Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Туған жерімді сүйемін

27 наурыз 2016, Жексенбі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,
№7 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Чунгулова Амангүл

Өзін-өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Туған жерімді сүйемін
Сабақтың мақсаты: «Отан», «сүйіспеншілік», «туған жер» құндылықтарының маңыздылығын түсіндіру.
Міндеттері:
- Отан, сүйіспеншілік, туған жер туралы түсініктерін кеңейту;
- Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: дәптер, қаламыздың суреттері, түрлі түсті қарындаштар.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші Е. Ерботиннің «Туған жер» өлеңінің бір шумағын балалармен бірге қайталайды.
Туған жер
Е. Ерботин
Төскейден жел еседі,
Төбемнен бұлт көшеді.
Туған жерім мен үшін
Көк майсасын төседі.
Тәрбиеші: Балалар, тамаша жырларыңа мың алғыс! Ал қанекей, сабағымызды бастамас бұрын 3 топқа бөлініп алайық (балалар 3 топқа бөлінеді) енді әр топқа арналған орындарға жайғасайық.
Балалар орындарына жайғасады.
Тәрбиеші: Достар, мен сендерге сұрақтар қояйын. соған жауап тапсаңдар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын да тапқан боласыңдар. келістік пе?
Балалар: Иә!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Сұрақтарды қойып отырып, «Кім шапшаң?» деген ойын ойнаймыз. қай топ бірінші болып жауап берсе сол топ өзіне ұпай жинайды.
Топтарға арналған сұрақтар:
- Біздің ең жақын адамымыз кім?
- Біз мектептен қайтқан кезде қайда барамыз?
- Біздің қаламыз қалай аталады?
- Ал, біздің президентіміздің аты кім?
- Біздің туымыздың түсі қандай?
- Біз қай мемлекетте тұрамыз?
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар! Біздің мемлекетіміздің аты – Қазақстан. Қазақстан бәріміздің туған жеріміз. Бұл елде біз тудық, өсіп жатырмыз, мектепке де барамыз. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Туған жерімді сүйемін» деп аталады.
Біз туған жерімізді сүюге міндеттіміз.
Тәрбиеші сұраққа жақсы жауап берген балалардың қолына жұлдызшалар ұсынады.
Әңгімелеу
Тәрбиеші балаларға Р. Әбілқадырованың «Туған жер туы» әңгімесінен үзінді оқып береді, әңгіме желісі бойынша сұрақтар қояды.
Дәйексөз: «Туған жер – алтын бесік»
Тәрбиеші тақтадағы дәйексөз жазылған плакатқа балалардың назарын аударады.
Әркімге өзінің туып өскен жері, оның сылдырлап аққан суы, биік таулары, ағаштары, хош иісті гүлдері де ыстық. Сондықтан әркім өзінің туған жеріне деген махаббатын, Отанына сүйіспеншілігін, мақтанышын, түрлі жолдармен білдіреді. Ақын - жазушыларымыз туған жердің сұлу табиғатын, байлығын жырласа, суретшілеріміз суретін салады.
Ойын. «Мен суретші боламын»
Тәрбиеші тақтаға 3 топтан 1 балаға арналған магнитті тақта әзірлейді. Үстелдің үстіне қаламыздың әсем жерлері бейнеленген сурет қиындыларын қояды. Қалған оқушылар дәптерге қаламыздың әсем жерлерін бейнелейді.
Тәрбиеші ойынға белсене қатысқан балалардың қолына жұлдызшалар ұсынады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар! Міне сендер өз қалаларыңды қатты жақсы көретіндеріңді, жақсы таныс екендеріңді таныттыңдар. Осы арқылы сендердің туған қалаларыңа деген ыстық махаббаттарыңды түсінуге болады және суретті де өте тамаша салады екенсіңдер!
Балалар орындарына қайта жайғасады.
Тәрбиеші: Балалар, Туған жер, Отан туралы кім тақпақ біледі?
1 - оқушы:
Отан менің – жүрегім,
Отан менің – тірегім.
Отан менің – отбасым
Отанымды ойлап жүремін.

2 - оқушы:
Отан менің ата - анам,
Отан – досым, бауырым.
Отан өлкем – Астанам,
Отан туған ауылым.

3 - оқушы:
Жаса, жаса, Астанам,
Өркен жая бастаған.
Болашақтың есігін
Оң қолыңмен аш маған.
Ғажайып сөздер
Балалар сабақта айтып, үйренген өнегелі сөздерді қайталап айтады.
- Туған жерімді сүйемін.
- Туған жерге қамқормын.
Қорытындылау
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, туған жер бұл біздің туып өскен жеріміз. Біз бүгін Туған жер туралы әңгімелестік. Отанды, туған жерді қадірлеу керектігін түсіндік.
Топпен ән айту.
Ендеше Ескендір Хасанғалиев атамыздың «Атамекен» әні.
7 595
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен Отанымды сүйемін
Мен Отанымды сүйемін
Отан туралы түсініктерін кенейту, патриоттық сезімдерін дамыту. Отанын сүюге тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Туған жердің киесі
Туған жердің киесі
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, Изобильный аулының орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Даирова Ғалия Жетпісқызы
Туған жер туралы ой
Туған жер туралы ой
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Опорный орта мектебінің 7 «а» сынып оқушысыЖұмалиева Шаттық
Ғажайып алаң
Ғажайып алаң
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №18 орта мектеп Адильгереева Жания Наурызбайқызы
Туған жерге сүйіспеншілік
Туған жерге сүйіспеншілік
Байқоңыр қаласы, Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы №14 бастауыш мектебінің 2 «Б» сынып оқушысы Мұхамедқалиева Сымбат
«Туған жерім – Қазақстан»
«Туған жерім – Қазақстан»
«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ Мектепалды даярлық тобы Тәрбиеші: Естекова Ж.С
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×