Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Математика – физиканың көзі

06 мам 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Көңілді тапқырлар сайысы.
Тақырыбы: « Математика – физиканың көзі» (презентациясымен)
Сайыстың жоспары:
І. “ Бәйге ” Сұрақ - жауап.
ІІ. « Формулалар елінде».
ІІІ. « Қызықтар әлемінде». Ұлы математиктер мен физиктердің жаңалық ашудағы қызықты оқиғалары.
ІҮ. « Құпия сыры». Тәжірибелер, тез есептеу құпиялары.
Ү. Сергіту сәті. Көрермендерге сұрақ.
ҮІ. « Таңдап ал»
ҮІІ. « Кім шапшаң».
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін, білік – дағдыларын кеңейту және пәнге деген қызығушылығын арттыру, зейінін, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.

І. Ұйымдастыру бөлімі.
1. Сайысты ашу.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті жиналған қауым!
Тыңдаңыздар, босқа қарап тұрмаңыздар.
Физика мен математиккадан басталмақшы
Сайысы көңілді тапқырлардың.
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Ендеше топтардың еңбектеріне баға беруші әділ - қазы алқасымен таныстырайық:
2. Оқушылар 2 топқа бөлінеді және сәлемдеседі.
« Математиктер» тобы. « Физиктер» тобы.

ІІ. Негізгі бөлім
1) Жүргізуші:
Есеппен сайысады қос команда
Алға озар ең мықтысы осы жолда
Көпшілік өнерлерін қызықтамақ
Қойылады енді міне “Бәйге” сұрақ.

«Физиктер» тобына
1) Санның керісінің керісі неге тең? ( санның өзіне )
2) Қабырғалары 3, 4, 5, тетелес 3 натурал санға сәйкес болатын тікбұрышты ұшбұрыш кімнің атымен аталады? (Евклид )
3) Ұшбұрыұтың тікбұрышына қарсы жатқан қабырға ( гипотенуза)
4) Жанұяда 5 ер бала және олардың әрқайсысының 1 қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар?( 6)
5) Қандай санның бір ғана квадрат түбірі бар? (0)
6) Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы (синус)
7) Ең үлкен хорда (диаметр)
8) Екі қатынастың теңдігі (пропорция)
9) 15 санының квадраты ( 225)
10) 188 санынан ешқандай амал қолданбай 1 санын шығару керек, қалайша? (бөлшек сызығын пайдаланып)
11) Ең алғашқы әйел математик (Софья Ковалевская )
12) 66 санын ешқандай амал қолданбай 1, 5 есе арттыр (айналдыру арқылы)
13) 7 шардың бағасы 7 теңге, 100 шардың бағасы нешеге тең? (100)
14) Бір таяқтың екі ұшы бар, алты жарым таяқтың неше ұшы бар? (14)
15 ) Қасиетті сан ( 7 )
16) Тәуліктің жиырма төрттен бір бөлігі. (сағат)
« Математиктер» тобына
1) Қазақстандағы ғарыш кешені ( Байқоңыр )
2) Қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (бос)
3) Мылтық жылу двигателі қатарына жатады ма? (жоқ)
4) Қалың қарда шаңғымен жүру неге оңай? (беттің ауданы үлкен)
5) Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)
6) Дүние жүзінде көп тараған сұйық (су)
7) Атмосфералық қысымды есептеген ғалым (Торричелли)
8) Ауа ылғалдылығын өлшейтін құрал (психрометр)
9) Ең алғаш күнтізбені кім жасады? (Әбу – Насыр – әл - Фараби)
10) Тұңғыш қазақ ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
11) Инерция заңын ашқан ғалым (Г. Галилей)
12) Заттың сұйық күйден қатты күйге өту процесі (қатаю)
13) Көлемі тұрақты болатын изопроцесс (изохоралық)
14 ) Алғашқы бу машинасын кім жасады? (Дени Папен)
15 ) Температура өлшейтін құрал (термометр)

