Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Арпалыс З. Шүкіров

31 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,
Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп – лицейдің
бастауыш сынып мұғалімі Досжанова Гүлдәрі Бақытжанқызы

Әдебиеттік оқу 3 сынып
Сабақтың тақырыбы: Арпалыс З. Шүкіров
Жалпы мақсаты: Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстыру. Жүйелі сөйлеуге, өз ойын ашық айтуға, топта жұмыс жасауға қалыптастыру. Шыдамдылыққа, жауапкершілікке, қамқор болуға тәрбиелеу
Күтілетін нәтиже: Мәтінді оқи отырып, екі баланың ерлігін әңгімелейді
Негізгі идеялар
Тапсырмалар: «Ненің ізі?» ойыны Сөздік жұмыс
Топтық, жұптық, жеке жұмыс. АКТ. «Ыстық орындық» әдісі. «Аквариум»

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
«Шаттық шеңберіне» шақыру
Сәлем саған күн нұры,
Сәлем саған жер - ана.
Сәлем саған достарым,
Сәлеметсіз бе мұғалім!
- Балалар бір - біріне жылы лебізді тілектер айтады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Ой қозғау»
«Ненің ізі?» ойыны

ІІІ. Мағынаны тану
Топпен жұмыс. Қыс айларын атау арқылы сыныпты 3 топқа бөлу
1 - топ «Желтоқсан» айы
2 - топ «Қаңтар» айы
3 - топ «Ақпан» айы
Жұмбақтар шешу:
1. Қыс та бар да, жазда жоқ.
2. Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.

Дара тұлға – Зейнолла
Зейнолла Шүкіров бала кезінде түйеден құлап, соның кесірінен қатты науқастанады. Мүгедектік халіне өзін жеңдірмей, өмірінің соңына дейін қолынан қаламын тастамаған жа - зушының тағдыры бәрімізге үлгі боларлықтай. Сөздің шыны керек, бүгінгі таңда Зейнолла атамызды білетіндер санынан білмейтіндер саны көп - ақ! Бірінші курс оқып жүргенімде кі - тапханашыдан Зейнолла Шүкіровтің кітабын сұрағаным есімде. Кітапханада автордың бір де бір еңбегі болмай шықты, ал кітапханашыға бұл есім жат болып естілгендей... Егер осы ма - қала арқылы бір адам болса да Зейнолла Шүкіров есімін танып, сол кісі жайлы кішкене болса ақпарат алса, мен үшін ол үлкен жетістік болар еді.

Зейнолла Шүкіров атамыз 1927 жылдың 16 ақпанында Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылында дүниеге келген. Екінші сыныпты аяқтаған жылы ол ауыр науқастанып, өз бетінше білім алады. Ақындық пен жазушылықты қатар ала жүріп, сан түрлі тақырыптардағы туындыларын өскелең ұрпаққа, яғни бізге мұра етіп қалдырған. Ол 1977 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады. «Менің достарым» атты алғашқы жинағы 1955 жылы жарыққа шыққан. Кейін өмір сырын, адамгершілікті, адал махаббатты суреттейтін «Теңіз жыры» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Алау» (1966), «Сағыныш» (1970), «Адам - Жер - Ана» (1974), т. б. өлең кітаптары, «Тоғысқан тағдырлар» (1961), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Ғажайып құмыра» (1965, 1982), «Сырлы дүние» хикаялары (1966), «Ізгілік іздер» (1967), «Жас жесір» (1969), «Қиын түйін» (1973) повестері мен «Өткелдер» (1983) атты романы жарық көрді.

Ә) Бөлім бойынша бөліп беру Бөлімдерге ат қою.

І т. 1 - інші бөлім Ызғырық жел
ІІ т 2 - інші бөлім Қайратты ауылға қайтару
ІІІ т. 3 - інші бөлім Шынығып, ширыққан Бақтыбай

Б) Топтық жұмыс
І топ Әңгіме неге «Арпалыс» деп аталған?
ІІ топ Ағалы - інілі балалар неліктен боранда қалып қойды?
ІІІ топ Әңгімеден не түйдің?

В) Жеке жұмыс Ситуациялық сұрақ
Егер сен осы балалардың орнында болып, боранда қалып қойсаң не істер едің? Әр баланың ойын білу.

Г) Жұптық жұмыс
«Ненің ізі» ойыны Екеу ара аңдардың, төрт түліктің іздерін таратып беру. Оқушылар жұбында талдай отырып табады.

«Ыстық орындық» әдісі арқылы мәтінді қорытындылау
Жеке жұмыс
Бақылау жасау

V. Рефлексия. Кері байланыс
Бүгінгі сабақта менің жақсы меңгергенім.....
Меніңше мен........ орындай алмадым, өйткені....
Мадақтау. Бағдаршам арқылы. Топтық бағалау. Екі жұлдыз, бір тілек.

Кейінгі оқу «Арпалыс» мәтінді мазмұндау
5 509
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Өзім туралы. Сәлем саған мектебім! Сөйлеу.
Сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдайды. Анық сөйлеу арқылы, тақырыпты талқылайды.
Ақ қыс
Ақ қыс
Мәтін мазмұнымен таныса отырып, мәтіндегі негізгі идеяны ашу, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқушыны ізденуге жетелеу. Жауапкершілікті сезінетін өнерлі тұлғаны тәрбиелеу.
З. Шүкіров «Арпалыс»
З. Шүкіров «Арпалыс»
Сөздік жұмыс: арпалыс - табиғаттағы қиындықпен күресу, ықтау - боран тимейтін жерге паналау. ақтүтек - қарды оңды - солды ұшырған қатты боран.
Шаттық шеңбер жинағы
Шаттық шеңбер жинағы
Шуақ шаша алтын таңда, Мөлдір таза ауада. Табиғаттың бәрі оянады. Қайырлы таң балалар! Сәлем бердім саған елім! Тал бесігім туған жерім. Сәлем бердім бәріңізге!
Қыс келбеті
Қыс келбеті
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Амантаева Найля Сейткалиевна
Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
Сырым Датұлы бастаған ұлт - азаттық қозғалыс
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Қарғалы ауылы, №241 Қ. Әбдіқадыров атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Құдиярова Зада
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×