Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты аялайық

04 қаңтар 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Табиғатты аялайық.
Мақсаты:Оқушылардың табиғат туралы түсінігін анықтау, табиғат – адам өмірінің тірегі екенін оқушы санасына жеткізу, оқушыларды табиғатты сүюге, оны қорғауға үйрету.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларға ақ қағаз таратып, жұмыс барысында қажет болған кезде пайдалантындарын ескертемін.
- Балалар, тақтадағы ілулі суреттен жылдың қай мезгілін көріп отырсыңдар?
- Жаз мезгілі.
- Оны қайдан байқадыңдар?
- Ашық аспан және жердегі шөптердің жасыл екендігінен.
- Табиғат дейміз.
- Дұрыс. Ендеше, балалар, менің бастаған жұмысыма сендер көмектеседі деген үміттемін.
2. Мұғалім: - Жазда барып өзеннің, жағасына бөгелдім. Кім айтады, кәнеки, мен ол жерде не көрдім?
Жауаптар: - Тау, өзен, ағаш,құс,гүл т.б.
Мұғалім: - Жазда тауға өрмелеп,
Шаршап талай бөгелдім.
Жан-жағыма мен кенет,
Қарап едім, не көрдім?
Жауаптар: - Күн, бұлт, жануарлар, жасыл желек,тас т.б.
Мұғалім: - Табиғаттың қай түрін көріп отырсыңдар?
Жауап: - Тірі табиғат, өлі табиғат.
3. Доппен жұмыс. Допты әр балаға лақтырып тірі табиғат және өлі табиғат атауларын сұраймыз.
Мұғалім: - Табиғатқа арнап ән шумағын жазған ұлы адам кім еді?
- Абай Құнанбаев.
- Ән сабағында жаттаған ән қалай аталады?
- «Желсіз түнде жарық ай».
4. Мұғалім: - Балалар, алдарыңдағы қағазға табиғат, оның түрлерін схема түрінде көрсетіңдерші.
Адам Жануар Өсімдік
Су, ауа, өсімдік, білім, баспана,
Тамақ, жылы, су, киім, ауа
Үй, еңбек, су, ауа, жылу

Тапсырманы орындалу тәртібі.
1.Қажет сөздерді сызықпен белгілеу керек екенін ескерту.
2.Жауап берерде топ ішінен бір бала ғана айтуға болатынын ескерту.
3.Қосымша жұмбақ, мақал айтуға болатынын ескерту.
Топтың жұмысына баға беріп сәтті орындалғанын айтып немесе қателескен жері болса, басқа топтармен ақылдасып, дұрыс шешімін айтқызуға тырысамын.

5. Пікірталас жұмысы.
Киіз үйдің суретін плакатқа жасырып тұрып:
- Мына өлі табиғатты ұмытып кетіппіз – деймін.
Оқушылар: - Жоқ ол табиғат емес.
Мұғалім: - Неге?
Оқушылар: - Ол адамның қолынан жасалған зат.
Мұғалім: - Адам. Адам дегеніміз кім?
Оқушылар: - Ол тірі табиғат. Қозғалады, жүреді, сөйлейді, еңбек етеді.
Мұғалім: - Жануар да, құстар да осындай іс-әрекет жасайды, олардан қандай айырмашылығы бар?
Оқушылар: - Адам оқып, білім алады. Адам миымен ойланады. Адам екі аяқты, жануарлар төрт аяқты. Құс ұшады, адам өздігінен ұша алмайды,т.с.с.
Мұғалім: - Жаңа адам білім алады дедіңдер. Дұрыс – ақ, балалар. Білімді қайдан алуға болады?
Оқушылар: - Компьютерден.
Кітапханадан
Кітаптан
Мектептен
Журналдан
Театрдан
Теледидардан
Білімді адамдар қандай мамандықтарға ие бола алады?

6. Ой толғау.
Оқушыларға ақ парақ таратылып беріледі.
Әр топ берілген сұрақтарға жауап жазады.
1 – топ: Табиғаттың адамға деген пайдасын жаз.
2 – топ: Табиғатты қалай қорғайсыңдар?
3 – топ: Табиғатты көріктендіру үшін не істейсіңдер?
7.Табиғат жайлы мақал-мәтелден жарыс ұйымдасытырылады.
1.Екпей егін шықпас, оқымай білім жұқпас.
2.Жер адамды асырайды, ана баласын асырайды.
3.Алтын жерден алынады.
Ал, білім кітаптан алынады.
4.Гүл – жердің көркі, қыз – елдің көркі.
5.Жаңбыр жауса – жер ырысы.
Мұғалім: - Табиғат қандай?
Оқушылар: - Әдемі, көркем, сұлу, қызықты.
Табиғатты ақындар жырға қосса, суретшілер қылқаламмен бейнелеген.

Қорытындылау кезеңі.
Мұғалім: Табиғатсыз адам өмір сүре алмайды екен, ендеше жердің, табиғаттың иесі мына сендер, біз оны қорғауымыз керек. Демек, табиғатты қорғау – өз Отанымызды сақтау деген сөз.
«Табиғатты қорғайық» деген белгі тапсырылады.
14 461
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адам, табиғат және денсаулық
Адам, табиғат және денсаулық
Табиғат және адам жасаған нысандарды ажырата білуге үйрету, қоршаған ортаның эстетикалық және тәжірибелік құндылығын көрсету.
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Табиғат пен адам - егіз ұғым
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 сынып оқушысы Жұмашев Айзат
Құзіретті тұлға қалыптастыруда сынып жетекшілерінің заманауи технологияларды қолдануы
Құзіретті тұлға қалыптастыруда сынып жетекшілерінің заманауи технологияларды қолдануы
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ю.А.Гагарин атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Искакова Кенжегүл Сәрсенбайқызы
Табиғат сыйы
Табиғат сыйы
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы №89 Шамшырақ бөбекжай – балабақшасы тәрбиешісі: Бекетова Клара Рысалдиевна
Адам және табиғат
Адам және табиғат
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Көптілеуова Фарида
Қоршаған орта
Қоршаған орта
№ 6 орта мектебі Өткізген: Ешнияз Д. А
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×