Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар

01 желтоқсан 2015, Сейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,
М. Әуезов атындағы орта мектепте
бастауыш сынып мұғалімі
Булекбаева Гульжан Еркешовна

Сабақтың тақырыбы: Денелер. Заттар. табиғаттағы құбылыстар
Сабақтың мақсаты: Тірі, өлі табиғат туралы, денелер туралы ұғым беру. Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Танымдылық қабілетін дамыту. Еркін сөйлеуге дағдыландыру.
Түрі: саяхат сабақ
Әдісі: сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Көрнекілігі: суреттер, видеолар

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Оқушылардың құралдарының түгел екендігін тексеру.
Психологиялық дайындық:
Жарқырап күн де ашылды,
Айналаға нұр шашылды.
Біз көңілді баламыз,
Сәлемдесіп аламыз.
Мақсатымыз - білім алу,
Міндетіміз - еңбектену.

Жаңа сабақ.
Өткенді қайталау.
- Тері қандай қызмет атқарады?
- Тамақтанудың ережелері қандай?
- Сезім мүшелеріне не жатады?
- Тәжірибе дегеніміз не?
Бүгінгі сабақта күзгі орманға саяхат жасаймыз.
Күзгі орманнан не байқап отырсыңдар? Табиғатты суреттеу.
Бұлардың бәрі бізді қоршаған табиғатқа жатады. Осы ағаштар табиғаттың қай түріне жатады? Тірі табиғат. Оны неліктен тірі табиғат деп атаймыз?
Одан әрі саяхатымызды жалғастырамыз. Не естідіңдер? Тағы не көрдіңдер? Орман жануарлары. Олар да тірі табиғатқа жатады. Тірі табиғатқа жатады - адам. Осы тірі табиғаттың қажеттіліктерін атайық: ауа, тамақ, су, жарық, жылу.
Одан әрі саяхатымызды жалғастырайық. Таудан сарқырап аққан өзенді көрдік. Енді табиғатта өлі денелер бар. Оларды тамашалайық. Күн, су, тау, тас, ауа, Бұлардың бәрі табиғи денелер. Бұдан басқа жасанды денелер болады, олар адам қолымен жасалады. Жасанды денелерге не жатады? Машина, үй, парта, кітап, т. б. Кез - келген денелер заттан тұрады. Мысалы: доп - дене, резеңке - зат, парта - дене, ағаш - зат, т. б. Қане, мына суреттен жасанды денелерді табайық.
Ал осы табиғатта болып жатқанның барлығы табиғат құбылыстары. Табиғат құбылыстары: жаңбырдың жаууы, қардың жаууы, найзағай, кемпірқосақтың шығуы, жапырақтың түсуі, т. б

Сергіту сәті.
Музыка тыңдай отырып, жапырақтардан бейнені құрастыру
Енді кітаппен жұмыс жасаймыз. Берілген тақырыпты оқимыз. Суретпен жұмыс.
Мына суреттегі өлі және тірі табиғи денелерді табыңдар.
- Денелер нешеге бөлінеді?
- Табиғи дененің неше түрі бар?
- Тірі табиғи денелерге не жатады?
- Өлі табиғи денелерге не жатады?
- Жасанды денелерге мысал келтір.
- Табиғат құбылыстарына не жатады?
Енді кестемен жұмыс жасаймыз. Берілген кестені толтырайық. Өлі, тірі табиғатқа мысалдар келтіру, айырмашылықтарын жазу.
Видеоны тамашалай отырып, байқаған табиғат құбылыстарын жазып отыру.
Табиғатты қорғау туралы әңгімелеу.

Қорытынды.
Үйге тапсырма.
Бағалау.
42 413
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Денелер. Заттар. Құбылыстар
Адамды қоршаған нәрселер – денелер → табиғи денелер, жасанды денелер. Табиғи денелер → Ай, Күн, жұлдыз, бұлт, тас, аң, құс және адам
Табиғат құбылыстары
Табиғат құбылыстары
Табиғат, қоршаған дүние, табиғат құбылыстары, адам қолымен жасалатын заттар туралы түсінік беру Әсемдікке баули отырып, экологиялық тәрбие беру
Күзгі орманға саяхат
Күзгі орманға саяхат
Күз мезгілі жайлы білімдерін пысықтау, табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру жалпы табиғат жайлы түсінік беріп, өлі - тірі табиғат дегеніміз не оны айту, жыл мезгіліне байланысты жәндіктер, құстар, аңдар, өсімдіктер өмір сүруге
Сан есімді қайталау
Сан есімді қайталау
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Сенек ауылы, Қашаған Күржіманұлы атындағы мектеп Бастауыш сынып мұғалімі Сақтағанова Гүлжан Мұратбайқызы
Су - тіршілік көзі
Су - тіршілік көзі
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, «Асанәлі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тәрбиешісі Усенгалиева Акбота Елемесовна
Денелер, заттар, құбылыстар
Денелер, заттар, құбылыстар
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×