Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоршаған орта мен адам денсаулығы

12 желтоқсан 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының мақсаты: Қоршаған орта мен адам денсаулығы туралы түсінік беру, дүние тану пәнінен алған білімдерін жүйелеу.
Табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие негіздерін қалыптастыру.
Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: хаттар, қағаздан қиылған үйлер.

Өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Психологиялық дайындық
«Мен қандаймын»
Дамира - ақылдымын
Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау - не көрдік? Табиғат нешеге бөлінеді
Мағынаны тану

Табиғат ол бізді қоршаған орта аспан, ай, жұлдыз, ауа, күн, өзен, көл, тау, тас, жарық.
Табиғат - байлықтың көзі.
Адам мен табиғат әрқашан егіз. Табиғат асыраушың, қамқоршың. Ата - бабамыз «Жер - қазына, су – алтын, мал - байлық» деп тегін айтпаған. Күнделікті оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, ауырғанда ішетін дәріміз, ішіп жүрген тағамымыз, ішер суымыз, тыныс алар ауамыз - осылардың бәрі табиғаттың сыйы.
Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына ешуақытта зиян тигізбеген.
Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қатысты заттарды киелі деп қастерлейді.
Табиғатта үнемі өзгерістер болып тұрады: ағаш жапырақтары сарғайып түседі, өзендерде мұз қатады, қар жауады. Бұл табиғат құбылыстары жыл мезгілдеріне байланысты болады.
Су, құс, өсімдіктер туралы оқып беру.
Сурет бойынша әңгімелеу.
Оқушыларға суреттер беріледі сол бойынша әңгімелейді.
1. Адамдар табиғатқа қандай зиян келтіреді?
2. Адамдар табиғатты қалай қорғайды, күтеді?
Суреттер арқылы топтастырады.

Ойын «Почта»
Оқушыларға сұрақ жазылған парақшалар таратылады. Тақтада жауабы жазылған үйлер тұрады. Оқушылар сәйкес хаттарды үйлерге таратуы керек.

1 - хат. Адам өміріне не қажет? (жарық, ауа, су, жылу)
2 - хат. Адам өзіне қажетті жағдайларды қайдан алады? (табиғаттан)
3 - хат. Тірі табиғатты ата. (адам, жануар, өсімдік)
4 - хат. Өсімдік өсу үшін не керек? (топырақ, су, ауа, жылу)

Тыйым сөздер оқыту
Құстың ұясын бұзба.
Жануарларды ұрып - соғып жәбірлеме.
«көктей соласың» деп жамандыққа жорып көкті жұлғызбайды.
«Киелі құс» деп аққуды атқызбайды.
Адамдар табиғатты анаға теңеген. Табиғат мейірімді ана сияқты, өзіңдегі барды адамға, жан - жануарларға береді.
Топшамалар арқылы тапсырмалар беру.
1 - оқушы. Суретті боя. ненің суреті?
2 - оқушы. Жыртқыш аңдардың атын жаз.
3 - оқушы. Тірі табиғатқа жататындарды қорша.
4 - оқушы. Семантикалық карта

Көкөністер мен жемістер --------- Бақта өседі ----------- Бақшада өседі
Алма
Картоп
Сәбіз
Жүзім
Алмұрт
Қарбыз

Ел ішінде кең тараған халық болжамдары.
«Жаз жауынды, күз жылы болса, қыс ұзақ болады»
«Мысық жылы жерді паналаса - аяз болады»
«Қыс аязды болса, жаз ыстық болады»
«Аспанда жұлдыз көп болса, күн жылы болады»
«Құстар жоғары ұшса күн суытады, төмен ұшса күн жылы болады»
«Ұзақ дейтін құстың бір түрі бар, ол келсе қыс аяғы ұзаққа бармайды»

Ой толғаныс
Сәйкестендіру.
Қайсысы нені жақсы көреді? -------- Қайсысы неге жатады?
Қоян шөп ---------------------------------- Түлкі ---------------------------Құс
Аю жаңғақ -------------------------------- Қасқыр
Сиыр сүйек ------------------------------- Торғай --------------------------Жануар
Тиін бал ------------------------------------------------------------------------ Жусан
Ит алма ------------------------------------ Тоқылдақ ---------------------Өсімдік
Кірпі сәбіз --------------------------------------------------------------------- Ағаш

Ой шақыру
1. Табиғат нешеге бөлінеді?
2. Туған жеріңнің табиғатын қалай қорғайсың?
3. Құстарға қалай қамқорлық жасайсың?
4. су туралы не білесің?

Қорытынды.
Табиғат байлықтарын қорғай білу – азаматтық борыш. Табиғатты аялап, сүйе білейік.
Әрбір адам табиғатты қорғауға және сақтауға міндетті. Ағаш егеміз, көкті жұлмаймыз, туған ауылымыздың табиғатын қорғайық.
10 488
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы атты ашық тәрбие сағаты
Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы атты ашық тәрбие сағаты
5 маусым - Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы
Біз – табиғат қорғаны
Біз – табиғат қорғаны
Табиғат адамзаттың асыраушысы, еңбек етіп өмір сүретін ортасы екенін түсіндіру. Табиғат, Жер - ана, Туған жер, Атамекенін сүйіп, аялай білу, перзенттік борышын орындауға үйрету. Туған жер табиғатының әсемдігін сақтауға, сүюге, қоршаған ортаны
Табиғатым - тал бесігім
Табиғатым - тал бесігім
Адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру
Табиғатым – тал бесігім
Табиғатым – тал бесігім
Тақырыбы: Табиғатым – тал бесігім
Күзгі табиғат көрінісі
Күзгі табиғат көрінісі
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласындағы Өнер мектебінің мұғалімі Адамиянова Сағат Советқызы
Табиғатты аялайық қорғайық
Табиғатты аялайық қорғайық
Атырау қаласы, Дамбы селосы, № 23 «Ынтымақ» балабақшасы әдіскер Ищанова Айтбике Махыбиденқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×