Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық махаббатына бөленген қаламгер

06 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Халық махаббатына бөленген қаламгер»
Жазушы Зейнолла Шүкіровтің «Жас жесір» повесі бойынша оқырмандар конференциясы.

Мақсаты: Халық махаббатына бөленген қаламгер Зейнолла Шүкіровтің «Жас жесір» повесі бойынша оқырман оқушылармен ой бөлісу.
Көрнекілігі: Зейнолла Шүкіров суреті, бүктеме, кітап бұрышы Зейнолла өмірі мен шығармашылығына арналған кесте.

Дәйекті сөздер:
1. «Зейнолла – талант. Шын талант, ауыр бейнеттің, адам айтқысыз ауыр азаптың барлығына төтеп бере жүріп, екі аяғы еркін басуға жарамай сексеуілше сірессе де, жіпсіз байланып отбасынан шыға алмай үй күшік атанған жоқ.. Сыр бойындағы еңбеккерлердің сағына күтер ақын - мейманына айналды.»

М. Әлімбаев
2. « Талант дарын бар болса да сүйегінде,
Жан тұрса да шыққалы иегінде,
Дарын талант, өмірге есік ашып,
Келе жатсың ілгері батыл басып»
(А. Тоқмағанбетов)

3. Зейнолланың «Жас жесір» повесінде шиыршық атқан оқиғалар мен татымды тұлғалар, қызықты характерлер бар.
(Ә. Жәмішов)

4. «Жас жесір» повесінің қаһармандарын қайғы - мұңға батырып, ойланып - толғануға мәжбүр ететін, өмірдің барлық тартыс - таласын күрделі күйінде көрсететін шағын повест болса да психологиялық дәлдікпен, композициясын шебер суреттеген.
(Ш. Елукенов)
5. Халық махаббатына бөленген қаламгер.
(Т. Абылаев)

Оқырмандар конференциясының бағдарламасы
І. Салтанатты ашылуы.
ІІ. Зейнолла Шүкіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама.
Баяндамашы: Балпашова Ж
ІІІ. «Жас жесір» повесі туралы қысқаша шолу түсінік
Баяндамашы: Сариева Ш
ІV. «Жас жесір» повесі бойынша оқырмандармен талқыланатын сұрақтар.
1. Повестің өмірдің күрделі құбылысын ой - таразысына салудағы мақсаты мен тәрбиелеудегі мәні неде?
2. Повестің бас кейіпкері Анар тағдыры сізді қалай толғантады?
3. Анардың енесі Айымкүл – «Жалғыз ғана тілегім, адам деген атқа кір келтірме» дегенін қалай бағалайсыз?
4. Повестегі өмірдің қызығы да, ар тазалығымен адалдығына, адамгершілігіне деген ұғымды қалай түсінесің?
5. Автор туралы және осы шығарма туралы сіздің пікіріңіз.
V. «Ғазиз жүрек» атты кітап көрмесіне библиографиалық шолу.

І. Халық махаббатына бөленген қаламгер, қайсар жазушы Зейнолла Шүкіровтің «Жас жесір» повесі бойынша ой бөлісуге жиналып отырмыз.
Көркем әдебиет адамды тәрбиелеуге міндетті, бұл оның басты қасиеті екендігінде дау жоқ. Зейнолла Шүкіровтің «Жас жесір» повесін оқыған кісі автордың айтқанына тек бас изеп қоя алмайды, ойланып, толғанады. Кей жерде жазушымен таласқа түсуге дейін барады.

Повестегі оқиғаларды психологиялық дәлдікпен суреттеген автор шағын повестің композициясын шебер құрап, бар әңгімені Анардың өз үйінен екі рет кетуіне сыйғыза білген.

Зейнолла Шүкіровтің повесі маңызды проблеманы шешуге арналған. Әдептілік, адамгершілік талабының өсуі қазіргі заманымыздың нақты заңына айналып отыр. Повесте қаһармандар өмірінің қоғамдық жағы көмескілеу көрсетілгенмен, мұның өзі олардың бейнесін толығырақ тануға бөгет болғанмен, бұл туынды қазіргі қазақ әдебиетіндегі жағымды құбылыс санатына жатады.

