Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып алаң

18 қазан 2013, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Туған жер ғажаптары. «Ғажайып алаң» интеллектуалды ойын - сабақ.
(3 сыныпқа арналған «Өзін – өзі тану» сабағы)
Мақсаты: Балалардың «Отан», «Туған жер» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
- туған ел, туған жердің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- туған жерге қамқоршылық жасай білу іскерліктерін дамыту;
- туған жерін сүюге, қадірлеуге, әдемілікке тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: Сөз жасырылған ұяшықтар. Туған жер туралы суреттер, слайдтар, видеороликтер.
Шаттық шеңбері:
Туған ел
Сөзін жазған Ә. Сарсенбаев
Әнін жазған Л. Хамиди
Сүйікті туған ел, -------------------- Қойнынан жұпардай
Шарықтап өсе бер! --------------- Аңқылдай ескен жел,
Ардақты ата – ана ----------------- Гүлденіп, көркейіп,
Азаттық күресте ------------------- Өсе бер, өсе бер!
Шынығып өскен ел. -------------- Сүйікті туған ел,
Гүлденіп, көркейіп, --------------- Бауырында айдын көл.
Өсе бер, өсе бер! ------------------ Жаhанда сендей бір,
Сүйікті туған ел, -------------------- Мақтауға тұрарлық,
Көк майса, көркем бел. --------- Сүйкімді бар ма жер?
Көңілді көтере ---------------------- Гүлденіп, көркейіп,
Өсе бер, өсе бер!

Әңгімелесу
- Балалар, алдыңғы сабақта біз туған елдің ғажап жерлері туралы әңгімелескен болатынбыз.
- Сендер өз еліміздің ғажап, көрікті аты аңызға айналған жерлерін бейнетаспадан тамашаладыңдар. Ал ол жерлердің сұлулығымен көркінің ұзақ сақталуына адамдардың қамқорлығы аса қажет екенін түсіндіңдер. --- Осы тақырыпты бүгін де жалғастырамыз.

Мәтінмен жұмыс
Армысың, Алатау
Қ. Толыбаев
Тапсырмалар: (әңгіменің ішінде кездесетін тау, әңгімеде кездесін жоталар туралы сұрақтар)
«Отан» атты 1 топқа берілетін тапсырма:
1. Әңгімеде кездесетін Қазақстанда орналасқан тау (Алатау)
1 тур мүшелерін шығарып салайық, жеңімпазымызбен ақтық мәреде кездескенше...
«Туған жер» атты 2 топқа берілетін тапсырма:
2. Ғафу Қайырбековтің «Туған, жер – алтын бесік, асыл...» (ана) деген дана сөзінің жалғасын тап.
2 турда жеңген ойыншыларымызды шығарып салайық
«Құндылық» тобын ортаға шақырайық.
Сендерге берілетін тапсырма мынадай:
3. Бұл қандай ән? Үнтаспадан Е. Хасанғалиевтің «.......» әні жіберіледі. (Атамекен)
Ақтық мәреге жеткен ойыншыларымызға берілетін тапсырмамыз:
1. «Армысың Алатау» әңгімесінде Баланың атасы не деген өсиет қалдырды? (Алатауға сәлем бер)

Сабақты қорытындылау:
- Балалар, ақын ағамыз өзі туған жерін алтын бесікке, аяулы анасына теңейді. Өйткені туған жер әрбір бала дүниеге келген кезде өз қойнына алып, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана. Анамыздан біз сұлулық пен тазалықты, әдемілік пен дарқандықты, кеңдікті үйреніп келеміз.
- Олай болса, анамыздай болған туған жерімізді сүю, құрметтеу, оған қамқорлық жасау – біздің парызымыз.
Бүгінгі сабақты қоржында берілген сөздерді пайдаланып түйіндейді.
Жүректен жүрекке
Балалар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрып, қол ұстасып «Туған ел» әнін бірге орындайды.
9 058
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім Д. Әбілев
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім, Туған тілім - анам тілі - өз тілім.
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Туған жерімді сүйемін
Туған жерімді сүйемін
Балалар, тамаша жырларыңа мың алғыс! Ал қанекей, сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп алайық (балалар 3 топқа бөлінеді) енді әр топқа арналған орындарға жайғасайық.
Туған жердің киесі
Туған жердің киесі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный аулының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Туған жерге сүйіспеншілік
Туған жерге сүйіспеншілік
Байқоңыр қаласы, Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы №14 бастауыш мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Мұхамедқалиева Сымбат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×