Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның экологиясы

14 сәуір 2012, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Қазақстанның экологиясы
Мақсаты: оқушыларға экологиялық тәрбие беру

Барысы:
Армысыздар алаштың арқа сүйер азаматтар!
Бүгінгі «Қазақстанның экологиясы» атты кешімізге қош келдіңіздер. Олай болса қара қылды, қара жаратты «тура биде тұрған жоқ» әділ қазылармен таныс болыңыздар.
Енді қазір ортаға кешіміздің негізгі қатысушыларын шақырайық (таныстыру керек «сәлем бердім»)
Сайыстың түрлері:
1. Сұрақ - жауап -«Табиғатты күшпенен бағындырдық»
2. Жанкүйерлер сайысы - «Қазақстан»
3. Капитандар сайысы -«Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік»
4.«Мақал - сөздің ағасы»- мақал - мәтел сайысы
5. Ситуациялық сұрақтар
6. Ән көңілдің ажары.
7. Супер ойын -«Сиқырлы сандық»

Сонымен рұқсат болса, 1 - сайысымызды бастайық.
Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл - шағыл құм болсын көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным. Әр адамға өзінің туып - өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық. Ал
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Сонымен 1 - топқа қояр сұрағымыз.

1. Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын - мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан таудағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)
2. Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай - химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық - географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғарғы сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сұрақ бұл қай қала? (Павлодар)
3. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ұшығуда. Мұнда қоршаған ортаны бұлдіретін 2000 - ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)

4. Бұл облыс қатты ластануға ұшыраған, мұнаймен ластанған қара топырақ 3 - 15 жылға дейін өнім бермейді. Қазіргі кезде мұнайлы ластанушылардың 66% теңізге өзен арқылы түсетін болса, 24 % қалалық өндіріс қалдықтарымен түседі. Бұл қай облыс? (Атырау облысы)
5. Су бармайтын жөнді
Көлге қауіп төнді
Ластанудан тағы
Қорғау керек көлді.
Сұрақ: Қазақстан суларының бүйрегі мен жүрегі болып табылатын екі көлді атаңыз. (Арал мен Балқаш)

6. Расул Ғамзатов былай деп жазады:
«Ғалым басын шайқады назаланып,
Ақын күрті, жазушы мазаңды алып,
Қашып барады жағалаудан
Етек жеңін қусырып, азаланып.
Бұның бәрі, меніңше, құр байбалам,
Кәрі..... аралар тозаңданып»
Ақын өз өлеңінде еліміздің қай көлі туралы уайымдап отыр? (Каспий)

7. Айтыңдаршы, жасыл бақтан не көркем!
Көз тойғандай көркейіпті кең өлкем,
Отанымның өрлей түскен өркені,
Сол ғана тек көркемдердің көркемі!
Орманды шабу минутына 20 га жылдамдықпен жүріп жатыр. Сұрақ: осы жағдайды қолға алатын бағдарламаны атаңыз.(Жасыл ел)

8. Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 140 млн м³ тақырланған, ал бл жер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан, ауға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырға тең қала. (Жезқазған)
9. Қазіргі адамдардың жер бетінді өмір сүріп келе жатқанына 40 мыңдай жыл болған. Ал мал өсірімен және егіншілікпен осыдан тек 10 м ың жыл шамасында ғана шұғылдана бастаған. Сондықтан да қалған 30 мың жыл бойына тамақ пен киімнің көзі т ек аңшылық болды. 20 жыл ішінде жер бетінде жануарлардың 110 түрі жойылып кетті. Сұрақ:
Отыра алмас ұл шыдап,
Қызың шыдап,
Жоғалғандар тізімі ұзын шұбақ.
Не?-
Мезгілсіз кеткендердің
Бастарына қойылған қызыл шырақ. (Қызыл кітап)

10. Өткен ғасырда Қазақстанда ең кең таралған жануар. Дәмді еті үшін есепсіз аулаудың салдарынан 30 - жылдары жерімізден жойылып кетті. 1953 жылы бұл аңды Барсакелмес жерсіндіру ісі қолға алынды. Сырт пішіні жылқы тектес, құлағының үлкен, басының салмақты келіп, кекілінің болмауы және есекті елестетсе, жеңіл қимылы мен ептілігі жылқыға ұқсас. Екеуіне ұқсамайтын ерекшелігі - басын көтеріп жүгіруі, ұшқырлығы, мықтылығы, төзімділігі. Бұл қандай Қызыл кітапқа енген аң? (Құлан)
11. Бір машина сағатына ауаға 60 - 70 м³ жуық улы газ бөліп шығарады. Олай болса, Қазақстанның ірі қалаларында қаншама машиналар күндіз - түні жүріп жатыр. Сұрақ: Ең машинасы көп Қазақстанның бір кездері астанасы болған қала. (Алматы)

12. Ауа бәрімізге ортақ, сондықтан республикада шығарылатын зиянды заттардың жартысы осы облысқа тиесілі: 1 млн 142 мың тонна. Көлемі бойынша ең үлкен облыс. (Қарағанды)

Енді орсы сайыстың бағасын білу үшін әділқазыларға келсек...

