықты, таза махабатты түсінуге тәрбиелеу. Өнерге, мәдениеттілікке, өткен тарихқа, отаншылдыққа, отбасының алтын арқауы - негізі болуға үйрету.
8 - сынып тәрбиешісі Досымбекова Ақжан Тамабайқызын «Қазақ қызы қандай болу керек» тақырыбында баяндама оқуға шақырамыз. Енді өз құрбыларымыздың айтар сөзін тыңдасақ.
8 - сынып оқушысы Мұқажан Наурызбекті шақырайық
1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былай деген: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
Әдемі қыз –
Көрікті қыз –
Әсем қыз –
Ажарлы қыз –
Шырайлы қыз –
Ару қыз –
Әдемі қыз – баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы - жаманның жөнін біліп тұратын.
– Көрікті қыз – көрген жанды үйіріп, сөйлесе баурап алатын, бірден көзге түсе қоймайтын.
– Әсем қыз – жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік.
– Ажарлы қыз – дене бітімі жинақы, сөзі салмақты, ісі тиянақты.
– Шырайлы қыз – көз жанары өткір, бет әлпеті бал - бұл жанған, тәні шымыр.
– Ару қыз – бет пішіні, дене мүсіні келіскен, сөзі

8сынып оқушысы Жексембай Абылайды ортаға шақырайық
2. «Қызға қырық үйден тыю» 1. Жарыса сөйлеуге, 2. Жалғыз қыдыруға, 3. Жыртақтап күліп, сыпсыңдап сөйлеуге, 4. Орынсыз ұрынуға, 5. Басқаларға қол тигізуге, 6. Өтірік, өсекке
7. Суық жүріс, сумаң қылыққа, 8. Кісіге қарай керіліп есінеуге, 9. Талтайып отыруға, 10. Шалқайып жатуға,
11. Тамақты обырлана асауға, 12. Ұрлық қарлыққа, 13. Ұятты мүшелерін ашып жүруге, 14. Бұраңдап қылмысуға, 15. Қызыл іңірде жатуға 16. Түске дейін ұйықтауға, 17. Кісі алдында киім ауыстыруға, 18. Салт - дәстүрден аттауға, 19. Елді ғайбаттауға, 20. Үлкендердің жолын кесіп, атын атауға, 21. Ішімдік пен шегімдікке, 22. Ұрыс - керіске, 23. Беттен алып, бет жыртысуға, 24. Қараулыққа, ысырапқа, 25. Рахымсыздық пен қатыгездікке, 26. Түнде суға жалғыз баруға, 27. Жат жыныстылармен арласып жатуға, 28. Айқайлап сөйлеуге, 29. Әдепсіз сөзге, 30. Тарс - тұрс етуге, 31. Адам мен жануарларды тебуге, 32. Кісіні қорлап жәбірлеуге, 33. Тәкәппарлық пен сыйқымазақ жасауға, 34. Айғай сүреңге, 35. Шектен тыс сыланып жасануға, 36. Қызғаншақтық пен күншілдікке, 37., Менмендік пен өзімшілдікке, 38. Алдап - арбауға, 39. Көрсеқызарлыққа, 40. Нәпсі құмарлыққа

8сынып оқушысы Изет Серікболды шақырайық
3. Қай кезде де түзу болсын сәлемің,
Қадір тұтар сонда сені бар елің.
Білімді бол ісмерлікке бейімді
Өміріңе керек болар кейінгі.
Жан болмасаң жасында әдеп көрмеген,
Үлкен жолын кесіп өтпе көлденең.
Шектен шығып, сәнқойлыққа ұрынба.
Бетті бояп, қайшы салма бұрымға.
Ұятты бол, сақта арыңды жасыңнан
Сонда ғана бақ кетпейді басыңнан.
Қума босқа мақтан менен желікті,
Қыз дегенің қылығымен көрікті.
Ісің бітпей әңгіме айтпа көпіріп,
Содан шығар өсек пенен өтірік.
Түн ұйқысын төртке бөлген сен үшін
Ата - анаңды сыйлап өту борышың.
Биязылық сенен тапсын жарасым,
Сақта есіңе, сен болашақ анасың.
Жастан үйрен ұлттық әдеп - ғұрыпқа,
Қазақ қызы екеніңді ұмытпа!
Қыз қандай болу керек? жүктеу
22 557
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті және оның балаға әсері
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтауға, отбасында бір-біріне деген сый-құрметтер дамытуға ықпал ету.
Тәрбие көзі - ұлттық мұра оқу-әдістемелік видео материал
Тәрбие көзі - ұлттық мұра оқу-әдістемелік видео материал
Халқымыз «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген екен.
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз
Қыз тәрбиелей отырып – ұлт тәрбиелейміз
Мақсатымыз - қаракөз қазақ қыздарының бойына халықтық тәлім - тәрбие негізінде жан сұлулығын қалыптастыру. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз - қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» Әр елдің өміріндегі шешуші кілт қыздарға берілетін
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Отбасы – тәрбиенің ұясы
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала - басты байлығымыз, Ал ең асылымыз – оның тәрбиесі
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×