Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтың бәрі жақсы

05 қараша 2018, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемнің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.
Жоспары:
1. Кіріспе. Сұрақ – жауап.
2. Оқушылардың әдеби монтажы.
3. «Менің ата - анамның мамандығы» (оқушылар шығармашылығы)
4. Ойын: «Кім жылдам?»
5. Ойын: «Қай мамандық иесі?»

Барысы. «Әдептілік белгісі, иіліп сәлем бергенің» қонақтармен амандасу.
Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандық туралы әңгімелесеміз. Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
Мұғалім:- Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды айтайық.

1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.

Мұғалім: Ал, балалар, кім мамандық пен еңбек туралы мақал – мәтелдер біледі?
Еңбек түбі - береке.
Еңбек түбі - зейнет.
Ерінбей еңбек етсең – ерінің асқа тиеді,
Ерініп ілбіп кетсең – иегің тасқа тиеді.
Біліп істеген мақсатына тез жетеді.
Сайф Сарайи

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Ұстаның бізі сүйкімді,
Жақсының сөзі сүйкімді.

Ұстаның өрісі көрігінен төсіне дейін.

Алтын менен күмісті
Зергер үшін жаратқан.
Арқар менен құлжаны
Мерген үшін жаратқан.

Шебердің инесі де алтын,
Соққан күймесі де алтын.

Шеберді саусағы асырайды.

Еріншектің ертеңі бітпес.

Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.

Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.

Еңбексіз өмір жоқ,
Ауырсыз жеңіл жоқ.

Қойшыны таяғы асырайды,
Қасқырды аяғы асырайды.

Атан түйе жүк астында қартаяр.

Түйір нан – тамшы тер.

Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.

Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.

Күн шыққан соң суарған суды
Күн жұтады,
Күн батқан соң суарған суды
Жер жұтады.

Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
2 – оқушы: Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек.
3 – оқушы: Ал мамандық – еңбек қызметтің түрі, ол арнайы біліктілік пен білімділікті талап етеді.
4 – оқушы: Мамандық латын тілінен аударғанда ресми көрестілген іс. Мамандық иесі болу үшін әдейі оқу керек.
Мұғалім: Сонымен балалар, белгілі бір мамандық иесі болу үшін арнайы оқу керек екен.
- Балалар, енді тақтаға назар аударамыз!

Мамандық
Еңбек қызметі
- Балалар, сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер?
- Машина, ұшақ, кеме, мотоцикл, велосипед, т. б.
- Ал қандай сусын түрлерін білесіңдер?
- Шай, какао, сүт, айран, қымыз, кофе, шырын, т. б.
- Қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т. б.
- Балалар, сендер қандай мамандықтықтарды көбірек естисіңдер?
- Мұғалім, кітапхнашы, аспаз, есепші, сәулетші, зергер, дәрігер, шахтер, загер, тігінші, т. б.
Ал енді, балалар, қазір «Мамандықтың бәрі жақсы» деген ойын ойнаймыз. Қазір мен сіздерге мамандықтар жазылған карточкаларды үлестіріп беремін. Ал сендер сол мамандық туралы білетін өлең, тақпақты айтып беріңдер.
Дәрігер:
Ақ халатты киемін,
Аппақ болып жүремін.
Аппақ болып жүргенді,
Өзім жақсы сүйемін.
«Дәрігермін» мен деймін,
Кәрі әжемді емдеймін.
«Көп – көп ішіп дәріні,
Кәрілікті жең» деймін.
Мамандықтың бәрі жақсы жүктеу
12 111
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мамандыққа саяхат
Мамандыққа саяхат
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасы айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру
Менің болашақ мамандығым
Менің болашақ мамандығым
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы физика - математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Джаламанова Гүлбаршын Яхупқызы
Мың түрлі мамандық
Мың түрлі мамандық
№ 11. М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтың бәрі жақсы
Сыныбы: 8 Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×