Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы атты ашық тәрбие сағаты

03 маусым 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
5 маусым - Бүкіл әлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған тәрбие сағатының іс-шарасы
Тақырыбы: «Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы» атты ашық тәрбие сағаты
Мақсаты:
1. Оқушыларға адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету;
2. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру;
3. Туған жердің табиғатын аялауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге үйрету, экологиялық тәрбие беру.
Көрнекілігі:
«Жер - қазына, су - алтын, мол байлық», «Табиғат аясы - адамның алтын бесігі» және «Табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні» атты қанатты сөздер мен табиғат жайлы суреттер.

Барысы:
Кіріспе сөз
Мұғалім:
Қымбатты ұстаздар, оқушылар!
Жалпы, табиғат — тіршілік атаулының құтты қоныс - мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні.
Халық ұғымында табиғат деген сөз жер, аң, туған жер, атамекен сөздерімен қатар тұрады. Олай болса, бүгінгі айтар сөзіміз де, шырқар әніміз де табиғат жайлы болмақ.
Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикамыздағы ең күрделі мәселелердің бірі. Міне бүгінгі тәрбие сағатымызда айтылатын мәселеміз осы.

1-жүргізуші:
Құрметті оқушылар бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы: «Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы». Адам мен табиғат егіз. Табиғатты асыраушың, қамқоршың десең де болады. Ата - бабаңның « Жер - қазына, су - алтын, мол байлық» деп өсиет айтып келгені тегіннен тегін емес. Күнделікті ішіп жүрген тамағымыз, үстіміздегі киіміміз, оқитын кітабымыз, жазатын қағазымыз, мінер көлігіміз, ауырғанда пайдаланатын дәріміз, тыныс алар ауамыз, ішер суымыз – осылардың бәрі жомарт табиғаттың берген сыйы.

2-жүргізуші:
Ал қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттеріміздің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. Жер шарында жыл сайын шамамен 10 - 15 милион гектар орман жойылады екен.

3-жүргізуші:
Ұзақ жылдар бойы қалыптасқан солақай саясат Қазақстан табиғатын да сұрықсыз күйге түсірді. Жер бетінен жойылып бара жатқан Арал теңізі мен қырық жыл бойы үздіксіз сынаудан көкірегі қарсы айрылған қасиетті Семей жерінің аянышты хәлі осының айғағы.

4-жүргізуші:
«Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп тәрбиелеуді отбасы, ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегімен аң құсын аялау, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір жанның азаматтық борышы.

1-оқушы
Ну орман, жасыл орман, мынау орман,
Далаға қорған болып тұра қалған.
Барлығы баласындай бір - ақ үйдің,
Барлығы жаралғандай бір адамнан.
О, құдірет, неткен шалқар күй ең сен,
Бүгін менің түседі жиі еңсем.

2-оқушы
Осылай да ойланып қой, адамдар,
Жығылмайсың орманыңа жүгінсең
Табиғат әсемдіктің төркінісің,
Ән саламыз бір сенің көркің үшін.
Жан - жануар табынып бір өзіңе,
Сенен асып тұрғандай бар тынысын

3-оқушы
Табиғат - сұлу мекенім,
Өзіңді пана етемін.
Саяңда өсіп ер жетіп
Биікке самғап жетемін.

5-оқушы:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ғой сәніміз,
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

6-оқушы
Болсын тек ауа таза, тұнық су
Басылмасын айдын көлде құстың шуы
Төңіректе кесілмесін тал терек
Араша түс табиғатта бәрі керек!

7-оқушы
Тартылмасын теңіз көлдер су алып,
Жарылып жер, өсімдіктер қуарып.
Қолда барда қадір тұтып сақтайық
Жаратқанның бергеніне қуанып.

8-оқушы
Мен сүйем ерікті еркін құсын
Сайратамын төрт бөліп түн ұйқысын.
Мен сүймес дүниеде еш нәрсе жоқ,
Сүйемін табиғаттың барлық күшін.

9-оқушы:
Күн - барлық тіршіліктің құдіретті тірегі.
Жер тіршілікке нәр беріп анамыздай асырап жатыр.
Су - тіршіліктің көзі.
Ауа - өмір тынысы.

Ән орындалады. « Табиғатым»

Көрініс:
Атақты батыр Ханкелді баласы Райымбекті 16 жасқа толғанда «Сәлем беріп батасын алып қайт» деп Төле биге жұмсапты. Төле биге сәлем беріп, елдің сәлем сауқатын жеткізіп, қонақ болған Райымбек аттанар сәтте, дана қартқа мынадай сауал қойыпты.

Райымбек: (оқушы)
Ата!
Жер дегенім немене?
Ел дегенім немене?
Жер сәні деген немене?
Ел сәні деген немене?
Жер құты деген немене?
Жерді не көтереді?
Елді кім көтереді?

Төле би: (оқушы)
Жер дегенің - тіршілік, Ел дегенің - қара халқың,
Жер сәні - ұшқан құс пен жүгірген аңы, аққан суы, жайқалған шалғыны, ну орманы.
Ел сәні - өркендеп өскен ұлы мен қызы.
Жер құты – қойнауындағы кені.
Жерді су көтереді,- деп жауап берген екен.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы,
Сүгір Әліұлы атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Абиш Ақерке Қуандыққызы
Табиғатты қорғау - адамзаттың парызы атты ашық тәрбие сағаты жүктеу
12 168
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Аяласаң, табиғатты аяла
Аяласаң, табиғатты аяла
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Табиғаттағы сұлулықты көре білу, эмоциялық әсер ала білуге, өз ортасында сымбатты да шыныққан тұлға болуға баулу, экологиялық мәдениетті
Біз – табиғат қорғаны
Біз – табиғат қорғаны
Табиғат адамзаттың асыраушысы, еңбек етіп өмір сүретін ортасы екенін түсіндіру. Табиғат, Жер - ана, Туған жер, Атамекенін сүйіп, аялай білу, перзенттік борышын орындауға үйрету. Туған жер табиғатының әсемдігін сақтауға, сүюге, қоршаған ортаны
Табиғатым - тал бесігім
Табиғатым - тал бесігім
Адам мен табиғаттың егіз екенін ұғындыру. Табиғат қазына байлық екенін түсіндіру. Жерді, құрметтеуді, табиғатты қорғауды үйрету. Қоршаған ортаны қорғау, туған елге деген сүйіспеншілігін арттыру
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×