Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандыққа саяхат

03 қараша 2019, Жексенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақ негізделген оқу мақсаттары:
• Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасы айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлілігі туралы түсінік қалыптастыру.
• Оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық таңдай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Мамандық түрлерін ажырата алады. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады:
Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:
Әрбір мамандық иесінің қоғамдағы орнын және оның маңызын айтады, дәлелдер келтіре алады.
Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.
Ресурстар мамандық туралы суреттер, мамандық аттары жазылған карточка, слайд көрсету.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ - жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланыс Музыка, қазақ тілі, әдебиеттік оқу.
Алдыңғы оқу
Сабақтың жоспары:
Жоспарланған уақыт Сабақ барысы:
Басталуы
5 минут Психологиялық ахуал:
Біз ұшқыш та, ғарышкер,
Батыл жандар намыскер,
Көк күмбезін құшамыз,
Ғарышқа да ұшамыз.
Топқа бөлу:
«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы топтарға бөлу.
Видео көрсету.
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар?
Дұрыс айтасыңдар. Олай болса ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мамандыққа саяхат», яғни біз бүгінгі тәрбие сағатымызда мамандықтар туралы білімдерімізді кеңейтіп, олар туралы көбірек білетін боламыз. Мамандық деген не? Қалай түсінесіңдер?
- Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
- Балалар, 12 - сәуірде қай мамандық иелерінің мерекесі болды?
- 12 - сәуір ғарышкерлердің мерекесі.
- Дұрыс. Олар ғарышқа немен ұшады? Ал олар ғарышкер болмас бұрын кім болды? Иә, олар алдымен ұшқыш болды. Ал ұшқыштар немен ұшады? Ендеше біз де бүгінгі саяхатымызда ұшақпен ұшамыз (3 - слайд).
1. «Мамандық иелері» қалашығы
• Тренинг: «Бұл кім?» Мамандық иелері туралы жұмбақтар шешу. Сол мамандық иелерінің еңбегі туралы айту. (Оқушыларға интерактивті тақтада мамандық иелері көрсетіледі.
Алатаяқ ұстаған,
Жол тәртiбiн нұсқаған.
Өмiрiңдi күзеткен,
Ысқырығы күштi адам. (Полиция қызметкері)
Өңкей сығай екi топта,
Таласып жүр бiр допқа. (Футболшылар)
Жолының көп азабы,
Сондадағы тынбайды.
Жаңалықты жазады,
Көпшiлiктi тыңдайды. (Журналист)
Кең байтақ туған жерiме,
Кетпесiн деп жат iз өтiп.
Тыныштық тiлеп елiме,
Отанды кiм тұр күзетiп? (Жауынгер)
Бiлiмнiң жол басшысы,
Шәкiрттiң қолбасшысы. (Мұғалiм)
Айлар бойы жүзедi,
Жердi көрмей жүредi.
Ақ жал таумен алысқан,
Адамды кiм бiледi? (Теңiзшi)
Күмiс қанат, сұңқары,
Көкке еркiн сүңгидi.
Бұлттан да тым әрi,
Кеткен жанды кiм дейдi? (Ұшқыш)
Өрнектеп, сәндеп,
Тiгiстерiн бүгетiн.
Солпысын жөндеп,
Кiм көйлек тiгедi? (Тiгiншi)
Қалпағы ақ қарасаң,
Дәрiгер емес, бiрақ ол.
Дәм мәзiрiн қаласаң,
Алға ұсынып тұрады ол. (Аспаз)
Жалтылдап қалағы,
Салатын кiм қаланы? (Кiрпiш қалаушы)
Өскен шашты жаратпайтын,
Қайшысы бар жалақтайтын. (Шаштараз)
Оның тiккен бұйымы,
Аяғыңды қаптайды,
Шыға қалса жұлымы,
Әдемiлеп баптайды. (Етiкшi)
Ортасында сан халық,
Белдескенде жан салып.
Жерге тимей жотасы,
Атанған күш атасы,
Айбаттыны кiм дейдi,
Қайраттыны кiм дейдi? (Балуан)
Дабылға тез жететiн,
Жалынға сүңгiп кететiн.
Қақалса да түтiнге,
Тайсалмайтын батыл кiм,
Жасқанбайтын батыр кiм? (Өрт сөндiрушi)
Екi шекпен күмбiрлеп,
Көңiл сазын сапырады,
Тұлпар шабыс дүмбiрлеп,
Желпiндiрiп отырады. (Күйшi)
2. «Құралдар» қалашығы
Ойын: «Кімнің құралы?»
Әр топқа түрлі мамандық иелеріне қажет құралдарды қойып ойын шартын түсіндіремін. Топ мүшелері екі түрлі мамандық иесіне қажет құралдарды екі үстелге бөліп жинайды (шаштараз - аспаз, мұғалім - дәрігер).
3. «Армандар» қалашығы
• «Кім болам?»Оқушылар көздерін жұмып өздерін болашақта кім болатынын елестетеді және ойларымен бөліседі.
Сергіту сәті:
- Мынау – менің жүрегім,
Бәрі осыдан басталған.
Мынау – басым ақылды,
Бәрін осы басқарған.
Мынау – менің оң қолым,
Мынау – менің сол қолым,
Барлық істі атқарған.
4.«Сөздер» қалашығы
• Ойын: «Сөйлеп тұрған кім?» Балалар біз қазір мына сөздерді естіп қандай мамандық иесі сөйлеп тұрғанын анықтайықшы:
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Көбейту мен бөлу – өзара кері амалдар»
- Көптеген жаңа әндер жаздырдым, бейнебаян түсіртіп жатырмын.
- Балалар, дәрумендер қабылдап, тазалықты сақтап жүрсеңдер, ауырмайсыңдар.
- Қылмысқа, құқықбұзушылыққа жол бермейміз.
- Ең әдемі, сәнді киім үлгілерін жасадым.
- Балалар, балмұздақ алыңдар, өте дәмді!
- Жүріңіз қай жаққа апарып тастайын?
- Шашыңызды қандай үлгіде қиып берейін?
- Мен қуырдақ қуырып жатырмын, қазір дайын болып қалады.
5.«Ой қорыту» қалашығы
Мамандық дегеніміз не? Әр топ мамандық туралы өз ойларын постерге түсіреді.
Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсмепаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы боласың. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
- Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​

Презентациясын жүктеп алу​​​
3 640
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 2. 1. 1. 1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Шығармашылық жұмыс. Көркем еңбек
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу
Ұлттық сәндік натюрморт
Ұлттық сәндік натюрморт
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 6. 4 - Таңдаған тәсілдерінің қасиеттерін ескере отырып, көркемөнер материалдарын, техникаларын пайдалану және эксперимент жүргізу 5. 2. 3. 3 - Шығармашылық жұмыстар мен бұйымдар дайындау үдерісінде қазақтың
Натюрморт өнері
Натюрморт өнері
Сабақ негізделген оқу мақсаттары 5. 1. 5. 2 - Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Сиқырлы дәрі жасаймын. Жұрнақ пен жалғау.
Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Есептер шығару
Есептер шығару
Санаудың ірі бірлігі – жүздікті құрастыру; 1000 - ға дейін жүздіктермен санау, жазу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×