2) Жүргізуші: Орыстың алғашқы әйел математигі Софья Ковалевская «Математиканың өтілі бар. Ол – формула» деген. Ендеше, сайыстың келесі туры « Формулалар елінде». Бұл сайыста сәйкестік және толықтыру тесті шешіледі. Формулаларды сәйкестендіріп, олардың не үшін қолданатынын анықтау керек.
«Математиктер» тобына:
1) (а+2) ² -------------- а² + 4а +4
2) (а + в) ³ ------------ а³ + 3а² в +3ав² - в³
3) а2 – в2 ------------ ( а – в) ( а + в )
4) ах2 + вх + с ----------- квадрат үшмүшелік
(а ≠ 0)
5) у = х2 графигі парабола

«Физиктер» тобына
1) .... Архимед күші
2) ....Термодинамиканың І аңының өрнегі
3) .... Ом аңының өрнегі
4) ....Зат тығыздығының өрнегі
5) ....Жылу машинасының ПӘК - і

3) Жүргізуші: « Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады» деп Абай атамыз айтқандай, ендігі турымыз « Қызықтар әлемінде». Ұлы математиктер мен физиктердің жаңалық ашудағы қызықты оқиғалары.

4) Есеп – қисап заңдылықты білмесең,
Шеше алмайсың дүние сырын, құпиясын ешқашан. Келесі турымыз « Құпия сыры». Тәжірибелер, тез есептеу құпиялары.
«Математиктер» тобына:
Күймелі арба (атқа жегулі) және көшеде ойланып келе жатқан адам.
Оқиға: Көшеде ойланып келе жатқан ғалым жолда тұрған күймелі арбаға

5) Жүргізуші:
Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар, елтаңбасы, әнұраны.
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың,
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Жеңіс тек бізде болар осы жолда
Достар – ау, сендер де бір қолпаштаңдар! Сергіту сәті. Жанкүйерлермен жұмыс. Айада апай дайындаған.

6) Жүргізуші: 2030 – дың бағдарлы биігі
Білімнің еншісі мұны әркім біледі
Сондықтан достар – ау, дарынды болайық
Таңдап ал! Шыңдайық жігерді. Келесі тур « Таңдап ал»
«Таңдап ал» турының дұрыс жауаптары
Үшбұрыш:----------- Бақытжан Байқадамов
Тік төртбұрыш: ----Кері итеруші күш заңы
Дөңгелек: ----------1991т жыл
Алтыбұрыш: ------- Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков
Трапеция: --------- Пифагор
Ромб: ----------------Жылу алмасу заңы

7) Жүргізуші:
Достарым, сен, жай тұрма
Шапшаңдық керек сайыста
Шымырланып, шаттанып,
Қозға басты тағы да. Келесі тур « Кім шапшаң».
“ Физиктер ” тобы -----------------------“ Математиктер” тобы
“Т”, “К” --------------------------------------“А”, “Д”
(физикалық терминдер) (математикалық терминдер )
Берілген әріптерден басталатын терминдерді айту (1 минут).

8) Жүргізуші:
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды
Әділ – қазылар қорытындылау сөз алады.
Жеңімпаздарды сіздерге таныстырады.
Марапатпен сыйлықтарын тапсырады.
9) Жанкүйерлермен жұмыс
10) Жүргізуші:
Аяқталды тапқырлардың сайысы
Қоштасамыз көңіліміз қайысып
Еске әзілмен түсірейік әр сәтті
Отырғанда үйге барып шай ішіп.
Назарларыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 063
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Математикалық ой – жұмбақтар сыры
Жұмбақты дұрыс шешу үшін цифрлардың орнына қойылған әріптерді тиісті сандармен алмастыру керек.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Оқушылардың қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін дамыту, алған білімдерін тереңдету, кеңейту, дағдыларын жетілдіру. Дидактикалық, логикалық т. б. ойындар арқылы оқушылардың ақыл - ой белсенділігін тәрбиелеу.
Физика патшалығында
Физика патшалығында
БҚО, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі Сапакова Алмаш Сериковна
Озық ойлы тапқырлар
Озық ойлы тапқырлар
Атырау облысы, №23 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі: Қабдолова Гүлшара Аманғалиқызы
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Асқақтаған ән дайын Күмбірлеген күй дайын Ал, қанекей қырандар Босқа қарап тұрмаңдар Бастап жігіт өнерін Алыстарға самғаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×