Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Талаптыға нұр жауар

11 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мектепішілік жас ақындар сайысы
Тақырыбы: «Талаптыға нұр жауар»

Мақсаты: Мектепішілік дарынды оқушыларды анықтау. Оқушылардың шабытын оятып, ой өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды ақындық өнерге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, өлеңдер, әсем гүлдер, шарлар т. б.

Ұйымдастыру сәті: Жағымды әуен
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Мектепішілік дарынды оқушыларды анықтауда ұйымдастырылып отырған кезекті жас ақындар сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі жас ақындар сайысына қатынасушы үміткерлерге сәттілік тілеймін.
Абай, Сәкен, Мағжандай,
Жүйрік шықты қазақтан.
Шәкәрім, Қасым, Жұбандар,
Мұқағали, Мұзафар.
Жырлай білген халқының,
Қамын ойлап артының.
Сен де талпын, жас өрен,
Атың шықсын өлеңмен,- дей келе бүгінгі сайысқа қатынасушы сайыскерлерді ортаға шақырамыз.
7 «А» сынып оқушысы Бөлекбай Жеңісгүл
7 «А» сынып оқушысы Жанан Жансая

Бүгінгі жас ақындар сайысының қазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1.
2.
3.
Сайыс III кезеңнен тұрады.
I - кезеңде «Мен кіммін?» сайыскерлер өздерін өлеңмен таныстырады.
II - кезеңде «Ақын болғым келеді» оқушылар өз шығармашылығынан бір өлеңін жатқа оқиды.
III - кезеңде «Талаптыға нұр жауар» сайыскерлерге бірнеше тақырыптар ұсынылады. Өздері қалаған тақырыбына өлең жазады.(Оқыған таныстырулар мен өлеңдерін қағаз күйінде тапсыру сұралады)

Талаптарың арта берсін өрендер,
Бірің ақын, бірің болып кемеңгер.
Өнерліге өріс кең деген қазақ,
Жөн болар алдыменен амандассақ,- деп таныстыруға кезек берейік.

Сайысымыздың I - кезеңі бойынша оқушылар өздерін таныстырып өтсін.
Сайысымыздың II - кезеңі бойынша оқушылар өлеңдерін жатқа оқиды.
Қазақ деген тегінде ақын халық,
Өлең жырға жүрегі жақын халық.
Біз де жазып көрейік бір өлеңді,
Бүгінгі бұл сайыста кім жеңеді?,- дей отырып, оқушылардың шығармашылығына кезек берейік.

Сайысымыздың III - кезеңі басталды.
Оқушыларға төмендегідей тақырыптар ұсынылады.
Білім
Өнер
Тәрбие
Еңбек
Мектеп
Отбасы
Ұстаз
Осы тақырыптардың біреуін таңдап алып өлең құрастырамыз. (10 минут) уақыт беріледі.
Оқушылар өлеңдерін оқиды.
Жас ақындарды марапаттау кезегі келіп жетті. Сөз қазылар алқасына беріледі.

Қорытынды: Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғаламды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,- деп Абай атамыз айтқандай, бойыңыздағы талантыңызды әрдайым көрсете біліңіз. Сіздерді талай биік асулар күтіп тұр. Сол асуларға жетуге талпыныңыздар. Қанаттарың талмасын. Әр шәкірт биіктерге самғасын демекпін.
21 946
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Кіші футбол мектепішілік жарыс
Кіші футбол мектепішілік жарыс
«Қызылорда қаласына - 200 жыл, Астана қаласына - 20 жыл толуына орай» күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұйымдастырылған «Кіші футбол» жарысынан мектепішілік жарыс өткізілді.
Алтын күз
Алтын күз
Алтын Күз сайысына қатысушылардың арасынан Күз ханшайымын және Күз ханшасын анықтау. Күз айлары туралы білетіндерін ортаға сала отырып, оқушылардың сайысқа деген қызығушылығын, ынтасын арттыру.
Жыл оқушысы
Жыл оқушысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
Қош бол, Әліппе! (ертеңгілік)
ШҚО. Аягөз қаласы, «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш класс мұғалімі Аязбекова Дария Сериковна
Абай оқулары
Абай оқулары
Г.Орджоникидзе атындағы №1 мектеп-гимназия қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Кемпрекова Жанар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×