Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі

25 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Баяндама
Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі.

Тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемі. Жас ұрпақ - ел тірегі ертеңіміздің
кепілі. Сондықтан оларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру
мұғалімнің басты міндеті.
Мектептегі тәрбиенің басты міндеті - оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді қалыптастырып, оларды дербес өмір сүруге үйрету, жалпы адамзаттың құндылықты меңгеруде шығармашылық, іскерлік, бәсекелестікке дайын, түрлі мамандықты меңгеріп, өмірлік күрделі мәселелерді жылдам шеше алатын азамат тәрбиелеу.

I. Бұл үшін тәрбие жұмысын жүргізуде тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемдері ретінде тәрбие әдістері, тәрбие тәсілдері, тәрбие құралдары қолданылады.
I. II. Тәрбие әдісі дегеніміз - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланысты педагогикалық жұмыс тәсілдері.
Тәрбиенің әдістері төрт топқа бөлінеді
I. Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
II. Іс - әрекет және қоғамдық тәртіп тәрбиесін қалыптастыратын әдістер
III. Тәртіпке, іс - әрекетке ынталандыратын әдістер.
IV. Мінез - құлық пен іс - әрекетке бақылау жасау, өзін - өзі бақылау, ұйымдастыру және өзіне - өзі баға беруді ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.
Әдістерді мұғалім тәрбиенің мақсатына мазмұнына балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне тәрбиелік деңгейіне қарай іріктейді. Әдістер тәрбие мақсатына жетуге оқушыларды қоғамдағы тәртіп ережелерін үйретуге, адамдармен қарым қатынас жасауға, олардың жақсы тәжірибесін алуға көмектеседі.

Қоғамдағы әлеуметтік - экономикалық өзгерістерге байланысты тәрбие мақсаты мен мазмұнының өзгеруі әдістер жүйесін жаңартады.
Тәрбиенің тәсілдері дегеніміз - әдістің бір бөлігі.
Тәрбиенің тәсілдеріне:
I. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну
II. Ақпараттық ағартушылық
III. Бағдарлау іс қызмет
IV. Қарым қатынас
Бағалау тәсілдері жатады

Тәрбие тәсілдерінің бір түрі жайлы айтар болсам қарым - қатынас тәсілі балалар мен ересектердің іс - қызметі кезіндегі қатынасына негізделіп оқушылардың қоғамдық мінез құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып. оны төменгі және жоғарғы сынып оқушылары, мұғалімдер, ата аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді,

Осы тәрбие тәсілдерін қолдана отырып сыныбымызда «Сәлем түзелмей - әлем түзелмейді», «Әдепті бала арлы бала» атты тәрбие сағатын өткіздім.
Нәтижесінде оқушылар ересектермен жақын қарым қатынас кезінде сөйлеу әдебін, әдептілік мектебінің сырларын ұғынды.
Келесі тәрбие жүйесінің тиімділік өлшемдерінің бірінен саналатын ол тәрбие құралдары.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушылардың адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.
Тәрбие құралдары:
Іс әрекет түрлері (ойын еңбек)
Заттар (ойыншықтар, электронды есептегіш машиналар)
Рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам өмір)
Бұқаралық ақпарат құралдары
Педагогикалық ықпал жасау құралдары
Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез құлқы мен іс - әрекетін, өзін - өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады.
Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелікті анықтауға арналған.
Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, өзін өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзінің педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.

Осы жүргізілетін тәрбие жұмыстары барысында қойылатын педагогикалық психологиялық талаптар
I. Оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін зерттеп, оқу - тәрбие процесін бала дамуының заңдылықтарына сүйеніп ұйымдастыру.
II. Тәрбие процесінің үздік, әрі кешенді ерекшеліктерін ескеру.
III. Педагогтардың жеке басының және еңбек мәдениетінің жоғары дәрежеде болуы.
Қорытынды
Тәрбие жұмыстарын жүргізуде, олардың әдістерін, тәсілдерін, құралдарын бірігіп қолдану, олардың бірлігі тәрбие жұмысына игі әсер етіп, балалардың білімін, іскерлігі мен дағдысын тереңдетеді, қоғамдық өмірге, еңбекке баулиды, адамгершілік тәжірибесін байытады.
8 599
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
Тәрбие - күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп
Тәрбие жоспары
Тәрбие жоспары
2019 - 2020 оқу жылына арналған 8 сыныптың тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Тәрбие тұжырымдамасының бағыттарын басшылыққа ала отырып жасалған 2019 - 2020 оқу жылының 8 - сыныбының жылдық тәрбие жоспары
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасымен педагогикалық байланыс орнату жолдары
Отбасы – бұл баланың өмір сүру ортасы: қамқорлықтың тұрақты көзі, тәрбиелеу мен қарапайым біліммен қаруландыру және шешім қабылдай білуге үйрететін ең жақын адамдардың мейірім шуағын сезінетін орта.
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы
Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2019 - 2020 оқу жылы І жарты жылдық
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×