Енді елім дегенде жанын қиятын «Жанкүйерлер» сайысына келдік. Бұл сайыста «Қазақстан» деп аталатын сұрақтар тізбегі болады. Әр топтың өз жанкүйерлеріне екі баладан шығып, сұрақтар толық жауап берсе, ол жанкүйерлерге сыйлық және топқа 2 балл қосылады.
1 Қазақстандағы Орал тауының жалғасы - Мұғалжар
2 Қазақстандағы ең ірі су қойма - Бұқтырма
3 Қазақстанда Менделеев кестесінің 105 элементінің нешеуі кездеседі?- 99
4 Қазақстандағы ағымды көл - Зайсан
5 Қазақстан мемлекетінің алғашқы астанасы - Орынбор
6 Қазақстандағы тастақты шөл - Бетпақдала
7 Қазақстандағы қорық саны - 1

«Капитандар» сайысы
«Ей, замандас, ең алдымен досыңды ұқ,
Досың жер, су, мөлдір ауа, өсімдік!»- демекші су адамның жалпы салмағының 65% құрайды, ағзадағы су мөлшері 6 - 8 % кемісе, адам есінен танады. 12% кемісе, өледі. Тәулігіне адамға 10 л, малға 40 л, қойға 10 л с у керек. Ал француз жазушысы Экзюпери: « О, су! Сенің не дәмің, не түсің, не иісің жоқ. Сені тілмен айтып жеткізу мүмкін емес. Сенің нендей зат екендігің туралы ойланбаймыз да, бірақ құмарлана жұтып, шөлімізді қандырамыз. Сен бізді қуаныш сезімге бөлейсің. Күшің сарқылып, таусыла бастағанда сен арқылы, с енімен бірге жаңа күш қайтып оралады,»- деп жазады. Алайда қазіргі күнде су пролемасы орын алуда. Енді әр топтың капитандары су проблемасы туралы эссе жазу керек, немесе 1 минут ойланып өз ойын жетік жеткізе білуі керек.

Енді кезек «Мақал - сөздің ағасы» атты сайысқа да жеттік. Бұл сайыста әр топ кезектесіп табиғатқа байланысты мақал - мәтелдерді айту керек.

Ал үй тапсырмасына берілген «Ситуациялық сұрақтар» сайысын кезек берейік.
Көңілдің шамын ашатын «Ән - көңілдің ажары» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Мәтінде ән мәтіні жазылған, оның әнін айту керек, қай жерге айтылғанын табу керек.
1. Ақмола - (Астана)
Жезқазған - мыс қала
Ұлытау - Атырау
Бірлігі - (Астана)

2. (Туған жер) ыстық әрқашан
Мен бүгін аңсап ән салам
Жүректен шыққан жалынды
Арнаймын саған әнімді, барымды.
Әділқазыларға сөз беріліп, жеңімпаз топ анықталады.

Жеңімпаз топпен «Сиқырлы сандық» супер ойыны ойналады. Шарты: егер жеңімпаз топ осы сайыста жауап бере алмаса, онда бүгінгі ойында жеңілген топ жеңіс шыңына жеткен болып саналады. Ал егер жауап берсе, онда сандықтың ішіндегі затты да иеленіп, бүгінгі ойынның жеңімпазы дәл осы топ болып табылады.

Сұрақ: Кейінгі кезде қазақ жері табиғат сұлулығынан айтылғандай. Қазақстанның экологиялық жағдайға ұшырауы, кешегі Абай атамыздың жүрген жерінің астан - кестең шығуы кімге болса да ауыр тиері рас. Қаншама кемтар сәбилердің дүниеге келуі, адам өміріне зиянды аурулардың таралуы да осынау экологиядан.
Экология
Бөтен сөз
Бір туғаның бірақ та
Білгенге бұл көсем сөз
Мәңгі қалар құлақта
Экология - өмірдің
Соғып тұрған жүрегі.

Қандай мәселе болмасын оны шешетін жолдар болатыны анық. Олай болса, осы бүгінгі аталған экологиялық мәселелерді шешетін ең қажетті, басты мәселенің құралы.(Ақша)
Табиғатты ұқсатып мәпелейік
Барды сақтап, мәртебе әперейік
Келер ұрпақ мәз болсын ісімізге
Жалғастырсын күш қосып күшімізге
Табиғатты қорғайық, аянбайық!
28 681
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар...
Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар...
Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Бақытты сәт интеллектуалдық ойыны
Бақытты сәт интеллектуалдық ойыны
Оқушылардың бойындағы мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілікті одан әрі дамыту, оны әрқашан құрметтеуге баулу. Оқушылардың білім деңгейін байқау. Өз отбасын, Отанын сүйіп, әдепті болуына бағыт - бағдар беру.
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Бақытты сәт (интеллектуалдық ойын)
Балқаш қаласы, М. Горький атындағы №1 орта мектеп Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: Сейткалиева Нұрзия Несипбекқызы
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Ана мен бала сайысы
Ана мен бала сайысы
Халықтық педагогиканы насихаттау, мақал – мәтелдер арқылы тілдік қорын дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×