ІІ. Зейнолланың өмірі мен шығармашылығы.
Зейнолла Шүкіров 1927ж. 16 ақпанда Қызылорда обылысы, Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Ол 4 сыныпта оқып жүргенде жазатайым түйеден құлап, майып болады. Өз аяғымен жер басып туған ел топырағының жылуын табанымен сезе алмас халге душар болады.

Төсек тартып жатқанымен, мүгедек халіне ерлікпен төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алады. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнады. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей ондаған кітаптар ұсынды.

Ең алғаш «Менің дауысым» деген өлеңін облыстық газетке жібереді. Ол өлеңі басылып шыққасын қуанышы қойнына сыймай, жігеріне жігер қосылып, жазған үстіне жаза түседі. 1952 ж. Республикалық «Жұлдыз» журналынан «Достарым»атты поэмасы жарық көреді. Содан кейін - ақ алыстағы оқырмандардан шығармашылық табыс тілеген хаттар көптеп келе бастады.
Шіркін дүние біреуге бақыт, біреуге шабыт бере отырып, бір жағынан шалып отыратын тағдырға не дерсің? Бір күні «Жығылғанға жұдырық»дегендей Зейнолланың оң көзі көрмей қалады. Сонда да ақын жазған үстіне жаза береді.

Сол жылдары «Теңіз толқындары», «Құрыш қазақ», «Тоғысқан тағдырлар» т. б көптеген поэзия тақырыбына жазған топтама өлеңдері жарық көреді.
1955ж. ЗЕЙНОЛЛА Шүкіров Қазақстан жазушылар одағына мүше болады. Кейін өмір сырын, адамгершілікті, адал махаббатпен шынайы сезімді суреттейтін 1960 – 70 ж. аралығында «Теңіз жыры», «Арал дәптері», «Жүрекке әмір жүрмейді», «Сырлы дүние хикаясы», «Ізгілік іздер», «Жас жесір» повесі жарық көреді. 1971 - 77ж. аралығында «Сағыныш», «Адам – Жер – Ана», «Қиын түйін», «Сарша тамыз», «Таңдамалы өлеңдері мен поэмалары», «Өткелдер» романы жарық көрді.
1977ж. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталады. Бірқатар өлеңдері мен дастандары орыс тіліне аударылды.

1979ж. 26 ақпанда ақиық ақын, жазушы Зейнолла Шүкіров 52 жасында қайтыс болады.
1982 - 83ж. «Ғажайып құмыра», «Қиын түйін», повесі «Отты өткелдер», «Жанқожа» романы қайта басылып шықты. 1998ж. Қызылорда қаласы «Тұран» баспасынан тарихи ұлы шығармасы «Сыр бойы» кітабы жарық көрді.
З. Шүкіров шығармалары шет ел халықтары тілдеріне аударылған.
Ол орыс ақыны Федор Тютчевтің шығармаларын қазақ тіліне аударған.

ІІІ. «Жас жесір» туралы қысқаша шолу баяндама
ІV. «Жас жесір» повесі бойынша оқырмандармен талқыланатын сұрақтар

1. Повестің бас кейіпкері Анар тағдыры сізді қалай толғантады?
Повестегі Анар тағдыры әсерлі бейне. Оның асыл жары Нұрманға деген кіршіксіз ыстық махаббаты. Әттең соғыс болмағанда Анар сияқты аяулы жар ақ махаббатын сынға түсірер ме еді? Кішкентай Нұртай жәутеңдеп қалар ма еді?
- Анардың өзінің жастығы
- Шешесі Кәріпжамалдың «өлген артынан өлмек жоқ, теңіңді тап, ертең өкінесің»- деген анасының сөзі қамшы болады.
Сол тұрғыда сіздер не айтар едіңіздер?

2. Анардың енесі Айымкүл – «Жалғыз ғана тілегім, адам деген атқа кір келтірме» дегенін қалай бағалайсыз?
Повестегі Нұрманның анасы Айымкүл әжей бейнесімен қазақ ауылының данагөй қарияларының тұлғасы жасалған. Оның әр сөзінде, істелген тірлігінде төзімділік пен ақылдылықтың үлгісі бар. Осы тұрғыдан сіздің қосатын пікіріңіз?

3. Повестегі өмірдің қызығы, ар тазалығы мен адамгершілік деген ұстанымды сіз қалай ойлайсыз?
Анарды азып - тозудан қалай құтқаруға болады?
Оның адамгершілік қасиеттері бойында сақтап қалу үшін не істеу керек?
Автор міне осы мәселені алдыға қояды. Адам қанша қиыншылық көрсе де, адам қалпында қалу керек. Қиыншылыққа төзе, жеңе білу керек.
Сіздердің ойларыңыз?

4. Автор және осы шығарма жайлы сіздің пікіріңіз?
Автор бұл повест маңызды проблемаларды шеше отырып, кейіпкерлердің бойындағы жағымды, жағымсыз мінездері, оның басқа кейіпкерлермен қарым - қатынасы көмескілеу көрсетілгенмен, бейнесін толық таныта білген. Сондықтан бұндай туындылар өмірді шексіз сүйіп, қадірлейтін, оның сыр - сымбатының түп мәтінін түсінетінін адамның ғана қаламынан туындайтын болар дегім келеді.

5. Зейнолла Шүкіровтің «Жас жесір» повесі арқылы күрделі құбылысын ой таразысына салудағы мақсаты, тәрбиелік мәні неде?
Зейнолла Шүкіров «Жас жесір» повесі арқылы біз өмірдің көркі де, қызығы да, ар тазалығы мен адамдықта, адамгершілікте, дәлірек айтқанда адам бола білуге тәрбиелейтінін осы шығарма барысында байқаймыз.
Осы тұрғыда сіздің пікіріңіз?
Міне, осындай қыруар дүниелерді автор аурумен арпалысып жазды. Ол жар сүйген жоқ.. Ол перзент сүйген жоқ. Өмірге періште болып келіп, өмірден 52 жасында періште болып өтті.
Ал шындап келгенде ше?!
Шындап келгенде, бұл – аяулы азаматтың тағдыры!
Шындап келгенде, бұл – күрескердің тағдыры!
Шындап келгенде, ол – көзі тірісінде көркем шығармалардың бас қаһарманы атанған жігіт тағдыры!
Шындап келгенде, ол – қоғамдық белсенділігімен көзге түскен комсомолец, коммунист тағдыры!
Шындап келгенде, ол – талантты ақынның тағдыры!
Шындап келгенде, ол – талайдың талабын қолдап, талантын ашқан ұстаз аға тағдыры!
Шындап келгенде, ол – қазақтың «Корчагині» атанған құрыш қазақ тағдыры!
7 027
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Арпалыс З. Шүкіров
Арпалыс З. Шүкіров
Мәтін мазмұнымен таныстыру. Жүйелі сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға, топта жұмыс жасауға қалыптастыру. Шыдамдылыққа, жауапкершілікке, қамқор болуға тәрбиелеу
«Бір жұлдыз боп жанам мен,...» (З. Шүкіровтің шығармаларынан)
«Бір жұлдыз боп жанам мен,...» (З. Шүкіровтің шығармаларынан)
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Құланды елді мекені, №77 орта мектебінің өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Абылаева Жамила
Зейнолла Шүкіров. Ақша қар
Зейнолла Шүкіров. Ақша қар
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі. Бастауыш сынып мұғалімі: Базарова Ақмарал Қайыржанқызы
Ұлы тұлға - Зейнолла
Ұлы тұлға - Зейнолла
Қызылорда облысы, Мәншүк Мәметова атындағы гуманитарлық колледж студенті Анапияева Салтанат
"Бөгеннен ұшқан бұлбұл" Зейнолла Шүкіров
"Бөгеннен ұшқан бұлбұл" Зейнолла Шүкіров
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, №24 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Мамбетжанова Бақыткүл Алдоңғарқызы
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
Зейнолла Шүкіров шығармаларын сыныптан тыс оқыту
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Жанқожа батыр ауылы №94 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Альмаханова Патима
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×